1996 жылғы құрғақшылықтан зиян шеккен Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы тауарларының өндiрушiлерiне жәрдемдесу шаралары туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 5 қыркүйек N 1089

      Биылғы жылғы құрғақшылықтың салдарынан Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының көптеген шаруашылықтарында төтенше жағдай туды. Келеңсiз зардаптарды жою және құрғақшылықтан зиян шеккен ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге жәрдем көрсету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Ауыл шаруашылығы қаржылық қолдаудың мемлекеттiк қоры құрғақшылықтан едәуiр зиян шеккен Ақтөбе облысының Байғанин және Шалқар аудандарының, Батыс Қазақстан облысының Тайпақ, Жалпақтал, Жәнiбек, Казталов және Жаңақала аудандарының шаруашылықтарына мал қыстатуға дайындық және мал қыстату жөнiндегi кезек күттiрмейтiн шараларды өткiзуге тиiсiнше 40 (қырық) және 60 (алпыс) млн. теңгенi шығыстардың жалпы сметасының есебiнен қайтарусыз бөлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi үстiмiздегi жылдың 20 қыркүйегiне дейiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне операциялық шығыстар жөнiндегi берешектi өтеуге республикалық бюджетте 1996 жылға аталған мақсаттар үшiн көзделген қаражат шегiнде қаржы бөлсiн.
      Қазақстан республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi осы қаражаттың ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiне уақтылы жетуiн және оның мақсатқа сай пайдалануын қамтамасыз етсiн.
      3. Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттiк қорының Республикалық ведомствоаралық кеңесi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi Қордың республикалық бюджеттен түсетiн қаражатын бөлген кезде олардың бiрiншi кезекте Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерге жiберiлуiн көздесiн. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi осы мақсат үшiн қажеттi қаржы қаражатын бөлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне Ауыл шаруашылығы министрлiгiмен және Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының өкiмдерiмен бiрлесiп 1996 жылдың 15 қыркүйегiне дейiнгi мерзiмде аталған облыстардың ауыл шаруашылығы тауарларын өндiрушiлерiне кредиттiк ресурстар беру мүмкiндiктерi туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыныстар енгiзу ұсынылсын.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Искров топтық су құбырының Орда ауданының "Құрманғазы" кооперативiне дейiнгi бөлiгiнiң (15 км) құрылысын аяқтау мен оны пайдалануға берудi 1997 жылдың инвестициялық бағдарламасына енгiзу мүмкiндiгiн қарастырсын.
      6. Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясы:
      мемресурстардан Ақтөбе облысының шаруашылықтарына 17,4 мың тонна және Батыс Қазақстан облысының шаруашылықтарына 21,2 мың тонна дәндi дақылдар тұқымын несиеге бөлсiн;
      мемресурстардан Ақтөбе облысының мал шаруашылығын қолдауға
30.0 мың тонна жемдiк астық, оның iшiнде 20.0 мың тоннасын несиеге және 10.0 мың тоннасын ақыға, Батыс Қазақстан облысына 50 мың тонна жемдiк астықты несиеге босатсын.
      7. Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының әкiмдерi:
      астық жинауды, жемшөп дайындауды қамтамасыз ету жөнiнде қосымша шаралар қабылдасын, 1995-1996 жылдарда алынған вексельдер мен несиелер бойынша астықпен есеп айырысу үшiн iшкi резервтердi барынша жұмылдырсын, қысқы кезеңде селоларда мектептердiң, ауруханалардың және басқа да әлеуметтiк-мәдени тұрмыс объектiлерiнiң жұмыс iстеуiне ерекше көңiл бөлсiн, шалғайдағы аудандар халқының азық-түлiк және өнеркәсiп тауарларымен қамтамасыз етiлуiн жеке бақылауына алсын;

     бөлiнген астық ресурстарының тиiмдi пайдаланылуын, 1995-1996
жылдардың вексельдерi бойынша астықпен есеп айырысуды қамтамасыз
етсiн, сондай-ақ 1997 жылдың 1 желтоқсанына дейiнгi мерзiмде барлық
астық несиесiнiң берешегiн өтесiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады