Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының кеден органдарына қызмет өткеруi туралы ереженi және Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының антының мәтiнiн бекiту туралы<*>

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 16 қыркүйек N 1119. Қаулы мен Ереженiң мәтiнiндегi сөздер ауыстырылды - ҚРҮ-нiң 1997.04.02. N 459 қаулысымен. ~P970459 Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2000.08.12. N 1238 қаулысымен. ~P001238

      "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi N 2368 Z952368_ Заң күшi бар Жарлығының 397-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Лауазымды адамдардың Қазақстан Республикасының кеден органдарына қызмет өткеруi туралы Ереже және Қазақстан Республикасының кеден органдары лауазымды адамдарының антының мәтiнi бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi

 

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп бiр ай

мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына Қазақстан

Республикасы Үкiметiнiң бұрын шыққан шешiмдерiн осы қаулыға

сәйкестендiру туралы ұсыныстар енгiзсiн.

     3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi өз

актiлерiн осы қаулыға сәйкестендiретiн болсын.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрi

                                        Қазақстан Республикасы

                                              Үкiметiнiң

                                        1996 жылғы 16 қыркүйектегi

                                          N 1119 қаулысымен

                                             Бекiтiлген


             Қазақстан Республикасы кеден органдарына

            лауазымды адамдардың қызмет өткеруi туралы

                            Ереже



 
       Осы Ереже Қазақстан Республикасы Конституциясына, "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес Қазақстан Республикасы кеден органдары лауазымды адамдарының қызмет өткеруiнiң тәртiбi мен шарттарын анықтайды.
 
                    I. Жалпы ережелер
 
      1. Кеден органдарының басшы құрамының лауазымдарындағы және осы органдардың кадрларындағы қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде өкiмет өкiлдерi болып табылатын, заңдармен және осы Ережемен белгiленген тәртiппен кеден органдары басшы құрамының дербес атақтары берiлген Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасы кеден органдарының лауазымды адамдары болып табылады.
      2. Кеден органдарының, оның iшiнде Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетi орталық аппаратының лауазымды адамдарының жалпы санын Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      3. Кеден органдарының техникалық қызмет көрсетушiлерi кеден органдарының лауазымды адамдарына жатпайды. Мұндай адамдардың тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
      4. Кеден органдары қызметкерлерiнiң және оларға бағынысты ұйымдардың санын бекiтiлген еңбек ақы қорының және өзге қаражат шегiнде Мемлекеттiк кеден комитетiнiң төрағасы белгiлейдi.
      5. Кеден органдарындағы қызмет шыққан тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге қатысына, сенiмiне қарамастан немесе кез келген өзге жағдаяттарға қарай заң алдында өзiн қорғау құқығын қамтамасыз етудiң, теңдiктiң заң принциптерiне сәйкес құрылады.
      6. Кеден органдарындағы қызмет дара басшылық негiзiнде құрылады.
      7. Кеден органдарының лауазымды адамдарының құқықтық ережесi Қазақстан Республикасының заңдарымен айқындалады.
      8. Кеден органдарындағы қызметтiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы, осы Ереже мен Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерi құрайды.
      9. Кеден органдарындағы қызметкерлер қызметiнiң құқықтық негiзiн еңбек туралы заңдар құрайды.
      10. Кеден органдарының лауазымды адамдары:
      1) заңдарға, Антқа, осы Ереже мен контрактiлерге сәйкес атқаратын лауазымы бойынша өз құзыретi шегiнде мiндеттерiн орындайды және құқықтарды пайдаланады;
      2) мемлекеттiң қорғауында болады, Заңмен бұған тiкелей өкiлеттiгi бар органдар мен лауазымды адамдардан басқа ешкiмнiң олардың қызметiне араласуға құқығы жоқ. Заңға қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқауды алған кезде кеден органдарының лауазымды адамдары заңды атқару үшiн шаралар қолдануға мiндеттi:
      3) өзiнiң қызметiнде заң талаптарын, оның iшiнде заңға қайшы келетiн бұйрық немесе нұсқауды алған кезде де заң талаптарын басшылыққа алады;
      4) тиiстi даярлықтан және медициналық тексеруден өткен соң "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес қару мен арнайы құралдарды алып жүру, сақтау мен қолдану, сондай-ақ мәжбүр ету шараларын қолдану құқығына ие болады.
      11. Кеден органдарын бiлiктi мамандармен толықтыру мақсатында Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi кеден органдары лауазымды адамдарының кәсiби даярлығын Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң оқу орындарында және өзге де оқу орындарында, оның iшiнде Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерде мамандарды арнайы бастапқы оқыту, даярлауды, тиiстi оқу орындарының оқушылары, тыңдаушылары мен студенттерi үшiн заңдармен белгiленген жеңiлдiктердi бере отырып, жүзеге асырады.
      12. Кеден органдарындағы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң оқу орындарындағы iшкi тәртiптi заңдарға сәйкес және Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң төрағасы белгiлейтiн тәртiппен осы органдардың қызмет ерекшелiктерi ескерiле отырып, олардың бастықтары белгiлейдi.
      13. Кеден органдарының лауазымды адамдарына заңдармен белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығы қолданылады. Қажет болған жағдайда кеден органдарының лауазымды адамдары қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген кепiлдiктер мен өтемақылар берiле отырып, белгiленген жұмыс уақытының ұзақтығынан тыс, сондай-ақ түнгi уақытта, демалыс және мейрам күндерi қызмет атқаруға мiндеттi.
      14. Кеден органдарының лауазымды адамдары өздерiне жүктелген қызметтегi жұмыстарын атқару кездерiнде Қазақстан Республикасының тек заңдық, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiн және бекiтiлген халықаралық шарттарын басшылыққа алады, тiкелей және өзiнiң бастықтарына бағынады.
      15. Кеден органдары лауазымды адамдарының заңды өкiмдерiн немесе талаптарын мемлекеттiк органдар, ұйымдар, лауазымды адамдар және азаматтар атқаруға мiндеттi.
      16. Кеден органдары лауазымды адамдарының заңды өкiмдерiн немесе талаптарын атқармау, сондай-ақ осы лауазымды адамдарға өздерiне жүктелгенi орындауға кедергi жасайтын басқа iс-қимылдар заңмен көзделген жауапкершiлiкке әкеп соғады.
      17. Кеден органдарының немесе оның лауазымды адамдарының қабылдайтын шешiмдерiне не болмаса осы лауазымды адамдардың жүзеге асыратын iс-қимылына ықпал ету мақсатында өзге мемлекеттiк органдардың, ұйымдардың, лауазымды адамдар мен азаматтардың қандай да болмасын нысанда заңсыз ықпал жасауына немесе араласуына жол берiлмейдi.
      18. Кеден органдарының лауазымды адамдарын қорлау, қорқыту, қарсылық, күш көрсету немесе олардың өмiрiне, денсаулығы мен мүлкiне қол сұғу заңдарға сәйкес жауапкершiлiкке әкеп соғады.
      19. Кеден органдарының лауазымды адамдары өздерiне жүктелген мiндеттердi тиiсiнше атқармағаны, қолданылып жүрген заң талаптарын сақтамағаны үшiн қылмыстық, әкiмшiлiк және заңмен көзделген өзге де жауапкершiлiкке, сондай-ақ осы Ережемен көзделген тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылады.
      20. Кеден органдары лауазымды адамдарының заңға қайшы iс-қимылдары немесе әрекетсiздiгi салдарынан жеке және заңды тұлғаларға келтiрiлген зиян заңда көзделген тәртiппен өтеуге жатады.
 
           II. Кеден органдарына қызметке кiру және оны өткеру
 
      21. Кеден органдарына қызметке Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнiң, шекара немесе iшкi әскерлерiнiң (бұдан әрi - Қарулы Күштерiнiң) қатарында тәртiп бойынша қызмет өтеген және өздерiнiң iскерлiк және моральдық қасиеттерi, бiлiм деңгейi мен денсаулық жағдайы жөнiнде кеден органдарына жүктелген мiндеттердi орындауға қабiлеттi Қазақстан Республикасының азаматтары ерiктi негiзде қабылданады.
      Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң оқу орындарына оқуға жасы он сегiзге толмаған және орта бiлiмi бар адамдар қабылдана алады.
      22. Кеден органдарының қызметiне қабылдау азаматтардың мiндеттi арнайы тексеруден, сондай-ақ қызметке жарамдылығын анықтау жөнiндегi аумақтық iшкi iстер әскери-дәрiгерлiк комиссияларда медициналық айғақтаудан өткен жағдайда жүзеге асырылады.
      23. Кiшi басшы құрамының лауазымдарына жасы 28-ден аспайтын, аға басшы құрамының лауазымдарына жасы 32-ден аспайтын азаматтар қабылданады. Кей жағдайларда аталған жас шегi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi төрағасының шешiмiмен өзгертiледi.
      24. Кеден органдарының лауазымдарына:
      1) кiшi басшы құрамның лауазымдарына кемiнде орта бiлiмi бар азаматтар;
      2) аға басшы құрамның лауазымдарына тиiстi орта арнаулы немесе жоғары бiлiмi бар азаматтар қабылданады.
      25. Жедел-iздестiру және анықтама жүргiзу бөлiмшелерi аға басшы құрамның лауазымдарына аталған тұлғалар жұмыс тәжiрибесi мен iскерлiк қасиеттерi бойынша жүктелген мiндеттердi орындауды қамтамасыз етуге қабiлеттi, жоғары және орта арнаулы оқу орындарында оқып жүрген болса, даярлық мәнiнiң сай келетiн мамандықтары бойынша орта арнаулы бiлiмi бар азаматтар қабылдана алады.
      26. Кеден органдарынан бұрын босатылған және қызметке жаңадан қабылданатын азаматтар үшiн жасын шектеулер осы Ереженiң 31,32,33 және 209,210,211,212,213,214-тармақтарының талаптарына сүйене отырып айқындалады.
      27. Кеден органдарында лауазымдардың мiндетiн атқару лауазымға тағайындау, контракт жасасу жолымен, сондай-ақ конкурс бойынша заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
      28. Кеден органдарына қызметке кiру Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi төрағасының берген өкiлеттiгi шегiнде тиiстi кеден органы бастығының бұйрығымен ресiмделiнедi. Лауазымға тағайындалған адамға бұйрық оның қолы қойылып хабарланады.
      29. Кеден органдарының лауазымды адамдарына белгiленген тәртiппен тиiстi үлгiдегi қызметтiк куәлiктер берiледi.
      30. Кеден органдарында қызмет өткерудiң мерзiмi заңдарға сәйкес жалпы және үздiксiз еңбек стажына, сондай-ақ мамандық бойынша жұмыс стажына есептеледi.
      31. Кеден органдарына қызметке:
      1) жасы немесе денсаулығына байланысты, оның iшiнде Қарулы Күштердiң қатарынан, ұлттық қауiпсiздiк, iшкi iстер, прокуратура органдарынан, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк тергеу комитетiнен, салық полициясынан зейнеткерлiкке шыққандардың;
      2) бұрын сотталғандар мен ақталмаған негiздер бойынша қылмыстық жауапкершiлiктен босатылғандардың, сондай-ақ терiс себептерi бойынша мемлекеттiк қызметтен, құқық қорғау органдарынан, соттардан және заң органдарынан жұмыстан шығарылғандардың;
      3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президентi бекiткен заңдарда өзгеше көзделмесе, шетелдiктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар осы қызметке қабылдана алмайды.
      32. Кеден органдарының лауазымды адамдарына:
      1) өзара жақын немесе қайын жағынан туыстық қатынастағыларға (ата-аналар, ерлi-зайыптылар, бауырлар, апа-сiңлiлерi, ұл-қыздар, сондай-ақ ерлi-зайыптылардың бауырлары, апа-сiңiлiлерi, ата-аналары мен балалары), егер олардың қызметi бiр-бiрiне тiкелей бағыныштылығымен немесе бақыланатындығымен байланысты болса, бiр кеден органында қызмет өткеруге рұқсат етiлмейдi;
      2) ереуiлдер ұйымдастыруға және оларды өткiзуге қатысуға тыйым салынады.
      33. Кеден органдарының лауазымды адамдары:
      1) кәсiпкерлiк қызметпен айналысуға, оның iшiнде делдалдар арқылы, үшiншi жақтардың кеден мәселелерi жөнiндегi сенiмдi өкiлi болуға, оқытушылық, ғылыми немесе өзге де шығармашылық қызметтен басқа, кез келген төленетiн жұмыс орындауға, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша кеден iсiне байланысты жұмыстар орындауға, өз қызмет бабын пайдалана отырып адамдарға заңдармен көзделмеген кез келген көмек көрсетуге және бұл үшiн сыйақы, көмектер мен жеңiлдiктер алуға, өз бетiмен немесе өкiл арқылы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiн басқару iсiне қатысуға құқығы жоқ.
      2) өзiнiң қызметтiк жұмысында саяси партиялар мен өзге де қоғамдық бiрлестiктердiң шешiмдерiмен байланысты болмайды.
      34. Кеден органдарындағы қызмет туралы контракт жасасу шарттары мен тәртiбiн, сондай-ақ контракт жасаудың жағдайларын Үкiмет бекiтетiн үлгiлi контрактiге сәйкес Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң төрағасы айқындайды.
      35. Контрактiде оның қолданылу мерзiмдерi, тараптардың мiндеттерi мен құқықтары, тараптардың өздерiне алған мiндеттерiн орындамауына байланысты заңдық салдарлары, оны ұзарту шарттары немесе қайта жасасу мен контрактiнiң өзге де шарттары қаралады.
      36. Кеден органдарына қызметке алғаш кiретiн және тиiстi даярлығы жоқ адамдар үшiн тағайындалатындардың бiлiм мен лауазым деңгейiне қарай ұзақтығы үш айдан бiр жылға дейiн сынақ мерзiмi белгiленедi. Мұндай жағдайда үмiткер оған дербес атақ берiлмей-ақ тиiстi лауазымға тағайындалады.
      37. Сынақ мерзiмi мен қызмет өткерудiң тәртiбi мен шарттарын Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң төрағасы белгiлейдi.
      38. Сынақ мерзiмiн өткеру кезiнде жұмысқа жаңадан қабылданған адам атқаратын қызметiне және осы Ережемен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленген қызмет өткерудiң шарттарына сәйкес кеден органы лауазымды адамының мiндеттерiн орындайды және құқықтарын пайдаланады.
      39. Сынақ мерзiмi уақытысында үмiткерге еңбек туралы заңның, сондай-ақ осы Ереженiң 201-тармағының күшi қолданылады.
      40. Сынақ мерзiмi сол адамның кеден органдарындағы қызметi кезiндегi еңбек сiңiрген жылдары үшiн проценттiк үстеме төлеуге және кеден органдарының саласы бойынша зейнетақы тағайындауға құқық беретiн стажына қосып есептеледi. Бұл ретте еңбек сiңiрген жылдары үшiн проценттiк үстеменiң мөлшерi заңдарға сәйкес белгiленедi.
      41. Сынақ мерзiмi:
      1) жоғары басшы құрамның лауазымдарына тағайындалатын тұлғаларға;
      2) кеден органдарындағы қызметке кiретiн жоғары және орта арнаулы оқу орындарын бiтiргендерге лауазымға конкурс бойынша тағайындайтын кезде белгiленбейдi.
      42. Кеден органдарында конкурс негiзiнде атқарылатын лауазымдардың тiзбесi, кеден органдарындағы қызметке конкурс бойынша кiретiн тұлғаларды лауазымдарға тағайындаудың тәртiбi мен шарттары Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi белгiлеген тәртiппен айқындалады.
      43. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Кеден комитетiнiң төрағасын және оның орынбасарларын Республика Үкiметi тағайындайды.
      44. Кеден органдарының бастықтары және кеден органдарының өзге де лауазымды адамдары лауазымдарға заңдарға және осы Ережеге сәйкес тағайындалады.
      45. Республика Үкiметiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетi төрағасының шешiмiмен кеден органдары жоғары және аға басшы құрамының лауазымдарына құқық қорғау, заң, өзге де мемлекеттiк органдарының лауазымы бұрын кеден органдарының кадрларында болмаған, жоғары оқу орындарының жасына қарамастан, бiрақ жасы 50-ден аспаған ғылыми қызметкерлерi мен оқытушылары қатарынан тағайындалуы мүмкiн. Бұл ретте осы адамдардың қызметiнiң стажы заңдарға сәйкес аталған органдардағы мұның алдындағы жұмыс стажы ескерiле отырып, еңбек сiңiрген жылдары үшiн проценттiк үстеме төлеу және кеден органдарының саласы бойынша зейнетақы тағайындау үшiн есептеледi. Аталған адамдарға тиiстi дербес атақтар осы Ережемен көзделген тәртiппен берiледi.
      46. Кеден органдарындағы қызметке алғаш кiретiн адамдар мәтiнiн Үкiмет бекiтетiн Антты қабылдайды. Антты қабылдау тәртiбiн Мемлекеттiк кеден комитетiнiң төрағасы белгiлейдi.
      47. Кеден органдарының лауазымды адамын қызмет бойынша ауыстыру:
      1) штаттардың немесе адам санының қысқаруына немесе органдар мен қосымша бөлiмшелердiң қайта ұйымдастырылуына байланысты төменгi тұрған лауазымға - штаттардың қысқаруына дейiнгi лауазымы бойынша жалақысына тең (немесе көп) жалақымен лауазымға тағайындалғанға дейiнгi мерзiмге бұрынғы лауазымы бойынша жалақысы сақтала отырып, лауазымды адамның келiсiмiмен тең дәрежедегi лауазымға ауыстыру мүмкiн болмайтын жағдайда;
      2) тең дәрежедегi лауазымға - басқа лауазымның мiндетiн уақытша атқару қажет болған жағдайда не болмаса кеден органы лауазымды адамын оның iскерлiк, жеке басының сапарлары мен жаңа мамандыққа даярлығы, сондай-ақ отбасы жағдаяттары, денсаулық жағдайы немесе жасы ескерiлiп, оны барынша мақсатқа сай пайдалану үшiн;
      3) жоғары тұрған лауазымға қызмет бойынша жоғарылату тәртiбiмен. Бұл ретте лауазымды адамдарды қызмет бойынша жоғарылату әдеттегiдей олардың iскерлiк және адамгершiлiк сапарлары, бiлiм деңгейi мен денсаулық жағдайы ескерiлiп, жоғарылатуға резервте тұрған адамдар қатарынан жүргiзiледi;
      4) денсаулық жағдайына байланысты әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысына сәйкес, лауазымды адамның келiсiмiмен, қызмет мүддесiне орай Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетi төрағасының шешiмiмен жекелеген жоғары бiлiктi мамандарды ауыстыру кезiнде - одан кейiнгi, бiрақ 2 жылдан аспайтын кезеңдегi өзгерiстер ескерiлiп, соңғы қызмет орны бойынша жалақысы сақтала отырып;
      5) өзiнiң жеке өтiнiшiмен;
      6) қызметке сәйкессiздiгiнен;
      7) тәртiптiк жазалау жолымен;
      8) оқуға түсуiне байланысты атқаратын штаттық лауазымнан босатыла отырып, сондай-ақ оқуды бiтiрген соң лауазымға тағайындалған кезде;
      9) өзге мемлекеттiк органдарға iссапарға жiберу тәртiбiмен жүргiзiледi.
      48. Кеден органының лауазымды адамын өзге лауазымға ауыстыру кезiнде оған оның тәжiрибесiне қарай негiзгi немесе ұқсас мамандығы бойынша жұмыспен қамтамасыз етiледi, ал лауазымды адамды ол үшiн жаңа мамандық бойынша лауазымда пайдалану қажет болған жағдайда, онда ауыстырудың алдында тиiстi курстарда (жиындарда) алдын-ал қайта даярлау жүргiзiлуге тиiс.
      49. Кеден органының лауазымды адамын қызмет бойынша ауыстыру барлық жағдайларда ауыстыру негiздемесi көрсетiлiп, тиiстi кеден органы бастығының бұйрығымен ресiмделiнедi. Бұйрық лауазымды адамға оның қолы қойылып хабарланады.
      50. Штаттардың қысқаруы немесе денсаулық жағдайына орай лауазымдық жалақысы кемiтiлiп; төменгi тұрған лауазымға ауыстырылған жағдайда кеден органының 10 және одан көп жыл (күнтiзбелiк есеппен) еңбек сiңiрген лауазымды адамының одан арғы өзгерiстер ескерiлiп, соңғы қызмет орны бойынша жалақысы сақталады.
      51. Кеден органының төменгi тұрған лауазымға ауыстырылған лауазымды адамы қызметтiк бiлiктiлiгi, жұмыс тәжiрибесi, iскерлiк және жеке басының сапалары, денсаулық жағдайы ескерiлiп, кейiннен жоғары тұрған лауазымға ауыстырылуы мүмкiн.
      52. Кеден органының лауазымды адамы лауазым бойынша мiндеттi атқаруға тағайындалуы мүмкiн. Бұл ретте орны бос лауазым бойынша мiндеттi атқарудың үздiксiз мерзiмi екi айдан, ал орны бос емес лауазым бойынша төрт айдан аспауы тиiс. Орны бос лауазымның мiндетiн шұғыл атқару керек болған жағдайда осы лауазымға тағайындау құқығы бар бастықтың келiсiмiмен тiкелей бастыққа (кеден күзетi бастығына, оған тең және жоғары бастыққа) басшы құрамның адамын осы лауазымға уақытша, бiрақ бiр айдан аспайтын мерзiмге тағайындауға рұқсат етiледi.
      53. Кеден органы лауазымды адамның қылмыс жасағаны үшiн кiнәлi ретiнде жауапкершiлiкке тартылатын, сондай-ақ оның қызметтiк мiндеттерiн орындауына мүмкiндiк бермейтiн қызметтiк тәртiптi өрескел бұзуы жағдайында Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң төрағасы белгiлеген тәртiппен лауазымнан уақытша шеттетiлуi мүмкiн. Уақытша шеттетiлген кезеңде лауазымды адамға ақшалай төлемi толық көлемде берiледi.
      54. Штаттарды немесе адам санын қысқарту немесе органдар мен бөлiмшелердi қайта ұйымдастыру кезiнде кеден органының лауазымды адамы бойынша заңсыз немесе Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң төрағасы белгiлейтiн тәртiппен ақашалай төлемнiң көлемi сақтала отырып, тиiстi кеден органының қарамағына кiргiзiлiп, атқаратын лауазымынан екi айдан аспайтын мерзiмге босатылуы мүмкiн. Аталған мерзiм бiткенге дейiн осы лауазымды адамды жұмысқа орналастыру туралы мәселесi шешiледi. Кеден органының қарамағындағы аталған адамдарды қызметке пайдалану тәртiбiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң төрағасы айқындайды.
      55. Лауазымды адамның тиiстi кеден органдарының қарамағында болатын мерзiмiне ауруы бойынша қызметтiк мiндеттерден босатылған, кезектi және қосымша демалыстарда болған уақыты есептелiнбейдi.
      56. Кеден органдарының қызмет бойынша ауыстырылған лауазымды адамдарын осы адамдар кезектi демалыста немесе емделуде жүрген жағдайларды қоспағанда, iс қағаздары мен лауазымын өткiзген соң, кеден органынан қызмет бойынша ауыстыру туралы бұйрықты немесе жазбаша хабарлауды алған күннен бастап бiр ай мерзiмiнен кешiктiрмей жаңа қызмет жерiне iссапарға жіберуге болады.
      57. Кеден органының лауазымды адамын басқа жердегi қызметке, оның iшiнде кеден органының орын ауыстыруына байланысты, егер контрактiде өзгеше көзделмесе, оның келiсiмi ескерiлiп жүргiзiледi.
      58. Кеден органының лауазымды адамын басқа жердегi қызметке оның өз бастамасы бойынша ауыстыру тиiстi кеден органдарының келiсiмiмен жүзеге асырылады.
      59. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетi төрағасының ұйғарымымен қызмет мүддесi үшiн кеден органының лауазымды адамын басқа жерге қызметке ауыстырған кезде ол адамның басқа жердегi қызмет атқарған кезеңде бұрын алған тұрғын алаңы сақталынады.
      60. Кеден органының лауазымды адамы мен оның отбасы мүшелерiнiң жол жүруi және кеден органының лауазымды адамы мен оның отбасы мүшелерiнiң мүлкiн жаңа қызмет жерiне тасымалдау Үкiмет белгiлеген тәртiппен кеден органдарының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      61. Кеден органдарының лауазымды адамдары Қазақстан Республикасының өзге де мемлекеттiк органдарына, олардың қарамағындағы ұйымдарына, сондай-ақ басқа мемлекеттердiң кеден органдарына iссапарға жiберiлуi мүмкiн.
      62. Iссапарға жiберу:
      1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң кадрларында арнайы жұмыстарды немесе мiндеттердi орындау үшiн қалдыру жолымен;
      2) Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң Қазақстан Республикасының Үкiметi Аппараты мен Парламент Палаталары аппараттары басшыларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiмен келiсе отырып, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн тиiстi орталық атқарушы органдар мен мемлекеттiк органдардың ұсынуы бойынша Үкiмет шешiмiнiң негiзiнде жүргiзiледi.
      63. Қазақстан Республикасының Президентi Әкiмшiлiгiнiң, Қазақстан Республикасының Үкiметi Аппараты мен Парламент Палаталары аппараттарындағы кеден органдарының iссапарға жiберiлген лауазымды адамдарының мiндеттерiн уақытша атқаратын лауазымдардың тiзбесiн Үкiмет, ал Қазақстан Республикасы Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн орталық атқарушы органдар мен мемлекеттiк органдарда, олардың қарамағындағы ұйымдарда тиiстi мемлекеттiк органдардың келiсiмi бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң төрағасы белгiлейдi.
      64. Кеден органдарының iссапарға жiберiлген лауазымды адамдары мынадай ерекшелiктердi ескере отырып, заңмен белгiленген тәртiпте қызметтен өтуi:
      1) iссапарға жiберiлген лауазымды адамдарды тағайындау мен ауыстыру кеден органдары басшы құрамының лауазымды адамдарының мiндеттерiн өзге мемлекеттiк органдарда уақытша атқаруға жататын лауазымдар шегiнде жүргiзiледi;
      2) тиiстi мемлекеттiк органдар басшыларының ұсынуы бойынша iссапарға жiберiлген лауазымды адамдарға кеден қызметiнiң I дәрежелi кеңесшiсiне дейiнгi дербес атақтар осы Ережеде көзделген тәртiппен берiледi. Аталған лауазымды адамдарға жоғары басшы құрамның дербес атақтарын берудi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң төрағасы мен тиiстi мемлекеттiк органдар басшыларының бiрлесе ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бередi;
      3) кеден органдарының iссапарға жiберiлген лауазымды адамдарын қызметтен босату - негiздемелер мен осы Ережеде көзделген тәртiппен мемлекеттiк органдар басшыларының ұсынуы бойынша жүргiзiледi;
      4) кеден органдарының iссапарға жiберiлген лауазымды адамдарының еңбегiне ақы төлеу заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
      65. Кеден органдарының iссапарға жiберiлген лауазымды адамдарына заттай мүлiк пен азық-түлiк үлесiнiң орнына кеден органдарының қаражаты есебiнен ақшалай өтемақы төленуi мүмкiн.
      66. Кеден органдарының iссапарға жiберiлген лауазымды адамдары мен олардың отбасы мүшелерiнiң кеден органдарының лауазымды адамдары мен олардың отбасы мүшелерi үшiн заңдармен белгiленген құқықтары, жеңiлдiктерi мен артықшылықтары сақталады.
      67. Кеден органдары лауазымды адамдарының қойылатын талаптарға қызмет жағынан сай келуiн анықтау мақсатында аттестация жүргiзiледi, оны жүргiзу барысында олардың атқаратын лауазымына сай екенi туралы қорытынды жасалынады және одан әрi қызмет өткеруi үшiн ұсынымдар берiледi.
      68. Аттестациялау:
      1) жоғары басшы құрам адамдарына жүргiзiлмейдi;
      2) аға басшы құрамның адамдарына төрт жылда бiр рет жүргiзiледi;
      3) кiшi басшы құрамның адамдарына үш жылда бiр рет жүргiзiледi.
      69. Аттестация сондай-ақ соңғы аттестациялау бойынша қорытындыны өзгерту үшiн негiздемелер бар уақыттағы лауазымға тағайындаған күннен бастап бiр жыл өткенде немесе осы мерзiмге қарамастан қызмет бойынша ауыстыру немесе босату орын алатын болса, жоғары лауазымдарға тағайындау, төменгi лауазымдарға ауыстыру және кеден органдарынан қызметтен босату кезiнде жүргiзiледi.
      70. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң төрағасының шешiмiмен кеден органдарының барлық жеке құрамын немесе оның кейбiр санаттарын аттестациялау басқа мерзiмдерде де жүргiзiлуi мүмкiн.
      71. Кеден органдарында қызмет өткеруi туралы белгiлi бiр мерзiмге контракт жасасқан лауазымды адам аттестациядан ол ұзартылған кезде, ал белгiсiз мерзiмге контракт жасасқан лауазымды адам қызметтiң әр үш жылында өтедi.
      72. Лауазымды адамдар:
      1) аттестациялық комиссиялар арқылы аттестацияланады;
      2) аттестацияны өткiзу нәтижесiнде көрсетiлген кемшiлiктердi жоюға мiндеттi.
      73. Аттестацияланатын адамның атқаратын лауазымына сай келмейтiнi туралы қорытынды жасалынуы мүмкiн аттестация оның қатысып отыруымен жүргiзiледi.
      74. Аттестацияға:
      1) жас мамандар үш жыл бойы;
      2) жүктi кезiнде және үш жасқа толмаған балаларын күту кезеңiндегi әйелдер арасындағы лауазымды адамдар жатпайды. Бұл адамдар қызметке шыққаннан кейiн кемiнде бiр жылдан кешiктiрiлмей аттестацияланады.
      75. Аттестацияны (оның iшiнде кезектен тыс) әзiрлеу мен өткiзудiң, аттестациялық қорытындылар мен ұсынымдарды жүзеге асырудың тәртiбi, сондай-ақ аттестация тәртiбiн бұзуға қатысты шағымды қараудың тәртiбi заңдармен белгiленедi.
      76. Кеден органдарының лауазымдарына тағайындалған, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң кадрларына есептелiнген әскери мiндеттiлер Мемлекеттiк кеден комитетiнiң оқу орындарының курсанттары мен тыңдаушыларын қоса белгiленген тәртiппен әскери есептен шығарылады және арнайы есепте тұрады.
      77. Кеден органдарының лауазымды адамдары үшiн нысанды киiмдi киiп жүру белгiленедi. Бұл ретте киiм нысанын Үкiмет, ал оны киiп жүрудi Мемлекеттiк кеден комитетiнiң төрағасы белгiлейдi.
      78. Кеден органдарының лауазымды адамдары бiр-бiрiмен кездескен кезде Саппен жүру жарғысымен белгiленген тәртiппен және ережелер бойынша сәлем бередi.
      79. Кеден органдарының басшы құрамының лауазымдарына тағайындалған азаматтарға төмендегiдей дербес атақтар:
      1) кiшi басшы құрамға - кеден қызметiнiң III дәрежелi инспекторы, кеден қызметiнiң II дәрежелi инспекторы, кеден қызметiнiң I дәрежелi инспекторы;
      2) аға басшы құрамға - кеден қызметiнiң III дәрежелi кеңесшiсi, кеден қызметiнiң II дәрежелi кеңесшiсi, кеден қызметiнiң I дәрежелi кеңесшiсi;
      3) жоғарғы басшы құрамға - кеден қызметiнiң III дәрежелi мемлекеттiк кеңесшiсi, кеден қызметiнiң II дәрежелi мемлекеттiк кеңесшiсi, кеден қызметiнiң I дәрежелi мемлекеттiк кеңесшiсi, кеден қызметiнiң толық мемлекеттiк кеңесшiсi атақтары берiледi.
      80. Кеден органдарының басшы құрамының атақтары өмiрлiк болып табылады. Қызмет доғарылған кезде алынған дербес атаққа "отставкада" деген сөз қосылады.
      81. Кеден органдарының лауазымды адамдарына дербес атақтар олардың бiлiктiлiгi, бiлiмi, қызметке қатысты, еңбек сiңiрген жылдары және атқаратын штаттық лауазымы, қызметке қатысы, сондай-ақ осы Ережеде көзделген басқа да шарттар ескерiлiп, дербес берiледi.
      82. Дербес атақтарды берудiң жүйелiлiгiне қарай дербес атақтар алғашқы және кезектi болып бөлiнедi.
      83. Кiшi және аға басшы құрамның алғашқы дербес атақтарын Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң төрағасы бередi.
      84. Кiшi басшы құрамның алғашқы дербес атақтары лауазымды адамдарға осы Ереженiң 23-тармағында белгiленген жас жөнiндегi талаптар ескерiлiп берiледi.
      85. Аға және жоғары басшы құрамның лауазымдарына қабылданған адамдарға, егер олар запасқа шыққанда бұдан жоғары әскери немесе арнайы атағы немесе мемлекеттiк қызметшiнiң бiлiктiлiк сыныбы болмаса, әдеттегiдей, алғашқы дербес атақ берiлуi мүмкiн.
      86. Басшы құрамның кезектi дербес атақтар төмендегiдей жүйе тәртiбiмен:
      1) аттестацияның оңды нәтижелерiне қарай;
      2) кезектi атағының атқаратын штаттық лауазымына қатысты көзделген дербес атағына сәйкес келетiн болса;
      3) осы Ережеде көзделген жағдайларды қоспағанда, бұрынғы атағымен еңбек сiңiрген жылдарының белгiленген мерзiмi өткенде берiледi.
      87. Кезектi дербес атақтарының дер кезiнде берiлуiн қамтамасыз ету мақсатында оларды беруге қажеттi құжаттар тиiстi дербес атақтарды беруге өкiлеттi лауазымды адамның қарауына, олардың дербес атақ пен еңбек сiңiрген жылдарының белгiленген мерзiмi өтетiн күнге дейiн түсуiне есептей отырып, алдын-ала ресiмделiнедi.
      88. Кiшi басшы құрамның лауазымды адамдарының мiндеттерiн

 

уақытша атқаруға жататын лауазымдарды және осы лауазымдарға сай

келетiн дербес атақтарды Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден

комитетiнiң төрағасы айқындайды.

     89. Жоғары басшы құрамның лауазымды адамдарының мiндеттерiн

уақытша атқаруға жататын лауазымдардың тiзбесi заңдарға сәйкес

белгiленедi.

     90. Осы Ережеде көзделмеген кезектi дербес атақтарды берудiң

шарттарын белгiлеуге тыйым салынады.

     91. Шектiк дербес атақтар атқарылатын лауазымға сәйкес берiледi:

     1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнде:

     мемлекеттiк толық кеңесшi         - Мемлекеттiк кеден комитетiнiң

                                         төрағасы


     кеден қызметiнiң I дәрежелi       - Мемлекеттiк кеден комитетi

     мемлекеттiк кеңесшiсi               төрағасының бiрiншi орынбасары


     кеден қызметiнiң II дәрежелi      - Мемлекеттiк кеден комитетi

     мемлекеттiк кеңесшiсi               төрағасының орынбасары


     кеден қызметiнiң III дәрежелi     - Мемлекеттiк кеден комитетi

     мемлекеттiк кеңесшiсi               басқармасының бастығы,

                                         Мемлекеттiк кеден комитетi

                                         Орталық кеден зертханасының

                                         бастығы


     кеден қызметiнiң I дәрежелi       - Мемлекеттiк кеден комитетi

     кеңесшiсi                           басқарма бастығының

                                         орынбасары, бөлiм

                                         бастығы, төрағаның кеңесшiсi


     кеден қызметiнiң II дәрежелi      - Мемлекеттiк кеден комитетi

     кеңесшiсi                           бөлiм бастығының орынбасары,

                                         төрағасының көмекшiсi


     кеден қызметiнiң III дәрежелi     - Мемлекеттiк кеден комитетiнiң,

     кеңесшiсi                           бас жетекшi инспекторы


     кеден қызметiнiң I дәрежелi       - Мемлекеттiк кеден комитетiнiң

     инспекторы                          аға инспекторы


     кеден қызметiнiң II дәрежелi      - Мемлекеттiк кеден комитетiнiң

     инспекторы                          инспекторы


     Орталық кеден зертханасының лауазымды адамдарына шектiк дербес

атақтар Мемлекеттiк кеден комитетi басқармасының лауазымды адамдарындай

атқарылатын лауазымдарына сәйкес берiледi.

     2) кеден басқармалары мен кедендерде:


     кеден қызметiнiң III дәрежелi     - кеден басқармасының бастығы

     мемлекеттiк кеңесшiсi


     кеден қызметiнiң I дәрежелi       - кеден бастығы, кеден

     кеңесшiсi                           зертханасының бастығы


     кеден қызметiнiң II дәрежелi      - кеден басқармасы бастығының

     кеңесшiсi                           орынбасары, бөлiм бастығы,

                                         кеден күзетiнiң бастығы


     кеден қызметiнiң III дәрежелi     - бөлiм бастығының орынбасары,

     кеңесшiсi                           кеден күзетi бастығының

                                         орынбасары

     кеден қызметiнiң I  дәрежелi      - бас инспектор

     инспекторы


     кеден қызметiнiң II дәрежелi      - аға инспектор

     инспекторы


     кеден қызметiнiң III дәрежелi     - инспектор

     инспекторы


     Зертханалардың лауазымды адамдарына шектiк дербес атақтар кеден

басқармасы мен кеденнiң лауазымды адамдарындай атқарылатын

лауазымдарына сәйкес берiледi.

     92. Дербес атақтармен еңбек сiңiрген жылдарының мерзiмдерi

төмендегiше белгiленедi. Атақпен:

     1) кеден қызметiнiң III дәрежелi инспекторы - 2 жыл;

     2) кеден қызметiнiң II дәрежелi инспекторы  - 2 жыл;

     3) кеден қызметiнiң I дәрежелi инспекторы   - 3 жыл;

     4) кеден қызметiнiң III дәрежелi кеңесшiсi  - 3 жыл;

     5) кеден қызметiнiң II дәрежелi кеңесшiсi   - 3 жыл;

     6) кеден қызметiнiң I дәрежелi кеңесшiсi    - 3 жыл;


 
       93. Кеден қызметiнiң I, II, III дәрежелi мемлекеттiк кеңесшiсi дербес атақтарымен еңбек сiңiрген жылдарының мерзiмдерi белгiленбейдi.
      94. Кеден органдарының кеден қызметiнiң III дәрежелi инспекторы алғашқы дербес атағы оқу мерзiмi төрт жыл не одан көп жоғары оқу орнын бiтiргенде берiлген және оқу орнында алған немесе ұқсас мамандығы бойынша кеден органдарында қызмет өткерiп жүрген лауазымды адамдар үшiн кеден қызметiнiң III дәрежелi инспекторы атағымен еңбек сiңiрген жылдарының мерзiмi бiр жылға белгiленедi.
      95. Дербес атақпен еңбек сiңiрген жылдарының мерзiмi осы атақты беру туралы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап есептеледi. Басшы құрам адамының төмендетiлген дербес атақпен жүрген уақыты есептелiнбейдi.
      96. Дербес атақты берудi заңсыз кешеуiлдеткен жағдайда дербес атақпен еңбек сiңiрген жылдарының мерзiмi бұрынғы атақпен еңбек сiңiрген жылдарының мерзiмi өткен күннен бастап есептеледi.
      97. Жедел-қызметтiк жұмыстағы қол жеткен жоғары нәтижелерi үшiн кезектi дербес атақтар мерзiмiнен бұрын немесе атқарылатын штаттық лауазыммен көзделген дербес атақтан бiр атақ жоғары берiлуi мүмкiн.
      98. Дербес атақтар дербес атақ пен еңбек сiңiрген жылдарының белгiленген мерзiмiнiң кемiнде жартысы өткенде және берiлетiн дербес атақтың атқарылатын штаттық лауазыммен көзделген атаққа сай келетiн жағдайда мерзiмiнен бұрын берiледi.
      99. Атқарылатын штаттық лауазыммен көзделген дербес атақтан бiр саты жоғары кезектi дербес атағы:
      1) дербес атақпен еңбек сiңiрген жылдарының белгiленген мерзiм өткенде - басшы құрамның мамандығы бойынша ғылыми дәрежесi бар адамдарға;
      2) дербес атақпен еңбек сiңiрген жылдарының кемiнде бiр жарым мерзiмi өткен кезде - басшы құрамның басқа адамдарына берiлуi мүмкiн.
      100. Кезектi дербес атақтарды мерзiмiнен бұрын немесе штаттық лауазыммен көзделген дербес атақтан бiр саты жоғары атақ берудi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң төрағасы жүргiзедi.
      101. Кеден қызметiнiң I дәрежелi инспекторы дербес атағы бар, қызметтен жасына, денсаулық жағдайына немесе штаттың қысқаруына байланысты босатылатын, 20 не одан көп еңбек сiңiрген жылдары бар (оның iшiнде жеңiлдiкте есептелетiн) лауазымды адамдарға Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң төрағасы белгiлейтiн тәртiппен кеден қызметiнiң III дәрежелi кеңесшiсi кезектi дербес атағы берiлуi мүмкiн.
      102. Еңбек сiңiрген жылдарын қайта есептеу мен еңбек сiңiрген жылдары үшiн төлеудiң тәртiбiн заңдарға сәйкес еңбек стажын белгiлеу жөнiндегi Комиссия белгiлейдi.
      103. Кеден қызметiнiң III дәрежелi инспекторы бiрiншi дербес атағы:
      1) кеден органдарының курстарын немесе оқу орындарын оқытудың қысқартылған бағдарламалары бойынша бiтiрген және кiшi басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған адамдарға;
      2) басқа мемлекеттiк органдардың орта арнаулы оқу орындарын бiтiрген және кiшi басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған адамдарға;
      3) жоғары және орта арнаулы оқу орындарының жоғары курстарында оқып жүрген және кiшi басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған адамдарға;
      4) басқа мемлекеттiк органдардың қарамағындағы жоғары оқу орындарының жанындағы Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң арнайы факультеттерiнiң соңғы курстарының студенттерiне берiледi.
      104. Кезектi дербес атақтарды:
      1) кеден қызметiнiң II, I дәрежелi инспекторларына - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң төрағасы осындай құқық берген облыстар, республикалық маңызы бар қалалар бойынша, Республика астанасының кеден басқармаларының бастықтары мен өзге де кеден органдарының бастықтарына;
      2) кеден қызметiнiң III, II, I дәрежелi кеңесшiлерiне - Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кеден комитетiнiң төрағасы бередi.
      105. Жоғары басшы құрамның дербес атақтарын Мемлекеттiк кеден комитетiнiң төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президентi бередi.
      106. Мемлекеттiк кеден Комитетi оқу орындарының тыңдаушыларына, адъюнкттары мен докторанттарына кезектi дербес атақтар оқуға түскеннен кейiнгi енгiзiлген осы лауазымдар бойынша штаттардағы дербес атақтардың өзгертiлгенiн ескерместен, олардың оқуға түскенге дейiнгi атқарған штаттық лауазымдарына сәйкес берiледi;
      оқу орнын, адъюнктура мен докторантураны аяқтаған соң - оқу бiтiргеннен кейiн адамдар тағайындалатын штаттық лауазымдар бойынша атақтардың кезектi дербес атақтарға сай келетiн жағдайында берiледi.
      107. Кеден органдарына басшы құрамның лауазымдарына қызметке кiрген кезде Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерiне, оның iшiнде запаста тұрған әскери қызметшiлерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен мемлекеттiк қызметшiлерге дербес атақтар олардың бұрын алған мемлекеттiк қызметшiлердiң тиiстi әскери және арнайы атақтарынан және бiлiктiлiк сыныптарынан төмен емес дербес атақтар берiледi.
      108. Запастағы офицерлердi аға және жоғарғы басшы құрамның лауазымдарына тағайындау кезiнде оларға алғашқы дербес атақ лауазымға тағайындаған күнге дейiн толық әскери қызметтi және құқық қорғау органдарында қызмет өткеру кезiнде және запаста болу уақытысында өздерiне берiлген әскери және арнайы атақтармен белгiленген мерзiмдерде еңбек сiңiрген болса, олардың бұрынғы әскери және арнайы атақтарынан бiр саты жоғары атақтар берiлуi мүмкiн.
      109. Басшы құрамның кезектi дербес атағы қызметте жоғары нәтижелерге жеткенi және қызметтiк мiндеттерiн үлгiлi орындағаны үшiн көтермелеу мақсатында бұрынғы атақпен еңбек сiңiрген жылдарының белгiленген мерзiмi өткенге дейiн немесе штаттық лауазыммен көзделген дербес атақтан бiр саты жоғары атақ берiлуi мүмкiн.
      110. Бұл ретте кiшi басшы құрамның дербес атақтарын осы Ереженiң 83 және 101-тармағында санамаланған бастықтар, ал аға басшы құрамның дербес атақтарын Мемлекеттiк кеден комитетiнiң төрағасы бередi.
      111. Дербес атақ мерзiмiнен бұрын атқарылатын штаттық лауазыммен көзделген атақтың шегiнде берiледi, ал кеден органдарының ғылыми дәрежесi немесе ғылыми атағы бар лауазым бойынша адамдарына лауазым бойынша (жоғары басшы құрамның дербес атақтарынан басқа) көзделген атақтан бiр саты жоғары атақ берiлуi мүмкiн.
      112. Дербес атақтар мерзiмiнен бұрын дербес атақпен еңбек сiңiрген жылдарының белгiленген мерзiмiнiң кемiнде жартысы өткенде және берiлетiн дербес атақтың штаттық лауазыммен көзделген атаққа сай келетiн кезде берiледi.
      113. Атқарылатын штаттық лауазыммен көзделген дербес атақтан бiр саты жоғары кезектi дербес атағы бұрынғы дербес атақпен еңбек сiңiрген жылдарының белгiленген бiр жарым мерзiмi өткен кезде берiледi. Бұл ретте дербес атақтарды мерзiмiнен бұрын және бiр саты жоғары атақ беру, әдеттегiдей, кеден органдарындағы қызметтiң барлық кезеңiнде екi реттен асырылмай жүргiзiледi.
      114. Кеден органдарының кiшi басшы құрамының атақтары бар, аға басшы құрамның лауазымдарына тағайындалған лауазымды адамдар Кеден комитетi төрағасының шешiмi бойынша бұрынғы атағымен еңбек сiңiрген жылдарының мерзiмiне қарамастан аға басшы құрамның алғашқы дербес атағын беруге ұсынылуы мүмкiн.
      115. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетi мен кеден басқармаларының қарамағындағы немесе тәртiптiк жазалары (ауызша жарияланғаннан басқа) бар, сондай-ақ қызметтiк тәртiптi бұзу фактiлерi бойынша қылмыстық iс қозғалған немесе қызметтiк тексеру жүргiзiлiп жатқан лауазымды адамдарды кезектi дербес атақтарын беруге ұсыну - лауазымға тағайындағанға, тәртiптiк жазаны алғанға, ақтайтын негiздемелермен қызметтiк iстi доғарғанға немесе қызметтiк тексеру аяқталғанға дейiн жүргiзiлмейдi.
      116. Тәртiптiк жазаны заңсыз қолдану туралы шешiм шығарылған немесе ақтайтын негiздемелермен қызметтiк iс доғарылған жағдайда кезектi дербес атақ кезектi дербес атақтың атқарылатын штаттық лауазымға сай келетiн кезiнде оны беретiн мерзiмi жеткен күннен бастап берiледi.
      117. Лауазымдық мiндеттердi тиiстi түрде орындамағаны үшiн кезектi дербес атақты беруге ұсыну үш ай мерзiмге кешеуiлдетiлуi мүмкiн, ол жөнiнде тiкелей бастықтар тиiстi дербес атақтарды беруге өкiлеттi кеден органдарының басшыларын хабардар етедi.
      118. Кеден органының бағынатын лауазымды адамды кезектi дербес атағын беруге ұсынуды кешеуiлдеткен бастығы тәртiптiк жауапкершiлiкте болып, материалдық зиянды өтейдi.
      119. Кеден органдарының кiшi басшы құрамының атақтары бар лауазымды адамдарының дербес атағын бiр саты төмендету - аталған атақтарды беруге құқық берiлген тiкелей бастықтардың шешiмiмен тәртiптiк жаза шарасы ретiнде жүргiзiледi.
      120. Кеден органдарының аға басшы құрамының атақтары бар лауазымды адамдарының дербес атағын бiр саты төмендетудi тек қана Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң төрағасы жүргiзедi.
      121. Кеден органдарының дербес атақтары төмендетiлген лауазымды адамдарының атағын төмендету туралы шешiм қабылдаған бастықтардың, оларға тең және жоғары бастықтардың бұйрықтарымен атқарылатын штаттық лауазымға қарамастан, бiрақ атағы төмендетiлген күннен бастап, бiрақ бiр жылдан ерте емес және аттестация оңды болған жағдайда, бұрынғы атақтары қалпына келтiрiледi.
      122. Кеден органы лауазымды адамының бұрынғы атағын қалпына келтiргенге және оған кезектi атақ бергенге дейiн дербес атағын екiншi рет төмендетуге жол берiлмейдi.
      123. Кеден органдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ "отставкада" деген сөздерi қосылған дербес атағы бар адамдар заң актiлерiне сәйкес осы атақтардан айырылуы мүмкiн.
      124. Дербес атақ заңсыз төмендетiлген жағдайда тергеу нәтижелерi бойынша не соттардың қаулыларына сәйкес бұрынғы атақты қалпына келтiру туралы шешiмдi дербес атақтарды төмендету туралы шешiм қабылдаған лауазымды адамдар қабылдайды.
      125. Дербес атағы заңсыз төмендетiлген уақыт қалпына келтiрiлген атақпен еңбек сiңiрген жылдарының мерзiмiне енедi. Дербес атағы заңсыз төмендетiлген адамдарға материалдық зияны толық көлемде өтеледi.
      126. Кеден органдарының лауазымды адамдары дербес атақтарынан мынадай тәртiппен:
      1) кiшi және аға басшы құрамның лауазымды адамдары соттың заңды күшiне енген үкiмi бойынша, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетi төрағасының шешiмiмен;
      2) жоғары басшы құрамның лауазымды адамдар - заңдарға сәйкес айырылуы мүмкiн.
      127. Дербес атақтан заңсыз айырған жағдайда тергеу нәтижелерi бойынша не соттардың қаулыларына сәйкес бұрынғы атақты қалпына келтiру туралы шешiмдi дербес атақтан айыру туралы шешiм қабылдаған лауазымды адамдар қабылдайды.
      128. Дербес атақтан заңсыз айырылған уақыт қалпына келтiрiлген атақпен еңбек сiңiрген жылдарының мерзiмiне енедi.
      129. Дербес атақтан заңсыз айырылған лауазымды адамдарға заңдарға сәйкес материалдық зиян өтеледi.
      130. Кеден органдарындағы қызметтiк тәртiп кеден органдары лауазымды адамдарының заңдарымен, осы Ережемен, Антпен, қызмет туралы контрактiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетi төрағасының шешiмдерiмен, тiкелей бастықтардың уағыздарымен және бұйрықтарымен белгiленген тәртiп пен ережелердi сақтауын бiлдiредi.
      131. Кеден органдарының лауазымды адамдары уақытша болса да қызмет бойынша бағынатын бастықтар тiкелей бастықтар болып табылады.
      132. Қарамағындағыға жақын тура бастық оның өзiнiң тiкелей бастығы болып табылады.
      133. Кеден органдарының қызмет жағынан тiкелей бағынбайтын лауазымды адамдары кiшi немесе аға лауазымды адамдар болуы мүмкiн. Ағалық ету дербес атақпен, ал атақтары тең дәрежеде атқаратын лауазымдарына қарай айқындалады. Бұл ретте кеден органдарының қызмет жағынан тiкелей бағынбайтын лауазымды адамдарының өзара қарым-қатынасының тәртiбiн Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң төрағасы белгiлейдi.
      134. Бастықтың бұйрығы сөзсiз, дәл және белгiленген мерзiмде орындалуға тиiс.
      135. Қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде анық заңға қайшы келетiн бұйрық немесе өкiмдi алған жағдайда лауазымды адам бұйрық немесе өкiмдi берген бастыққа осы жөнiнде кешiктiрмей хабарлауға, заңдарға сәйкес iс-қимыл жасауға, жазбаша түрде баяндалған бұйрық немесе өкiм расталған кезде заңға қайшы келетiн бұйрықтан немесе өкiмнен басқаны орындауға тиiс. Бұл ретте заңсыз бұйрық немесе өкiм үшiн оны берген бастық толық жауапкершiлiкте болады.
      136. Жұмыста немесе қызметтiк iсте заңдардың бұзылуын, қызмет бабын пайдалануды, кемшiлiктер мен өзге де олқылықтарды анықтаған лауазымды адам бұл жөнiнде жоғары тұрған бастыққа бұйрықпен рапорт арқылы хабарлайды.
      137. Бастық қарамағындағылар арасындағы қызметтiк тәртiптiң жағдайына, осы Ереженiң және лауазымды адамдардың қызмет өткеруi мәселелерi жөнiндегi басқа нормативтiк актiлердiң талаптарының сөзсiз сақталуына жеке жауап бередi.
      138. Бастық қарамағындағыларға жоғары талап қоюмен қатар:
      1) қарамағындағылардың еңбек етуiне, тынығуы мен бiлiктiлiгiн

 

арттыру үшiн қажеттi жағдайлар, қызмет қауiпсiздiгi шарттарын

жасауға;

     2) қарамағындағыларға қызметте өсуi үшiн шынайы мүмкiндiктер

беруге;

     3) қарамағындағылардың бойында қызметтiк мiндеттерiн орындауы

үшiн жауапкершiлiк сезiмiн тәрбиелеуге;

     4) қарамағындағылардың қызметтiк iстерiн бағалауда шынайылылық

пен жариялылықты қамтамасыз етуге;

     5) қарамағындағылардың ар-ұжданын, қадiр-қасиетiн құрметтеуге;

     6) жеке құраммен жұмыста жебеушiлiктi, кеден органдары

лауазымды адамдарының жеке басы мiнезiнiң себептерi бойынша немесе

кеден органдары қызметiндегi кемшiлiктердi сынағаны үшiн қудалауға

жол бермеуге мiндеттi.

     139. Кеден органдарының лауазымды адамдарына мiндеттерiн үлгiлi

орындағаны және қызметте жоғары нәтижелерге жеткенi үшiн

төмендегiдей көтермелеу шаралары қолданылады:

     1) алғыс жариялау;

     2) ақшалай сыйлық беру;

     3) бағалы сыйлықпен марапаттау;

     4) Құрмет кiтабына жазу;

     5) Құрмет грамотасымен марапаттау;

     6) кеден органдарының өңiрге тағатын белгiсiмен марапаттау;

     7) бәсiре қарумен марапаттау;

     8) кезектi дербес атақты мерзiмiнен бұрын беру;

     9) дербес атақты атқаратын штаттық лауазымына қарай көзделген

атақтан бiр саты жоғарылатып беру;

     10) құрметтi атақ беруге ұсыну.

     140. Көтермелеу ретiнде бұрын қолданылған тәртiптiк жазаны

мерзiмiнен ерте алу қолданылуы мүмкiн.


 
       141. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң оқу орындарында осы бапта санамаланған көтермелеу түрлерiнен басқа стипендия мөлшерiн көбейту және оқу орны орналасқан жерден кезектен тыс сыртқа шығуына рұқсат беру қолданылады.

 

     142. Қызметтiк борышты орындау кезiнде көрсеткен қайраткерлiгi

мен ерлiгi және мемлекет алдындағы басқа да сiңiрген еңбегi үшiн

кеден органдарының лауазымды адамдары заңдарға сәйкес Қазақстан

Республикасының мемлекеттiк наградаларымен марапатталуға ұсынылуы

мүмкiн.

     143. Кеден органдары лауазымды адамдарына жасаған тәртiптiк

терiс қылықтың ауырлығы мен кiнәсiнiң дәрежесiне қарай тәртiптiк

жазалардың төмендегiдей түрлерi қолданылады:

     1) ескертпе;

     2) сөгiс;

     3) қатаң сөгiс;

     4) қызметiне толық сай келмейтiнi туралы ескерту;

     5) лауазымын төмендету;

     6) дербес атағын бiр саты төмендету;

     7) кеден органдарынан жұмыстан босату.


 
       144. Кеден органдарының өңiрге тағатын белгiлерiмен марапатталған кеден органдарының лауазымды адамдары өңiрге тағатын белгiден айыру түрiндегi тәртiптiк жазаға тартылуы мүмкiн.
      145. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң оқу орындарында аталған жаза түрлерiнен басқа қызмет бойынша нарядты кезектен тыс тағайындау түрiнде (күзетке немесе бөлiмше бойынша кезекшiлiкке қоюды қоспағанда), сондай-ақ оқу орнынан шығару қолданылады.
      146. Көтермелеу мен тәртiптiк жазаларды Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң төрағасы белгiлейтiн, оларға берiлетiн құқықтар шегiнде бастықтар қолданады.
      147. Лауазымы бойынша мiндеттерiн бастықтың уақытша орындап жүрген кезiнде, егер бұл жөнiнде бұйрықта хабарланған болса, онда уақытша атқаратын лауазымы бойынша тәртiптiк құқықтарды пайдаланады.
      148. Төменгi тұрған бастықтарға берiлген тәртiптiк құқықтар жоғары тұрған бастықтарға да берiледi.
      149. Бастықтың пiкiрi бойынша кеден органының лауазымды адамына өзiнiң құқықтарының шегiнен шығатын көтермелеу мен жазаларды қолдану қажет болса, онда ол бұл жөнiнде жоғары тұрған бастыққа өтiнiш жасайды.
      150. Жоғары тұрған бастықтың төменгi тұрған бастық қолданған тәртiптiк жазаны алып тастауға, жеңiлдетуге немесе бұрын жарияланған жаза жасалынған терiс қылықтың ауырлығына сай келмесе, одан да қатаңырақ жаза қолдануға құқығы бар.
      151. Кеден органдарында анықтама жүргiзетiн лауазымды адамдарға тәртiптiк жазаларды оларды лауазымға тағайындау құқығы берiлген бастықтар қолданады, ал лауазымды адамдардың қызметiне қылмыстық iс жүргiзумен байланысты жағдайларда тиiстi бөлiмшелердiң басшыларының келiсiмi бойынша қолданылады.
      152. Көтермелеу мен тәртiптiк жазаларды қолдану бойынша берiлген құқықтарын асыра пайдаланған бастық тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылады.
      153. Көтермелеу мен тәртiптiк жазалар бұйрықтарымен хабарланады.
      ЕСКЕРТУ. 153-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.09.28. N 958
               қаулысымен. P980958_
      154. Жазаны ауызша алуға болмайды.
      ЕСКЕРТУ. 154-тармақ өзгердi - ҚРҮ-нiң 1998.09.28. N 958
               қаулысымен. P980958_
 
      155. Кеден органының лауазымды адамына көтермелеу мен тәртiптiк жазалар туралы сап алдында немесе кеңесте (жиналыста) хабарланады.
      156. Тәртiптiк жаза қолданылғанға дейiн кеден органының жауапкершiлiкке тартылатын лауазымды адамынан жазбаша түсiнiк талап етiлуi тиiс, қажет болған жағдайда, тексеру нәтижелерi бойынша қорытынды шығарылып, ондағы аталған мәлiметтерге қызметтiк тексеру жүргiзiледi.
      157. Тәртiптiк жаза жасалынған қылмыс туралы бастыққа белгiлi болған күннен бастап он тәулiк өткенге дейiн қолданылуы керек, ал кiнәлi адамның ауырған немесе еңбек демалысында болған уақытын есептемей, қызметтiк тексерудi жүргiзу, қылмыстық iстi немесе әкiмшiлiк құқық бұзу туралы iстi қозғау жағдайларында құзыреттi орган немесе лауазымды адамның қылмыстық немесе әкiмшiлiк құқық бұзу туралы iстi тексеруi, қарауы және оларға қатысты тиiстi ақтық шешiм шығару аяқталған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей қолданылуы тиiс.
      158. Қызметтiк тәртiптi бұзудың әр жағдайы үшiн тек бiр ғана тәртiптiк жаза қолданылуы мүмкiн.
      159. Тәртiптiк жазаны қолдану туралы бұйрық оны қолданудың себептерi көрсетiлiп, кеден органының жазаға тартылған лауазымды адамына қолы қойылып хабарланады.
      160. Тәртiптiк жаза қолданылған күннен бастап бiр айдан кешiктiрiлмей орындалады. Осы мерзiм өткенде жаза орындалынбайды, бiрақ есепке алуға жатады.
      161. Кеден органының лауазымды адамына бұйрықпен қолданылған тәртiптiк жаза ол қолданылған күннен бастап бiр жыл iшiнде бұл лауазымды адам жаңа тәртiптiк жаза алмаса, алынып тасталынған болып есептелiнедi.
      162. Көтермелеу ретiнде тәртiптiк жазаны мерзiмiнен бұрын алып тастауды осы жазаны қолданған, оған тең бастық немесе жоғары тұрған тiкелей бастық жүргiзедi.
      163. Кеден органының лауазымы төмендетiлген лауазымды адамын қызмет бойынша ауыстыру осы Ереженiң 16-бабында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады.
      164. Дербес атақты төмендету ретiнде тәртiптiк жазаны қолданған жағдайда бұрынғы атақтың ол төмендетiлгеннен кейiнгi бiр жылдан ерте емес, ал көтермелеу ретiнде жазаға тартылған адам қызметiн мiнсiз атқарса, дербес атағы төмендетiлген күннен бастап алты ай өткенде қалпына келтiрiлуi мүмкiн.
      165. Тәртiптiк жаза:
      1) лауазымды адамның ауырған кезiнде;
      2) лауазымды адамның еңбек демалысында немесе iссапарда жүрген кезеңiнде;
      3) егер терiс қылмыс анықталған күннен бастап алты айдан астам уақыт өтсе, тексеру немесе қаржы-шаруашылық қызметiн тексеру нәтижелерi бойынша - ол жасалған күннен бастап екi жылдан астам уақыт өткенде қолданылуы мүмкiн. Бұл ретте аталған мерзiмдерге адамның еңбек демалысында жүрген, ауырған уақыты, сондай-ақ қылмыстық iс немесе әкiмшiлiк құқық бұзу туралы iстi қозғау, тексеру немесе қаржы-шаруашылық қызметiн тексерудiң уақыты қосылмайды.

 

     166. Кеден органдарының әрбiр лауазымды адамы жоғары тұрған

бастықтарға, тiптi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден

комитетiнiң төрағасына дейiн өздерiне қолданылған тәртiптiк жазаларға

шағым жасауға құқылы. Бұл ретте қолданылған тәртiптiк жазаға жасалған

шағым кеден органдарында заңмен белгiленген тәртiп пен мерзiмде

қаралады.

     167. Кеден органдарының лауазымды адамдарына еңбек

демалыстарының төмендегiдей түрлерi берiледi:

     1) кезектi;

     2) қысқа мерзiмдi;

     3) сырқаты бойынша;

     4) оқу орнында оқып жүруiне байланысты;

     5) қосымша (мiндеттерiн зиянды жағдайларда орындайтыны немесе

қызметтiң ерекше сипатына қарай);

     6) әлеуметтiк (ана болғандығына және бала күтуiне байланысты);

     7) күнтiзбелiк, шығармашылық және оқу орнын бiтiруiне

байланысты.


 
       168. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы демалыс орнына барып, қайтуға кеткен уақыты есепке алынбай, ұзақтығы 30 тәулiкке берiледi.
      169. Ұзақтығы 45 тәулiктiк кезектi, еңбек демалыстары еңбек сiңiрген жылдарына қарамастан кеден органдарының Үкiмет белгiлейтiн биiк таулы аймақтарда, сондай-ақ Қазақстан Республикасының климаттық жағдайы ауыр және қолайсыз басқа да жерлерiнде қызмет өткеретiн, құқық қорғау органдарында және Қарулы Күштерде 20 жылдан астам еңбек сiңiрген лауазымды адамдарға берiледi.
      170. Кеден органдарындағы қызмет стажы үшiн лауазымды адамдарға қосымша ақылы еңбек демалысы:
      1) 10 жыл қызметтен кейiн - ұзақтығы 5 тәулiк;
      2) 15 жыл қызметтен кейiн - ұзақтығы 10 тәулiк;
      3) 20 жыл қызметтен кейiн - ұзақтығы 15 тәулiк берiледi.
      Кеден органдарындағы қызмет стажын есептеу кезiнде кеден органдары лауазымды адамдарына қосымша ақылы еңбек демалыстарын беру үшiн аталған стажға құқық қорғау органдарында, Республика Қарулы Күштерiнде және мемлекеттiк органдарда еңбек сiңiрген жылдары енгiзiледi.
      171. Зиянды жағдайлардағы қызметi үшiн жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысының ұзақтығы заңдарға сәйкес белгiленедi.
      172. Қызметтiң ерекше сипатындағы ұзақтығы 10 тәулiкке дейiнгi қосымша ақылы еңбек демалысы кеден органдарының қызметi дене және жүйкеге түсетiн ауыр жүктемеге байланысты лауазымды адамдардың кәсiби жұмысқа деген қабiлетiн қалпына келтiру үшiн берiледi.
      173. Кеден органдарының жалпы ұзақтығы 40 және одан да көп тәулiктiк кезектi және қосымша ақылы еңбек демалысына құқығы бар лауазымды адамдарына еңбек демалысын олардың қалауы бойынша екi мерзiмде пайдалануға рұқсат етiледi.
      174. Кеден органдарының еңбек демалысын пайдаланбаған лауазымды адамдарын жұмыстан шығаруды қоспағанда еңбек демалысын ақшалай өтемақымен алмастыруға жол берiлмейдi. Мұндай жағдайда ақшалай өтемақы сол жылы, бiрақ 45 тәулiктен аспайтын қызмет өткерген мерзiмге сайма-сай көлемде төленедi.
      175. Лауазымды адамдардың кеден органдарына қызметке кiрген жылында кезектi жыл сайынғы еңбек демалысының ұзақтығы жұмыс iстеген уақытына сайма-сай кiрген күннен бастап қызметтiң әр толық айы үшiн демалыстың он екiден бiр бөлiгi есебiнде есептеледi. Бұл ретте кеден органдарының ұзақтығы 10 және одан көп тәулiкке құқығы бар лауазымды адамдарына еңбек демалысынан тыс жол жүруге уақыт берiледi. Ұзақтығы 10 тәулiктен аз еңбек демалысы лауазымды адамның тiлегi бойынша оған кезектi жыл сайынғы еңбек демалысымен бiрге келесi жылы бiр мезгiлде берiлуi мүмкiн.
      176. Кеден органдарының лауазымды адамдарына:
      1) биiк таулы аймақтарда, климаттық жағдайы ауыр және қолайсыз жерлерде қызмет өткеретiн лауазымды адамдарға олардың қалауы бойынша екi жолдағы кезектi жыл сайынғы еңбек демалысы бiрiктiрiлуi мүмкiн. Аталған лауазымды адамдарды басқа жерлерге ауыстырған жағдайда пайдаланылмаған бiрiктiрiлген еңбек демалысы жаңа қызмет орны бойынша берiледi. Қызметтiк қажеттiлiк кезiнде жаңа қызмет орны бойынша бiрiктiрiлген еңбек демалысы екi мерзiмде берiлуi мүмкiн;
      2) ұзақтығы 40 және одан көп тәулiктiк еңбек демалысына құқығы бар лауазымды адамдарға олардың қалауы бойынша кезектi еңбек демалысын екi бөлiп алуға рұқсат етiледi. Бұл ретте еңбек демалысының бiр бөлiгi кемiнде 30 тәулiк болуы тиiс, ал жол жүруге уақыт тек еңбек демалысының бiр бөлiгiне ғана берiледi;
      3) жасына, денсаулық жағдайына немесе штаттардың қысқаруына байланысты кеден органдарынан жұмыстан босатылғандарға сол жылы олардың қалауы бойынша кезектi еңбек демалысы 10 тәулiк мерзiмге берiледi немесе Мемлекеттiк кеден комитетiнiң төрағасы белгiлеген мөлшерде және тәртiппен тиiстi ақшалай өтемақы төленедi;
      4) кезектi еңбек демалысы кезiнде ауырып қалғандарға еңбек демалысы емделiп жүрген тәулiктерiнiң санына қарай ұзартылады;
      5) штаттық лауазымдарды атқарып, резервте жүргенде кезектi еңбек демалысын берген кезде демалыстың уақыты резервте жүрген кезеңнiң жалпы ұзақтығынан алынып тасталынады;
      6) басқа мемлекеттiк органдардың жоғары немесе орта арнаулы оқу орындарын бiтiрген соң тiкелей қызметке қабылданғандарға кезектi еңбек демалысы ұзақтығы 30 тәулiк болып берiледi;
      7) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң оқу орындарына жiберiлетiндерге кезектi еңбек демалысы сол оқу орындарына кеткенге дейiн берiледi.
      177. Кеден органдарының әрбiр лауазымды адамына кезектi жыл сайынғы еңбек демалысы кезектi жыл сайынғы еңбек демалыстарының кестесiне сәйкес күнтiзбелiк жыл iшiнде берiлуi тиiс.
      178. Лауазымды адамдарды кезектi еңбек демалыстарынан жеткiлiктi дәлелдерсiз керi шақыруға тыйым салынады. Қызметке өте қажет болған жағдайда тiкелей бастықтың - кеден басқармасы және кеден бастығы не одан жоғары бастықтың жазбаша өкiмi немесе бұйрығы негiзiнде кезектi еңбек демалысынан осы лауазымды адамдарды керi шақыруға жол берiледi. Бұл ретте еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлiгi, әдеттегiдей, үстiмiздегi жылы немесе келесi жылдың бiрiншi тоқсанынан кешiктiрiлмей берiледi. Егер еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлiгi 10 және одан да көп тәулiк болса, еңбек демалысынан тыс жол жүруге уақыт берiледi. Лауазымды адамның қалауы бойынша кезектi еңбек демалысының пайдаланылмаған бөлiгi келесi жылға кезектi еңбек демалысына қосылуы мүмкiн.
      179. Кезек күттiрмес әлеуметтiк-тұрмыстық мәселелердi шешу, туыстық борышты орындау үшiн, сондай-ақ басқа дәлелдi себептермен кеден органдарының лауазымды адамдарына демалатын жерiне барып қайтуға қажеттi уақытты санамай, жыл iшiнде ұзақтығы 10 тәулiкке дейiн қысқа мерзiмдi ақылы еңбек демалысы берiлуi мүмкiн.
      180. Қысқа мерзiмдi еңбек демалысы кезектi жыл сайынғы еңбек демалысына есептелiнбейдi.
      181. Сырқаттануға байланысты еңбек демалысы кеден органдарының лауазымды адамдарына әскери-дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы негiзiнде берiледi.
      182. Сырқаттануға байланысты еңбек демалысының ұзақтығы сырқаттың сипатына қарай айқындалады. Сырқаттануға байланысты еңбек демалысында және емдеу мекемелерiнде емдеуде үздiксiз болу уақыты заңдармен емделуде болудың ұзағырақ мерзiмдерi қарастырылған жағдайларды қоспағанда жалпы алғанда төрт айдан аспауы тиiс. Бұл мерзiм тiкелей бастықтың - облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, Республика астанасы кеден басқармасы және кеден бастығы, оған тең және одан жоғары бастықтың шешiмiмен емдеу мекемесiнiң қорытындысы негiзiнде ұзартылуы мүмкiн. Сырқаттануға байланысты еңбек демалысында және емдеу мекемелерiнде емдеуде үздiксiз болудың белгiленген мерзiмi өткенде кеден органдарының лауазымды адамдары одан арғы қызметке жарамдылығы туралы мәселенi шешу үшiн әскери-дәрiгерлiк комиссияның куәландыруына жатады.
      183. Кеден органдары лауазымды адамдарының қызметтiк мiндеттерiн орындау кезiнде олардың алған жарақатына, жарым-жандылығына немесе зақымына байланысты емдеуде болу уақыты шектелiнбейдi. Аталған лауазымды адамдар дәрiгерлiк куәландыруға емдеу аяқталған соң немесе сырқат анықталған кезде жiберiледi.
      184. Сырқаттануға байланысты еңбек демалысы кезектi жыл сайынғы еңбек демалысының есебiне жатпайды.
      185. Лауазымды адамдарды кеден органдарындағы қызметтен босатқан кезде сырқаттануға байланысты еңбек демалысы берiлмейдi.
      186. Әлеуметтiк еңбек демалыстары (бала тууға, оны күтуге байланысты) кеден органдарының лауазымды адамдарына заңдарға сәйкес берiледi. Бұл ретте әлеуметтiк еңбек демалыстарының ұзақтығы, оны беру мен төлеу шарттары заңдарымен белгiленедi.
      187. Әлеуметтiк еңбек демалыстары кезектi еңбек демалысынан тыс берiледi.
      188. Кеден органдарының лауазымды адамдарына:
      1) Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң оқу орындарында оқытудың күндiзгi нысанында оқып жүргендерге демалыстық еңбек демалыстары - қыста (ұзақтығы 14 тәулiкке), жазда (ұзақтығы 30 тәулiкке) берiледi;
      2) негiздемелер бойынша және заңдармен белгiленген мерзiмге шығармашылық еңбек демалыстары берiледi.
      189. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң оқу орындарын бiтiргендерге ұзақтығы 30 тәулiкке еңбек демалысы берiледi. Осы еңбек демалысы, сондай-ақ басқа мемлекеттiк органдардың жоғары және орта арнаулы оқу орындарының бiтiрушiлерiне осы оқу орындарын бiтiргеннен кейiн бiрден кеден органдарына қызметке қабылданғанда берiлетiн еңбек демалысы үстiмiздегi жылы кезектi жыл сайынғы еңбек демалысы есебiне есептеледi.
      190. Оқу орнын бiтiруге байланысты еңбек демалысын тиiстi қызметтi өткеретiн жерiне жiбергенге дейiн пайдалануға тиiс.
      191. Қосымша еңбек демалыстары:
      1) кеден органдарының лауазымды адамдарына кезектi жыл сайынғы еңбек демалысынан тыс берiледi;
      2) кеден органы лауазымды адамының қалауы бойынша кезектi жыл сайынғы еңбек демалысына қосылып және бiр мезгiлде немесе жеке берiлуi мүмкiн. Бұл ретте қосымша және кезектi еңбек демалыстарының жалпы үздiксiз ұзақтығы 55 тәулiктен аспауға тиiс.
      192. Кеден органдарының мiндеттерiн зиянды жағдайларда орындайтыны және қызметiнiң ерекше сипаты үшiн қосымша еңбек демалыстарына құқығы бар лауазымды адамдарға осы еңбек демалысы заңдарда көзделген жағдайлардан басқа негiздемелердiң бiрi бойынша ғана олардың таңдауымен берiледi.
      193. Кеден органдары лауазымды адамдарының ақшалай төлемi:
      1) штаттағы атқаратын лауазымы жалақыдан;
      2) берiлген дербес атақ үшiн қосымша төлемнен;
      3) төмендегi проценттiк үстеме; заңдармен көзделген мемлекеттiк қызметтiң, сондай-ақ әскери қызметтiң басқа түрлерi ескерiлiп есептелiнетiн еңбек сiңiрген жылдары;
      4) Үкiмет белгiлеген басқа да ақшалай төлемдерден тұрады.
      194. Кеден органдарының еңбек сiңiрген жылдары бойынша жұмыстан босатуға құқығы бар лауазымды адамдарына кеден органдары лауазымды адамдары ретiнде олар еңбек қызметiн жалғастырған жағдайда 50-процент көлемiнде зейнетақы төленедi.
      195. Ұзақтығы белгiленгеннен тыс жұмыс iстегені үшiн және демалыс және мереке күндерi жұмыс iстегенi үшiн еңбекке ақы төлеу заңдарға сәйкес жүргiзiледi.
      196. Кеден органдарының Үкiмет белгiлеген тәртiппен қызметтiк тұрғын үй қоры болуы мүмкiн.
      197. Кеден органы лауазымды адамының қызметтiк жұмыстарын жүзеге асыруға байланысты қаза табуы жағдайында оның отбасының кеден органы лауазымды адамының қаза тапқан күннен бастап бiр жылдан кешiктiрiлмей есепке алынған кездегi негiздерде тұрғын үй алаңын алуға құқығы сақталады.
      198. Кеден органдарының лауазымды адамдарына пәтерлiк телефондар техникалық мүмкiндiктер бар болса, өтiнiш берiлген күннен бастап үш айда орнатылады.
      199. Кеден органдарының лауазымды адамдары қызметтiк iс-сапарларға жол жүрген және болған кездерiнде қызметтiк мақсатта "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығымен белгiленген құқықтар мен жеңiлдiктердi пайдаланады.
      200. Кеден органдарының лауазымды адамдары және олармен бiрге тұратын олардың отбасы мүшелерi, сондай-ақ кеден органдарының зейнеткерлерi Үкiмет белгiлеген тәртiппен тиiстi мемлекеттiк денсаулық сақтау мекемелерiнде медициналық және санаториялық-курорттық қызметтi пайдаланады.
      201. Кеден органдарының лауазымды адамдары республикалық бюджет есебiнен мемлекеттiк мiндеттi жеке сақтандыруға жатады. Сақтандыру сомалары "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына сәйкес төленедi.
      202. Кеден органы лауазымды адамының қаза тапқан (қайтыс болған), зақым алған немесе денсаулығына өзгедей зиян келген жағдайда жәрдемақы төлеу және материалдық залалдың орнын толтыру "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығы және Үкiмет белгiлеген шекте және тәртiппен республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi.
      203. Кеден органдары лауазымды адамдарын әлеуметтiк қорғаудың қосымша шаралары Үкiмет бекiтетiн Кеден қызметiн әлеуметтiк дамыту мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету қоры туралы ережемен белгiлеген тәртiппен және шарттарда Кеден органдарын әлеуметтiк дамыту мен материалдық-техникалық қамтамасыз ету қорының қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
      204. Кеден органдарындағы қызметтi доғарудың негiздерi:
      1) кеден органдарынан жұмыстан босату;
      2) Қазақстан Республикасы азаматтығын жоғалту;
      3) кеден органы лауазымды адамының заңдарымен белгiленген тәртiппен iс-түссiз жоғалды деп тану;
      4) кеден органы лауазымды адамының қаза табуы (қайтыс болуы);
      5) заңдармен және осы Ережемен көзделген өзге де негiздер болып табылады.
      205. Егер жұмыстан босатылатындар Қазақстан Республикасының "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Заңымен белгiленген шектiк жасқа жетпесе, дербес атақтары бар және денсаулығы бойынша әскери қызметке жарамды адамдарды запаста тұруы үшiн запасқа:
      1) зейнеткерлiкке құқық беретiн еңбек сiңiрген жылдары (қызмет мерзiмi) бойынша;
      2) қызметте болудың шектiк жасына жеткендiгi бойынша;
      3) денсаулық жағдайына байланысты - әскери-дәрiгерлiк комиссиясының қорытындысы бойынша;
      4) басқа лауазымды пайдалануға мүмкiн болмайтын жағдайда

 

штаттардың қысқаруына немесе кеден органдарының қайта

ұйымдастырылуына байланысты;

     5) егер лауазымды адам қызметтi жалғастыруға тiлек бiлдiрмесе,

контрактiде көзделген қызмет мерзiмiнiң өтуiне байланысты;

     6) өз қалауы бойынша;

     7) басқа мемлекеттiк органдарға, ұйымдарға жұмысқа ауысуына

байланысты;

     8) сынақ мерзiмi кезiнде қызметке жарамсыздығы анықталған

жағдайда;

     9) аттестациялау тәртiбiндегi қызметке сәйкес келмейтiндiгi

бойынша;

     10) қызметтiк тәртiптi жүйелi немесе бiр рет дөрекi бұзғаны

үшiн;

     11) кеден органдары лауазымды адамдарының атағына нұқсан

келтiретiн терiс қылық жасағаны үшiн;

     12) соттың кiнәлау өкiмiнiң заңды күшiне енуiне байланысты

босатылады.


 
       206. Егер жұмыстан босатылатындар "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңмен белгiленген шектiк жасқа жетсе, дербес атақтары бар немесе әскери-дәрiгерлiк комиссия денсаулығы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп тапса (әскери есептен шығарылып), запаста тұруы үшiн отставкаға баруға:
      1) жасына байланысты - "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңмен белгiленген шектiк жасқа жетсе, дербес атақтары бар адамдарды запаста тұруы үшiн;
      2) денсаулығы бойынша - әскери-дәрiгерлiк комиссияның әскери қызметке жарамсыз деген қорытындысының негiзiнде әскери есептен шығарылып, жұмыстан босатылады.
      207. Кеден органдарының лауазымды адамдары:
      1) өз қалауымен қызметтен босауға тiлек бiлдiргендер кеден органының тiкелей бастығына өздерiнiң қабылдаған шешiмдерi жөнiнде жоспарланып отырған босау күнiне дейiн екi ай бұрын ескертедi, ол туралы оған рапорт бередi;
      2) контрактiнiң шартын бұзғаны үшiн босатылатындарды қоспағанда, басқа негiздер бойынша қызметтен босатылатындар осы Ереженiң талаптарына сәйкес алдағы босау туралы босағанға дейiн екi ай бұрын хабардар етедi.
      208. Кеден органдарының аға және жоғарғы басшы құрамның дербес атақтары бар лауазымды адамдары 205-тармақтың 1, 2, 3, 4-тармақшаларында, 206-тармақтың 1, 2-тармақшаларында көзделген негiздер бойынша зейнеткерлiкке шығатын кезде нысанды киiм киiп жүруге рұқсат етiледi.
      209. Кеден органдарының тиiстi еңбек сiңiрген жылдары бар кiшi, аға және жоғары басшы құрамының адамдары осы органдарда мынадай шектiк жастарға дейiн қызметте тұрады:
      1) кеден қызметiнiң III дәрежелi инспекторы, кеден қызметiнiң II дәрежелi инспекторы, кеден қызметiнiң I дәрежелi инспекторы, кеден қызметiнiң III дәрежелi кеңесшiсi, кеден қызметiнiң II дәрежелi кеңесшiсi - 45 жасқа дейiн;
      2) кеден қызметiнiң I дәрежелi кеңесшiсi - 50 жасқа дейiн;
      3) кеден қызметiнiң III дәрежелi мемлекеттiк кеңесшiсi, кеден қызметiнiң II дәрежелi мемлекеттiк кеңесшiсi, кеден қызметiнiң I дәрежелi мемлекеттiк кеңесшiсi - 55 жасқа дейiн;
      4) кеден қызметiнiң толық мемлекеттiк кеңесшiсi - 60 жасқа дейiн.
      210. 209 және 214-тармақта көзделген шектiк жастарға жеткенде кеден органдарының лауазымды адамдары запасқа шығарылуға (әскери есепке қойылып) немесе отставкаға баруға жатады.
      211. Қызмет мүддесi үшiн осы адамдардың кейбiреулерiн өздерiнiң келiсiмi бойынша оңды аттестациямен денсаулығы, қызметке қатынасы ескерiлiп, тиiстi лауазымдарға тағайындау құқығы берiлген бастықтар оларды кеден органдарында бес жылға дейiнгi мерзiмге белгiленген шектiк жастан асыра қызметте дербес тәртiппен қалдыра алады. Бұл ретте оларға тағайындалуы мүмкiн зейнетақының 50 процентiн төлеу белгiленедi.
      212. Ерекше жағдайларда кеден органдарының аға және жоғары басшы құрамның қатарынан лауазымды адамдарды қызметте қалдыру мерзiмi осындай тәртiппен бес жылға дейiн, ал ғылыми дәрежесi немесе атағы бар кейбiреулерiне он жылға дейiн бiрақ 65 жастан асырылмай ұзартылуы мүмкiн.
      213. Мерзiмдi ұзарту мәселесiн шешу кезiнде аталған адамдарды олардың қызметке жарамдылығын анықтау үшiн медициналық комиссияға жiберу мiндеттi шарт болып табылады.
      214. Қызметтегi жағдайының мерзiмiн ұзарту туралы шешiм кеден органының лауазымды адамын осы Ережемен көзделген негiздер бойынша жұмыстан босату мүмкiндiгiн жоққа шығара алмайды.
      215. Кеден органдарының қатардағы және кiшi басшы құрамның лауазымдарында тұрған лауазымды адамдарын жұмыстан босатуды тiкелей бастықтар өз құзыретi шегiнде жүргiзедi.
      216. Кеден органдарының аға және жоғары басшы құрамның лауазымдарында тұрған лауазымды адамдарын жұмыстан босатуды:
      1) бөлiм бастықтарына дейiн қосып алғанда - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң төрағасы, облыстық, республикалық маңызы бар қалалық, Республика астанасының кеден басқармаларының бастықтары, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң төрағасы осындай құқық берген бастықтар;
      2) кеден басқармалары мен кедендер бастықтарына дейiн қосып алғанда және кеден органдарының жоғары басшы құрамның қатарынан лауазымды адамдарды - егер заңдармен өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң төрағасы жүргiзедi.
      217. Кеден органдарының лауазымды адамдарына өздерiнiң бастықтары кеден органдарының контракт, шарттарын бұзғаны үшiн, сондай-ақ осы Ереженiң 205-тармағының 7, 9, 10, 11, 12-тармақшаларына сәйкес босатылатын лауазымды адамдарын қоспағанда босатуға екi айдан кешiктiрмей хабардар етедi.
      218. Кеден органдарының қаза тапқан, қайтыс болған, заңдармен белгiленген тәртiппен iз-түзсiз жоғалды деп танылған, сондай-ақ дербес атақтан айырылғандар Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кеден комитетiнiң Төрағасы белгiлейтiн тәртiппен кеден органдары кадрларынан шығарылады.
      219. Кеден органдарының лауазымды адамдарын зейнетақымен қамтамасыз ету iшкi iстер органдарының басшы және қатардағы құрамының адамдарын зейнетақымен қамтамасыз ету туралы заңдарға сәйкес белгiленедi.
      220. Кеден органдарының белгiленген тәртiппен заңсыз, негiзсiз қызметiнен ауыстырылған, атқаратын лауазымынан шеттетiлген немесе лауазымы төмендетiлген, дербес атақтан айырылған не болмаса дербес атағы төмендетiлген, сондай-ақ кеден органдарынан заңсыз босатылған лауазымды адамдардың кеден органдарындағы тиiсiнше лауазымы, дербес атағы және қызметi қалпына келтiруге немесе соған тең лауазымдарға қоюға жатады.
      221. Кеден органдарында қызметтi (лауазымды, дербес атақты) қалпына келтiрудiң негiздерi:
      1) босату, лауазымын төмендету немесе дербес атақтан айыру туралы шешiмдi қабылдаған бастықтардың жасаған қызметтiк тексеру нәтижелерi бойынша қорытындысы;
      2) соттың ақталған өкiмiнiң заңды күшiне енуi;
      3) кеден органының заңдармен белгiленген тәртiппен ақталған лауазымды адамының тиiстi өтiнiшi.
      222. Кеден органдарында қызметтi (лауазымды, дербес атақты) қалпына келтiру, егер адамның өтiнiшi босатудың, лауазымын, дербес атақты төмендетудiң заңсыздығы туралы шешiм қабылдаған күннен бастап соның артынша үш ай iшiнде берiлсе, өтiнiш жасалған күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей жүргiзiледi.
      223. Заңсыз босату, лауазымын, дербес атақты төмендетуге байланысты жұмыстан бос жүруге мәжбүр болу уақыты кеден органдарындағы қызметтiң стажына (күнтiзбелiк есептеу бойынша) және дербес атақпен еңбек сiңiрген жылдарына қосылады.
      224. Заңсыз босатылған, кейiн кеден органдарында қызметi қалпына келтiрiлген лауазымды адамдарға кезектi дербес атақты беру, проценттiк үстеменi төлеу мен зейнетақыны тағайындау үшiн еңбек сiңiрген жылдарын есептеу кезiнде ескерiлетiн қызметтiң үздiксiз стажына олардың босатылған күнiнен бастап қызметтi қалпына келтiру туралы бұйрыққа қол қойылған күнге дейiнгi уақыт қосылады.
      225. Кеден органдарының соттың өкiмiнiң заңды күшiне енуiне байланысты, одан кейiн заңдармен белгiленген тәртiппен ақталған лауазымды адамдарына келтiрiлген зиянның орнын толтыру заңдарға сәйкес жүзеге асырылады.
      226. Кеден органдарының заңсыз немесе негiзсiз қызметiнен ауыстырылған, лауазымы немесе дербес атағы төмендетiлген кеден органдарынан босатылған лауазымды адамдарына лауазымы, дербес атағы не кеден органдарындағы қызметтi қалпына келтiргенге дейiнгi кезең үшiн, бiрақ бiр жылдан асырылмай, олардың босатылған лауазымы және бұрын алған дербес атағы бойынша ақшалай төлем төленедi, босату кезiнде және қызметi қалпына келтiргенге дейiн ұйымдарда жұмыс iстеген, кәсiпкерлiк қызметпен айналысқан лауазымды адамдарға кеден органдарындағы соңғы лауазымы бойынша алатын және қызметтегi амалсыз үзiлiс кезiндегi нақты жалақының арасындағы ақшалай төлемнiң айырмасы өтеледi.
      227. Кеден органдарының заңды бұза отырып, қызметiнен ауыстыру, лауазымын, дербес атақты төмендету, кеден органдарынан босату туралы шешiм қабылдаған немесе кеден органдарында лауазымды, дербес атақты және қызметтi қалпына келтiру туралы шешiмнiң орындалуын кiдiрткен лауазымды адам тәртiптiк жауапкершiлiкке тартылады және заңсыз, негiзсiз қызметiнен ауыстыру, лауазымы мен дербес атағын төмендету, кеден органдарынан босату себебiмен лауазымды адамдарға жүргiзiлген төлемдерге байланысты кеден органдарына келтiрiлген зиянның орны еңбек туралы заңдармен белгiленген мөлшерде орны толтырылады.
      228. Мемлекеттiк тергеу комитетi, iшкi iстер, прокуратура, салық полициясы органдарының кеден органдарына қызметке ауысқан қызметкерлерi мен әскери қызметшiлерiне, мемлекеттiк қызметшiлерге оларды қатардағы және басшы құрамның тиiстi лауазымдарына тағайындаған соң, олардың бұрынғы әскери және арнайы атақтары, сыныптық шендерi мен бiлiктiлiк сыныптары кеден органдары лауазымды адамдарының дербес атақтарына теңестiрiледi.
      229. Дербес атақтарымен еңбек сiңiрген жылдары запастағы жағдайының мерзiмдерiн қоспағанда әскери және арнайы атақтарымен, сыныптық шендерiмен еңбек сiңiрген жылдарын ескере отырып, оларды берген күннен бастап есептеледi.
      230. Осы - бапта аталған қызметкерлерге кеден органдарындағы еңбек сiңiрген жылдары әскери қызметпен немесе еңбектегi қызметпен байланысты үзiлiстерге қарамастан әскери және арнайы атақтарды, сыныптық шендердi берудi көздейтiн лауазымдардағы жұмыстарының уақыты ескерiлiп есептеледi.
      231. Кеден органдары лауазымды адамдарының соғыс уақтысында және төтенше жағдай енгiзiлген жерлерде қызмет өткерудiң ерекшелiктерiн Үкiмет белгiлейдi.
      232. Кеден органдарының қаза тапқан немесе қайтыс болған

 

лауазымды адамын және зейнеткерiн жерлеу үшiн олардың үш айлық

ақшалай төлемiнiң мөлшерiнде бiржолғы ақшалай өтемақы төленедi. Бұл

ретте жерлеудi ұйымдастыру тиiстi кеден органдарының бастықтарына

жүктеледi.

     233. Кеден органдарының лауазымды адамдарын жерлеу кезiндегi

құрмет көрсету жөнiндегi тәртiптi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк

кеден комитетiнiң төрағасы белгiлейдi.

     234. Кеден органдарында қызмет өткерудiң тәртiбiне және

шарттарының сақталуын қадағалауды Қазақстан Республикасының Бас

прокуроры және оған байланысты прокурорлар жүзеге асырады.


                                  Қазақстан Республикасы

                                       Үкiметiнiң

                                  1996 жылғы 16 қыркүйектегi

                                  N 1119 қаулысымен

                                         Бекiтiлген


           Қазақстан Республикасының кеден органдары

                    лауазымды адамдарының

                           АНТЫ


     Мен,__________________________________________________________

                            (аты-жөнi)


 
       Қазақстан Республикасының азаматы, кеден органдарына қызметке кiре отырып, Қазақстан Республикасының экономикалық мүддесiн, егемендiгi мен қауiпсiздiгiн қорғау iсiндегi өз жауапкершiлiгiмдi ұғына отырып:
      Қазақстан Республикасының халқы мен Президентiне адал болуға;
      өз қызметiмде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен

 

заңдарының, осы Анттың талаптарын мүлтiксiз сақтауға;

     өкiмет өкiлi ретiнде қызметтiк мiндеттерiмдi орындаған кезде

азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын, мемлекеттiң мүддесiн

сақтауға;

     өзiме жүктелген мiндеттердi адал орындауға, кеден органдарының

қызметкерi деген жоғары атақты қадiр тұтуға, мемлекеттiк құпиялар

мен қызметтiк құпияны сақтауға ант етемiн;

     егер өзiм қабылдаған антты бұзсам, мен Қазақстан

Республикасының заңдарында белгiленген жауапкершiлiкте болуға

әзiрмiн.

     19__жылғы "__"_______________         _____________________

                                              (жеке қолы)






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады