Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi шетелдегi мекемелерiнiң жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып алуы және жалдауы, үй-жайлары мен ғимараттарының күрделi құрылысы мен жөндеуi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 қыркүйектегі N 1144 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 128 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 24.02.2014 № 128 қаулысымен.

      Шетелдегi қазақстандық елшiлiктер мен өкiлдiктердiң жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып алуы және жалдауы, үй-жайлары мен ғимараттарының күрделi құрылысы мен жөндеу процесiн реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi шетелдегi мекемелерiнiң жылжымайтын мүлiктi сатып алуы, ұзақ мерзiмдiк жалдау, тәртiбi, үй-жайлары мен ғимараттарының күрделi құрылысы, оларды ағымдағы және күрделi жөндеуден өткiзу туралы қоса берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
      2. Шетелде жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып алуға және олардың құрылысына республикалық бюджетте ақша бөлудi жыл сайын жоспарлау туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң ұсынысы қабылдансын.
      3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi шетелде тұрған және Қазақстан Республикасына тиесiлi жер учаскелерiнiң, үй-жайлар мен ғимараттардың бағасын тiркеудiң және есепке алудың тәртiбiн белгiлесiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

                                        Қазақстан Республикасы
                                            Үкiметiнiң
                                     1996 жылғы 19 қыркүйектегi
                                         N 1144 қаулысымен
                                             БЕКIТIЛГЕН

        Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi шетелдегi
        мекемелерiнiң жылжымайтын мүлiктi сатып алу, ұзақ мерзiмдiк
        жалдау, үй-жайлар мен ғимараттар салу және олардың ағымдағы
              және күрделi жөндеуiн жүргiзу тәртiбi туралы
                                 ЕРЕЖЕ

       Осы Ереже Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетелдегi мекемелерiнiң жер учаскелерiн, қызметтiк-тұрғын үйлер мен ғимараттарды сатып алу, ұзақ мерзiмдiк жалдау, шетелде үй-жайлар мен ғимараттардың күрделi құрылысын салу, оларды ағымдағы және күрделi жөндеулерден, қайта жаңартудан өткiзу тәртiбiн көздейдi.
 
          1. Жылжымайтын мүлiктi сатып алу немесе жалдау туралы
        ұсыныстарды әзiрлеу және тиiстi келiсiмдердi жасау тәртiбi
 
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетелдiк мекемелерi жылжымайтын мүлiктi (үй-жайларды, жер учаскелерiн және т.б.) сатып ала алады немесе Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң рұқсатымен сатып алынған немесе жалға алынған жер учаскелерiндегi үй-жайлар мен ғимараттардың күрделi құрылысын жүзеге асырады.
      Жер учаскелерiн, үй-жайларды және ғимараттарды жалдау Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен келiсiм бойынша және республиканың дипломатиялық өкiлдiктерiн ұстауға бөлiнген шығыс сметасында көзделген, жалға бөлiнген жалпы қаражаттардың шектерiнде жүргiзiледi.
      2. Жер учаскелерiн, үй-жайларды сатып алу және ұзақ мерзiмдi жалдау туралы, меншiктi үй-жайлар құрылысы (қайта жаңартылуы) туралы ұсыныстарды, әзiрлеудi шетелдiк мекемелер экономикалық мақсаттылықты, осы мәселе бойынша жергiлiктi заңдарды, сондай-ақ орналасқан елдегi осыған ұқсас мәмiлелер немесе құрылыс, әдетте жүзеге асырыларда ескерiлетiн басқа барлық қаржылық және техникалық жағдайларды негiздi түрде зерделеу жолымен жүргiзiледi.
      3. Қажеттi мүлiктiң түрлерiн iрiктеген соң шетелдiк мекеме Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне өз ұсынысын саяси, қаражат-экономикалық және техникалық көзқарас тұрғысынан, сондай-ақ жоғарыда аталған жағдайларды және оған орналасқан елдегi үкiмет тарапынан көзқарасты ескере отырып, егжей-тегжейлi негiздеудi табыс етедi. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiне шетелдiк мекеменiң берген ұсыныстарында мына төмендегi материалдар мен мәлiметтер болуға тиiс:
      қаладағы иелiктер көрсетiлген оның туристiк картасы, учаскенiң, оған жапсарлас жатқан үй-жайлардың, ғимараттар мен өтетiн коммуникациялардың мақсаты суреттелген ситуациялық жоспар;
      жылжымайтын мүлiктiң ресми мекен-жайы;
      жер учаскесiнiң, оның iшiнде үй-жайлар салынған және көшет егiстер бар алаң. Салынған үй-жайларды бұзу және көшет егiстерiн шауып тастау мүмкiндiгi. Учаскенi, оның көркейтiлгенi туралы, рельефi, су жайылуын суреттеу сипатын және т.б. Периметр бойынша қоршаудың, оның материалы мен мөлшерiнiң болуы. Учаскенiң және үй-жайлардың фото-суреттерi;
      көршiлес орналасқан, Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi шетелдiк мекемелерiнiң жұмысы үшiн қолайсыздық жасайтын ресторандардың, қонақ үйлердiң, мекемелер мен басқа да объектiлердiң, жоғары вольттi беру желiлерiнiң, сондай-ақ теле және радио қондырғылардың 2 километрлiк аймақта болуы;
      бұдан әрi бос алаңда үй-жайды, қосымша үйлердi немесе қазiргi бар үйге қосып жай салудың мүмкiндiгi;
      үй-жайлар мен ғимараттардың техникалық жай-күйi салынған жылы және олардың қандай материалдардан салынғаны;
      коммуникациялардың жай-күйi (су құбыры, канализация, от жағу, электрмен жабдықтау және т.б.);
      әрбiр үй-жайдың жалпы алаңы мен қабаттылығы, жер қабатының болуы, барлық мекен-жайлардың көлемдерi көрсетiлген қабат бойынша жоспарларды, кесiндi жерлерi, қас беттерi;
      бұдан әрi үй-жайды бұзу немесе жер учаскесiн (оның бiр бөлiгiн) қолдағы бар жоспарға немесе қаланың қайта жаңаруына, жолдардың кеңейтiлуiне, жолдардың төселуi туралы және т.б. байланысты алып қойылуы көзделiп отырған жоқ па;
      әрбiр мекен-жайды қалай пайдалану көзделiп отыр;
      жылжымайтын мүлiк кiмге тиесiлi және кiмнiң атына тiркелген (меншiк иесiнiң толық атауы және оны сипаттайтын басқа да мәлiметтер, оның жылжымайтын мүлiкке қандай заңды құжаттарының барлығы);
      жылжымайтын мүлiк борыштардан, кепiлдерден, сервитуттардан және басқа да жүктемелерден (титулдың тазалығы) бос па - ол кадастр кiтаптарынан алынған қысқаша жазба бойынша тексерiледi;
      орналасқан елдiң Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң аталған жылжымайтын мүлiктi Қазақстан Республикасының меншiгiне сатуға және оны салықтардан босатуға жазбаша келiсiмi;
      мәмiленi ресiмдеу жөнiндегi жергiлiктi практика бойынша сатып алушы ретiнде шетелдiк мекемеге қандай шығындар жүктелуi мүмкiн;
      жергiлiктi адвокаттың немесе Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi өкiлiнiң мәмiлені жасасу кезiнде қандай көмегi талап етiледi және дәл айтқанда қайсысы;
      сатушының немесе жалға берушiнiң келiсiмiнiң негiзгi шарттарын баяндай отырып берген жазбаша ұсынысы (бағасы, төлем мерзiмдерi және қандай валютада, жалдау мерзiмi, жылжымайтын мүлiктiң шетелдегi мекеменiң толық иелiгiне қашан берiлетiндiгi, жылжымайтын мүлiктi сақтандыру және т.б.) егер мәмiле жасалмаған жағдайда олардың талаптары болмайтындығын ескерумен;
      жылжымайтын мүлiктi сатып алу жөнiндегi операцияны қаржыландырудың мүмкiн көзi мен жағдайлары (ұзақ мерзiмдiк кредит, мақсаты бюджеттiк қаржыландыру, лизинг және т.б.);
      шетелдiк мекеменiң мұқтаждары үшiн үй-жайларды бейiмдеуге (қайта жаңартуға) шамаланған шығындар (қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, мүкаммалды, жабдықтарды және т.б. сатып алу).
      4. Жылжымайтын мүлiктi сатып алудың немесе жалдаудың мейлiнше қолайлы нұсқасын айқындау мақсатында сол жерлерге Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң немесе басқа да орталық атқарушы органдардың мамандары жiберiлуi мүмкiн.
      5. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң басшылығы елшiлiктер мен өкiлдiктердi ұстауға бекiтiлген бюджеттiк қаражаттардың шектерiнде, кейiннен қабылданған шешiм туралы шетелдiк мекемелерге жазбаша хабарландырулар жiберумен қызметтiк-тұрғын үй-жайлар мен оларға қосылып берiлетiн жер учаскелерiн жалдау туралы қызметтiк шешiм қабылдайды.
      6. Шетелдiк мекемеден жылжымайтын мүлiктi сатып алу жөнiндегi келiсiм жобасының негiзгi шарттары бойынша алынған ұсыныс Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қарауына оны Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң тиiстi келiсiмiнен соң қаулының жобасы түрiнде енгiзiледi.
      7. Қазақстан Республикасының Үкiметi жылжымайтын мүлiктi сатып алу туралы қаулыны қабылдаған соң шетелдiк мекемеге осы Ереженiң 4-тармағына сәйкес келiсiм жобасының негiзгi шарттары туралы бұрынырақ жүргiзiлген жұмыстың негiзiнде иесiмен келiсiм бойынша келiссөздер жүргiзуге және келiсiмiнiң түпкiлiктi жобасын әзiрлеуге кiрiсу тапсырылады.
      8. Жылжымайтын мүлiктi сатып алу туралы келiсiмiнiң шетелдiк мекеме табыс еткен түпкiлiктi жобасы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi қорытынды жасайды және қараудың нәтижелерi шетелдiк мекемеге хабарланады.
      9. Республика меншiгiне шетелде жылжымайтын мүлiк объектiлерiн сатып алу туралы Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң атынан келiсiмге қол қою күрделi құрылыс мәселелерiне жетекшiлiк ететiн, егер Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысында өзгедей ескерiлмесе, Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасарына жүктеледi.
      Жер учаскелерi мен үй-жайларын жалдау шартына Қазақстан Республикасы елшiлiгiнiң (өкiлдiгiнiң) атынан қол қою құқығы Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi шетелдiк мекемесiнiң бiрiншi басшысына жүктеледi.
      10. Меншiкке сатып алынған жылжымайтын мүлiктi тiркеу мен есепке алуды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi мен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгi жүргiзедi.
 
             2. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң
                  шетелдiк мекемелерi үшiн үй-жайлар құрылысын
                         және қайта жаңартуды жобалау
 
      11. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi шетелдiк мекемелер үшiн үй-жайлар мен ғимараттарды жобалау мен олардың құрылысы бұған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң тиiстi рұқсаты мен Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi бекiткен жобалау тапсырмасы болғанда ғана басталуы мүмкiн.
      12. Жобалау мен құрылыс басталғанға дейiн шетелдiк мекемеде жергiлiктi заңдарға сәйкес барлық қажеттi, Қазақстан Республикасының меншiгiне сатып алынған немесе ұзақ мерзiмдi жалға алынған, құрылыс жүзеге асырылатын жер учаскесiне заңдық құжаттама болуға тиiс.
      13. Шетелдiк мекемелер үшiн үй-жайларды жобалауға тапсырманы соңынан мүдделi министрлiктермен және орталық атқарушы органдармен келiсе отырып Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi әзiрлейдi.
      14. Жұмыс жобаларын даярлау мен тендер құжаттарын жасауды, бұл қажет болғанда, шетелдiк мекеме жүзеге асырады, әдетте осы мақсаттарда жобалауға жасалынған шарттардың негiзiнде жергiлiктi фирмалардың күшiмен жүзеге асырады.
      15. Жобалауға жасалатын контрактiлердi Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң келiсiмi бойынша республиканың дипөкiлдiктерi әзiрлейдi және жасайды.
      16. Құрылыс жөнiндегi мердiгерлiк ұйымды таңдау, әдетте техникалық жоба мен тендер құжатының негiзiнде сату жұмыстарын жүргiзу жолымен жүзеге асырылады.
      17. Құрылыстың түпкiлiктi конрактiлiк бағасын айқындаған соң дипөкiлдiк күнi бұрын мердiгермен құрылысқа арналған контракт жобасын келiседi және оны жиынтық сметасымен бiрге Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң қарауына жiбередi.
      18. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң немесе Сыртқы iстер министрлiгiнiң (объект құрылысының бағасына қарай) бұрын қабылдаған шешiмiнiң негiзiнде әзiрленген құрылыстың жиынтық сметасы тиiстi министрлiктерде, мемлекеттiк комитеттерде және басқа да орталық атқарушы органдарда сараптаудан өтедi және оны Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi бекiтедi.
      19. Құрылыс жөнiндегi контрактiге Қазақстан Республикасының жер учаскесiне құқықтары туралы құжаттар, бекiтiлген жобалау-сметалық құжаттар және жергiлiктi өкiметтiң құрылысқа берiлген рұқсаты болғанда Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң атынан күрделi құрылыс мәселелерiне жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрiнiң орынбасары қол қояды.
      20. Объектiлердi жобалауға және оның құрылысына техникалық бақылауды, қажет болғанда, тиiстi ұйымдарды тарта отырып Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жүргiзедi.
 
          3. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгi
           шетелдiк мекемелерiнiң үй-жайлары мен ғимараттарына
         техникалық тексерудi, ағымдағы және күрделi жөндеулердi
            жүргiзудiң, осы үйлердегi жөндеу-құрылыс жұмыстарын
              жүргiзуге сметалық тапсырыстар жасаудың тәртiбi
 
      21. Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетелдiк мекемелерiнiң үй-жайлары мен ғимараттарының құрылыстық конструкциялары мен инженерлiк құрал-жабдықтарының сақталуы жоспарлы-ескертпелi жөндеулер және дер мезгiлiндегi тексерулер жолымен қамтамасыз етiледi.
      22. Жоспарлы-ескертпелi жөндеу жұмысының жүйесi үй-жайлар мен ғимараттарға қадағалау, күтiм жасау жөнiндегi ұйымдық және техникалық, сондай-ақ күнi бұрын тозудың алдын алу мақсатымен, апатты болдырмаудың және үй-жайлар мен олардың құрал-жабдықтарын үнемi iске қосуға әзiрлiк жағдайында ұстаудың алдын ала жасалған жоспары бойынша мезгiл-мезгiл жүргiзiлiп отыратын жөндеу-құрылыс жұмыстарының барлық түрлерi бойынша шаралар жиынтығын көздейдi.
      23. Қызметтiк, өкiлдiк және тұрғын үй-жайлар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының меншiгi болып табылатын (шетелдiк мекеменiң балансында тұрған) жеке тұрған ғимараттар (қазандықтар, гараждар, бассейіндер және т.б.) және шетелдiк мекемелер жалдау шартында алған үй-жайлар пайдалану процесiнде осы үшiн жауап беретiн инженерлiк-техникалық қызметкерлердiң, ал олар болмаған жағдайда - тиiстi мамандығы бар, шетелдiк мекеме бойынша бұйрықпен тағайындалған адамдардың жүйелi түрдегi бақылауында болуы тиiс. Пайдалану барысын жүйелi түрде бақылаудан басқа барлық үй-жайлар мен ғимараттар ауық-ауық тексерiлiп отырады. Бұл тексерулердiң мақсаты жекелеген құрылыс конструкцияларының, сондай-ақ оларда бар инженерлiк құрал-жабдықтардың техникалық жай-күйiн анықтау, сондай-ақ үй-жайлар мен ғимараттарды қалыпты пайдалануды қамтамасыз ету және оларды бюджеттiк сыныптаманың тиiстi баптары бойынша келесi жылға шетелдiк мекемелердiң шығыс сметасының жобасына кiргiзу үшiн жүргiзiлуi қажет жөндеу-құрылыс жұмыстарының көлемiн анықтау болып табылады.
      24. Ағымдағы жөндеу жұмыстары үй-жайлар мен ғимараттардың жекелеген бөлiктерiн, олардың құрал-жабдықтарын қоса алғанда, күнi бұрын тозудан сақтау жөнiндегi, сондай-ақ болар-болмас бүлiнулердi қалпына келтiру жөнiндегi уақтылы жүргiзiлетiн және жүйелi түрдегi жұмыстарды көздейдi.
      Ағымдағы жөндеу жұмыстары үй-жайлар мен ғимараттардың қалыпты техникалық пайдаланылуының және ұзақ сақталуын арттырудың негiзi болып табылады. Пайдалану процесiнде туындайтын жекелеген бүлiнулердi жою жөнiндегi жөндеу жұмыстарын дер кезiнде жоспарлау және жүргiзу олардың одан әрi дамуының алдын алады және үй-жайлар мен құрал-жабдықтарды күнi бұрын тозудан сақтайды және күрделi жөндеу жұмысына деген шығындарды қысқартады.
      25. Жөндеу жұмыстарын жүргiзу шетелдiк мекеменi пайдалану қызметiнiң инженерлiк-техникалық қызметкерiнiң немесе ол болмаған жағдайда тиiстi мамандығы бар, осы үшiн жауапты, бұйрықпен арнайы тағайындалған адамның басшылығымен жүзеге асырылады. Өз жұмысында ол қолданылып жүрген құрылыс нормалары мен ережелерiн, сондай-ақ қауiпсiздiк ережелерi мен өрт сөндiру талаптарын орындау жөнiндегi нормативтiк және нұсқамалық құжаттарды басшылыққа алады.
      26. Үй-жайлар мен ғимараттардың күрделi жөндеуi үй-жайлар конструкцияларының жекелеген бөлiктерiн немесе тұтас конструкцияларын және инженерлiк құрал-жабдықты олардың тозуы мен бұзылуына байланысты ауыстыру және қалпына келтiру болып табылады.
      27. Үй-жайлар мен ғимараттардың күрделi жөндеу жұмыстары шетелдiк мекеменiң келешектегi жоспарларында алдын ала жоспарлануға тиiс.
      Үй-жайлар мен ғимараттардың күрделi жөндеу жұмыстарын ұйымдастырумен мыналар көзделедi:
      күрделi жөндеуге жататын үй-жай немесе оның бөлiктерiн, инженерлiк бөлiктер мен құрал-жабдықтарды анықтау;
      жұмыстарды жүргiзу, келiсу және оларды бекiту үшiн техникалық құжаттаманы әзiрлеу;
      күрделi жөндеу жұмысын жүргiзуге сметалық тапсырыстарды жасау және оларды шығыстардың тиiстi баптары бойынша қаражат алу үшiн Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне өз уақытында тапсыру;
      жұмыстарды жүргiзудiң және техникалық қадағалаудың тәртiбiн белгiлеу;
      жұмыстарды жүргiзу мен оны аяқтау процесiнде есеп жүргiзу.
      28. Үй-жайларды немесе оларды бөлiктерiне күрделi жөндеу жұмысын жүргiзудi белгiлеу және тағайындау үй-жайды жалпы тексеру актiсiнiң мәлiметтерi негiзiнде жүргiзiледi. Ұйғарылып отырған жұмыстардың орындалуы, қажеттiлiгi, сондай-ақ экономикалық мақсатқа лайықтылығы, жұмыстарды жүргiзу жөнiндегi ұсыныстар мен ұсынымдарды, оларды орындаудың жылдық және болашақтағы кестесi, қажеттi құрылыс материалдары мен құрал жабдықтарды сатып алудың көздерi бейнеленген егжей-тегжейлi техникалық қорытынды жасалуға тиiс. Осы қорытындыда жұмыстарды орындаудың мерзiмiн, жұмыс күшiне қажеттiлiк пен жұмысшылардың бiлiктiлiгiн, сондай-ақ осы жұмысты орындау үшiн жергiлiктi фирмалардың мамандары мен жұмысшыларын пайдалану мүмкiндiгiн белгiлеу қажет.
      29. Техникалық қорытындыны әзiрлеу мен жасау үшiн инженер-мамандар, ал қажет болғанда, жобалаушылар да тартылуы мүмкiн. Солардың көмегiмен және қатысуымен жұмыстардың өндiрiсi үшiн қажет жобалау-сметалық құжаттаманың бәрi жасалады.
      30. Жобалау-сметалық құжаттама мен техникалық қорытынды Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiнiң шетелдiк объектiлерiн күрделi жөндеу жұмыстарының жоспары жобасына енгiзу және келiсу үшiн жiберiледi. Аталған мақсаттарға қаражат бөлiнген соң Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi шетелдiк мекемеге қабылданған шешiм туралы тиiстi үзiндiлердi жiбередi.
      31. Үй-жайлар немесе олардың бөлiктерiнiң күрделi жөндеу жұмыстарын орындауға Қазақстан Республикасы Сыртқы iстер министрлiгiмен келiсiлген жобалау-сметалық құжаттаманы және шетелдiк мекеменiң шығыс сметасы бойынша тиiстi қаражат бөлiнген жағдайда ғана кiрiсуге болады.
      32. Күрделi және ағымдағы жөндеулерге қатысты жұмыстарды қаржыландыруға бөлiнген күрделi қаржы қаражаттарының есебiнен жүзеге асыруға тыйым салынады.
      33. Жұмыстың жүргiзiлу үрдiсiнде де, оның аяқталуы бойынша да барлық есеп берушiлiктер Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгiне жолдануға тиiс.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады