1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi "Долина", "Шерубай-Нұра", сондай-ақ "Октябрь революциясының 50 жылдығы атындағы" "Кировская", "Горбачев атындағы", "Байжанов атындағы" шахталарының құрамынан кен-шахта кешенiнiң мүлiктерiн бөлсiн және оны жабық тендерде сату үшiн Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне берсiн. <*>
Ескерту. 1-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.12.20.
N 1575 қаулысымен. P961575_
2. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi көмiр өндiрушi кәсiпорындарды сатудың ерекшелiктерiн неғұрлым толық есептеу және барынша тиiмдi меншiк иесiн айқындау мақсатында "Долина", "Шерубай-Нұра", "Октябрь революциясының 50 жылдығы атындағы", "Кировская", "Горбачев атындағы", "Байжанов атындағы" шахталардың құрамынан бөлiнген мүлiктердi сату жөнiнде жабық тендер өткiзудi Қарағанды облысы бойынша жекешелендiру жөнiндегi комитетке тапсырсын. <*>
Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.12.20.
N 1575 қаулысымен.
3. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi мемлекеттiң мұқтажы үшiн көмiр сатып алу жөнiнде тендер өткiзу кезiнде жоғарыда аталған жекешелендiрiлген шахталардың меншiк иелерiне көмiр сатуға басым құқықтар беру мәселесiн қарасын.
1997 жылға көмiр сатып алу жөнiндегi тендер 1996 жылдың 15 қарашасына дейiнгi мерзiмде өткiзiлсiн. 4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Г.Г. Штойкке жүктелсiн. Осы қаулының орындалу барысы туралы 1996 жылдың 1 қарашасына дейiн мәлiмдесiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi