1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Семей көмiрлерi" акционерлiк қоғамының республикалық бюджеттiң алдындағы 50 (елу) миллион теңге сомадағы берешегiне заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша есептеу жүргiзсiн.
Аталған соманы "Алтайэнерго" акционерлiк қоғамынан алынған электр энергиясы үшiн берешегiн өтеуге Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгінiң қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерiн қаржыландыру есебiне арнап есептесiн.
2. "Алтайэнерго" акционерлiк қоғамының, оның электр станцияларына "Семей көмiрлерi" акционерлiк қоғамы келiсiлген кестелер мен бағалар бойынша, республикалық бюджетке есептелген төлемдердiң есебiне көмiр беруi туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының iшкi iстер министрлiгi аталған
есептi жүргiзу есебiне Iшкi әскерлер әскери бөлiмшелерiнiң, оларға қылмыстық-атқару жүйесi мекемелерi 50 (елу) миллион теңге сомасында ұсынған коммуналдық қызметтер мен тамақ өнiмдерi үшiн кредиттiк берешектерiне өтем жүргiзсiн. 4. Берешектердi есептеу аталған сомалардың 1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiлуi арқылы жүргiзiлсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi