Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi арасындағы Импорт-экспорт тауарларын сапамен қамтамасыз етудегi және өзара куәландырудағы ынтымақтастық жөнiндегi келiсiмдi бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 24 қыркүйек N 1165

      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      1. 1996 жылы 5 шiлдеде Алматы қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай халық Республикасы Үкiметi арасындағы Импорт-экспорт тауарларын сапамен қамтамасыз етудегi және өзара куәландырудағы ынтымақтастық жөнiндегi келiсiм бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi белгiленген тәртiпте Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қабылдаған шешiмi туралы Қытай жағын хабардар етсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық
Республикасының Үкiметi арасындағы Импорт-экспорт тауарларын
сапамен қамтамасыз етудегi және өзара куәландырудағы
ынтымақтастық жөнiндегi
КЕЛIСIМ

(1997 жылғы 27 қаңтарда күшіне енді - ҚР СІМ-нің ресми сайты)

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Қытай Халық Республикасының Үкiметi (төменде "Уағдаласушы Тараптар" деп аталады), адамдардың денсаулығын сақтау, қоршаған ортаны қорғау мен тұтынушы құқығын қорғау, тексеру тәртiбiн оңайлату, екi елдiң импорт-экспорт тауарлары сапасының және қызмет көрсету сапасының кепiлдiктерiн қамтамасыз ету, екi ел арасындағы сауда экономикалық ынтымақтастыққа жәрдемдесу мақсатында, төмендегiлер туралы осы Келiсiмге қол қойды:

1-бап

      Уағдаласушы Тараптар осы Келiсiмдi орындау барысында екi мемлекеттiң қолданыстағы заңдарын басшылыққа алуға, екi елдiң қоғамдық мүддесiне зиян шектiрмеуге тиiс.

2-бап

      Уағдаласушы Тараптар Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiне және Қытай Халық Республикасының Импорт-экспорт жүктерiн тексеру жөнiндегi мемлекеттiк басқармасына (төменде "екi елдiң құзырлы органдары" деп аталады) осы Келiсiмдi ұйымдастыруға, үйлестiруге және бақылауға өкiлеттiк бередi.

3-бап

      Уағдаласушы Тараптардың құзырлы органдары өзара мүдделiлiк және тең құқықтық қағидасы негiзiнде өзара келiсiлген тауарлар тiзбесiн және тауардың нормативтi құжаттар талабына сәйкестiгi сертификаттарының үлгiлерiн, сондай-ақ оларды әрбiр Тарап өз кеденiне мәлiмдеп отыруы үшiн тауар белгiлерiн (төменде - "тауарлар тiзбесi" деп аталатын) және сынақ лабораториялары мен сертификаттау органдарын өзара тану тәртiбi белгiлейдi. Өзара жеткiзiлетiн өнiм тiзбесiне сәйкес Уағдаласушы Тараптардың құзырлы органдары тiзбенiң құрамындағы өнiмнiң нормативтi құжаттарын (стандарттарының) келiсу жөнiнде келiссөздер өткiзуге және осы Келiсiмнiң ажырамас бөлiгi ретiнде қаралатын Хаттама түрiнде ресiмдеуге тиiс.

4-бап

      Уағдаласушы Тараптардың сыртқы экономикалық қызметiне қатысушылары осы Келiсiмде көзделген тауарлар тiзбесi бойынша қарама-қарсы тарапқа экспортты iске асыру кезiнде сапа, адам өмiрi мен денсаулығының, азаматтар мүлкi мен қоршаған ортаның қауiпсiздiгi бойынша, сондай-ақ екi жақты сауда келiсiм-шарттарында нұсқалған басқа белгiлер бойынша стандарттар немесе екi елдiң құзырлы органдары таныған өзге де құжаттар талаптарына сәйкес тауарлар жеткiзiлiмiн қамтамасыз етуге тиiс.
      Мiндеттi сертификаттауға жататын тауарлар жеткiзiлiмiне жасалған екi жақты сауда келiсiм-шарттарының бiр талабы ретiнде екi елдiң құзырлы органдары таныған сәйкес келу сертификаты және тауардың шығу тегi сертификатының бар екендiгi болып табылады.
      Осы бапта көрсетiлген құжаттар қазақ, қытай және орыс тiлдерiнде ұсынылады. Түпнұсқа аудармасының сәйкестiгi үшiн экспорттаушы ел жауап бередi.

5-бап

      Осы Келiсiмнiң тауарлар тiзбесi бойынша қарама-қарсы тарапқа экспортты жүзеге асыру кезiнде Уағдаласушы Тараптардың сыртқы экономикалық қызметiне қатысушыларында тауардың екi жақты сауда келiсiм-шарттарында көрсетiлген нормативтi құжаттарға сәйкестiгiнiң сертификаты болуға тиiс.

6-бап

      Экспорттаушы мемлекеттiң құзырлы органдары осы Келiсiмнiң тауарлар тiзбесiне енгiзiлген экспорттық тауарларға бақылау жөнiндегi қадағалауды жүзеге асыруға және сәйкес келмеген жағдайда оларды елден шығарудан бас тартуға тиiс.
      Импорттаушы мемлекеттiң құзырлы органдары осы Келiсiмнiң тiзбесiне енгiзiлген әкелiнетiн тауарларды қайта тексерiстен өткiзуге құқылы және тексеру барысында қажеттi талаптарға сәйкес келмейтiн тауарлар болған жағдайда экспорттаушы тараптың құзырлы органдарына кешiктiрмей хабарлауға тиiстi. Тексерiс нәтижелерi бойынша бiрыңғай пiкiрге келе алмаған тауарларға байланысты екi Тараптың құзырлы органдары даулы мәселелердi консультациялық жолмен шешуге тиiс.

7-бап

      Екi Тараптың құзырлы органдары Стандарттау жөнiндегi Халықаралық Ұйымының және Халықаралық электротехникалық комиссияның 25, 58-ұсынымдары негiзiнде, сондай-ақ Уағдаласушы Тараптар белгiлеген тәртiпте өзара сертификаттау жөнiндегi органдарды, сынау, өлшеу және тексеру лабораторияларын және жоғарыда аталған лабораториялардың сынау және өлшеу нәтижелерiн және екi елдiң құзырлы органдары өзара таныған сертификаттау жөнiндегi органдар берген сертификаттарды өзара таниды.

8-бап

      Ресми тауар өндiрушiнiң сапа жүйесiне тексеру жүргiзу қажеттiлiгi болған жағдайда екi Тараптың құзырлы органдары халықаралық стандарттау негiзiнде немесе екi Тараптың келiсiлген стандарттары негiзiнде өзара тексерiстер жүргiзуге тиiс.
      Тексеру жүргiзудiң нақты әдiстерi екi Тараптың құзырлы органдары арасындағы уағдаластықтар бойынша белгiленедi.

9-бап

      Осы Келiсiмдi табысты түрде жүзеге асыру кепiлдiктерiн қамтамасыз ету мақсатында екi Тараптың құзырлы органдары ғылыми-техникалық ынтымақтастық пен ақпарат алмасуды жүзеге асыратын болады. Осы Келiсiмдi орындау барысында туындайтын барлық даулы мәселелер келiссөздер жолымен дер кезiнде шешiлуге тиiстi.

10-бап

      Осы Келiсiм Уағдаласушы Тараптардың ортақ келiсiмi бойынша ауыстырыла және толықтырыла алады.

11-бап

      Осы Келiсiм оның күшiне енуiне қажеттi iшкi мемлекеттiк процедураларды екi Тараптың да орындағаны туралы ноталар алмасылғаннан кейiн күшiне енедi.
      Осы Келiсiм 5 жылға жасалды және егер Келiсiм қолданысының мерзiмi бiткенге дейiн 6 ай бұрын Тараптардың бiр де бiреуi екiншi Тарапқа оның тоқтатылуы туралы жазбаша мәлiмдемейтiн болса, келесi бесжылдық мерзiмдерге өздiгiнен ұзартылатын болады.
      Осы Келiсiмге Алматы қаласында 1996 жылғы 5 шiлдеде екi данада, әрқайсысы қазақ, қытай және орыс тiлдерiнде қол қойылды, сондай-ақ барлық мәтiннiң де күшi бiрдей.

      Қазақстан Республикасының        Қытай Халық Республикасының
           Үкiметi үшiн                      Үкiметi үшiн

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады