Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 маусымдағы N 813 қаулысына толықтыру мен өзгерту енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 26 қыркүйек N 1177. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.07.07. N 646 Қаулысымен

      "Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн құрылымдық қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 маусымдағы N 813  P950813_  қаулысының 9-тармағын қолданылып жүрген заңдарға сәйкес келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      "Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн құрылымдық қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12 маусымдағы N 813 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., N 20, 234-құжат) мынадай толықтыру мен өзгерту енгiзiлсiн: 
      9-тармақ мынадай мазмұндағы төртiншi абзацпен толықтырылсын: 
      "Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi және оның аумақтық органдары өзiнiң құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк комитетiне, Бас прокуратурасына, Әдiлет министрлiгiне және олардың жергiлiктi жерлердегi органдарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Мемлекеттiк тергеу комитетiнiң қозғалған қылмыстық iстер жөнiнде сұрау салуы бойынша статистикалық және талдау ақпараттарын тегiн бередi"; 
      8, 9, 11-тармақтар 1, 2, 3-тармақтар болып саналсын. 

    Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады