"Қазақстан Республикасының астанасы туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 15 қыркүйектегi
N 2457
Заң күшi бар Жарлығын орындау үшiн, "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 20 шiлдедегi
N 2368
Заң күшi бар Жарлығына сәйкес және Ақмола қаласы мен оның ықпал аймағын дамыту үшiн абаттандыруға және қолайлы жағдайлар жасауға инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
1. "Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң жекелеген мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 18 қыркүйектегi
N 1135
қаулысына сәйкес қысқарту есебiнен Ақмола қаласында штат саны 40 адам болатын "Жаңа астана" кеденi құрылсын.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Кеден комитетiне "Жаңа Астана" кеденi үшiн қажеттi қаражат бөлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Кеден комитетi "Жаңа Астана" кеденiнiң жұмысын ұйымдастыру үшiн "ЦЕСИНТОРГ" ЖШС-пен әкiмшiлiк, шаруашылық-қоймалық және басқа да үй жайларды жалдауға белгiленген тәртiппен шарт жасассын.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi