Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 23 мамырдағы N 637 қаулысына толықтырулар енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 4 қазан N 1233

      Қазақстан Республикасының Үкiметi Қаулы Етедi:
      "Шымкент қорғасын зауыты" акционерлiк қоғамы акцияларының мемлекеттiк пакетiн "РР Қазақстан - сауда және қаржыландыру" Қазақстан Австрия бiрлескен кәсiпорнының басқаруына беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 23 мамырдағы N 637 қаулысына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
      Мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын:
      "4. "Шымкент қорғасын зауыты" акционерлiк қоғамының тұрақты және үйлестiрiлген жұмысын, қаржылық сауықтыру мен банкроттықты болдырмауды қамтамасыз ету мақсатында кредиторлар-мемлекеттiк заңды тұлғаларға қарыздарын қайтару мерзiмi қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес, кейiннен берешектердi кестеге сәйкес теңдей үлеспен екi жыл iшiнде, өсiмдер мен айыппұлдарды тоқтата отырып, ал "Алаугаз" акционерлiк қоғамы бойынша заңда белгiленген тәртiппен қайтара отырып, 1997 жылдың 1 қаңтарына дейiн ұзартылсын.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк "РР Қазақстан сауда және ЛТД қаржыландыру" Қазақстан Австрия бiрлескен кәсiпорнымен бiрлесiп осы аудит негiзiнде "Шымкент қорғасын зауыты" акционерлiк қоғамының мемлекеттiк емес меншiк нысанындағы кәсiпорындар алдындағы қалған кредиторлық берешектерiн қайтаруға заңда белгiленген тәртiппен шаралар қабылдасын".
      4-тармақ 5-тармақ болып саналсын.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 


                                            Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1996 жылғы "4" қазандағы N 1233 қаулысына қосымша


               "Шымкент қорғасын зауыты" акционерлiк қоғамының

                 өтеу мерзiмi 1996 жылдың 1 қаңтарына дейiн
                  ұзартуға жататын кредиторлық берешегiнiң
                                 ТIЗБЕСI 

     _______________________________________________________________
     Берешек саласы іСома, мың теңгеіӨсiмi мың,теңгеіЖиыны мың,теңге
     _______________________________________________________________
     Бюджетке
     берешегi           138645           56858           195503

     Зейнетақы
     қорына берешегi     82760           66055           148815

     Жол қорына
     берешегi            19482           29913            49395

     Южказэнерго және
     ШАЭС электр энер.
     гиясы, жылу үшiн
     берешегi          334330,9                          334330,9

     Темiр жол
     бөлiмшесi ТехОДП
     берешегi           65630,7         107512          173142,7

     Облыстық су
     каналына
     берешегi          19885             22466           42351

     Жолаушылар
     көлiгi ЩҚӨБ
     берешегi           9891,4                             9891,4
     _______________________________________________________________
     БАРЛЫҒЫ           680625           282804           963429 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады