1. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi:
шақыру комиссияларының жұмысын ұйымдастырсын және азаматтардың 1996 жылдың қазан-желтоқсан айларында мерзiмдi әскери қызметке шақырылуын қамтамасыз етсiн;
темiр жол стансаларында, жас ұрпақты әскерге жинайтын және жөнелтетiн жерлерде кезекшiлiктi күшейтудi белгiлесiн;
жиналатын және қызмет өткеретiн жерге баратын жолда командаларды жөнелтудi және алып жүрудi қамтамасыз етсiн.
2. Әскери комиссариаттар пәрмендi шаралар қолдану үшiн азаматтардың мерзiмдi әскери қызметке шақырылу барысы туралы облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiне дер кезiнде хабарлап отырсын.
3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлiгi шақыру пункттерiн медициналық қамтамасыз етудi, сондай-ақ әскери комиссариаттардың тапсырысы бойынша шақырылушыларға медициналық қызмет көрсетудi ұйымдастырсын.
4. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi мерзiмдi қызметтiң запасқа шығарылған әскери қызметшiлерiн және әскери қызметке шақырылған азаматтарды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң тапсырысы бойынша тасымалдауды қамтамасыз етсiн.
Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгiмен келiсе отырып тасымал үшiн есеп айырысу жүргiзсiн.
5. Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары шақырылған жастар арасындағы "Жалпыға бiрдей әскери мiндеттiлiк және әскери қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын сақтау және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 8 қазандағы N 3122 Жарлығының талаптарын орындау жөнiндегi алдын ала iстелетiн жұмысты жандандырсын.
6. Қазақстан Республикасының Баспасөз және бұқаралық ақпарат iстерi жөнiндегi ұлттық агенттiк, "Қазақстан теледидары мен радиосы" республикалық корпорациясы және Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп азаматтардың мерзiмдi әскери қызметке
даярлығын және шақырудың өткiзiлуiн көрсетсiн, Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiнде, басқа әскери және әскери құрамаларында қызмет өткеруiн кең танымал етсiн, азаматтардың өзiнiң конституциялық борышы мен мiндеттерiн орындауы жөнiнде насихат жұмысын жүргiзсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары