1. "Сельхозмаш" акционерлiк компаниясының 1996 жылғы 1 қарашаға дейiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне оның республикалық бюджетке төлемдерi бойынша берешегiн өтеу есебiне 63586 (алпыс үш миллион бес жүз сексен алты) мың теңге сомада өзi шығарған өнiмдi беру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi оны қаржыландыру есебiне аталған сомадағы өнiмдi алған соң, қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып, республикалық бюджетке салық төлемдерi бойынша "Сельхозмаш" акционерлiк клмпаниясы кәсiпорындарының берешегiне есептеме жүргiзсiн.
3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi темiр жол тарифтерi үшiн есеп айырысуларды әскери тасымалдау құжаттары бойынша қабылдасын.
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы "10" қазандағы N 1249 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi
жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне техника жеткiзу есебiне есептеуге қабылданған "Сельхозмаш" акционерлiк компаниясы кәсiпорындарының берешек сомасы (мың теңге) ________________________________________________________________ Кәсiпорын іҚосымша іЭкономиканыіЕсептеуге қабылданған атауы іқұнға іқайта іреспубликалық бюджетке ісалынатыніжаңғырту ітөленетiн төлем жиыны ісалық іқоры і ________________________________________________________________ "Тоғызақ мехзаводы" 2000 5062 7062 АҚ, Комсомолец поселкесi, Қостанай облысы "Целинсельмаш" АҚ, 3750 - 3750 Ақмола қаласы "Алматы" "Поршень" 52774 52774 заводы" АҚ, Алматы қаласы ________________________________________________________________ Барлығы: 58524 5062 63586