"Оқжетпес" республикалық жастар лагерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң өкiмiн жүзеге асыру жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 15 қазан N 1267

      "Оқжетпес" республикалық жастар лагерi туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 24 мамырдағы N 3003 N963003_ өкiмiн жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Ақмола, Көкшетау облыстарының әкiмдерiмен бiрлесiп белгiленген заң тәртiбiмен "Мечта" профилакториясын Степногорск қаласы кен-химия комбинатының "Целинный" холдинг компаниясының балансынан алып, "Оқжетпес" республикалық жастар лагерiн орналастыру үшiн, сонымен бiрге объектiнiң сақталуы жөнiндегi шараларды көздей отырып, Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiнiң балансына берудi iске асырсын:
      "Мечта" профилакториясы базасында "Оқжетпес" республикалық жастар лагерiн құрсын;
      "Оқжетпес" республикалық жастар лагерiн Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгiнiң қарамағына берсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi 1996 жылдың соңына дейiн Қотыркөл өзенiнiң аумағындағы экологиялық жағдайды жақсарту жөнiнде шаралар әзiрлесiн.
      3. Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм және спорт министрлiгi Бiлiм министрлiгiмен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде:
      Қазақстан Республикасының үкiметiне - "Оқжетпес" республикалық жастар лагерi туралы Ереженi;
      Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгiне - сараптау жүргiзу және инвестиция көздерiн айқындау үшiн "Оқжетпес" республикалық жастар лагерiн қайта жаңартуға техникалық-экономикалық негiздеменi;
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне - жастар лагерiн ұстауға жұмсалған шығыстардың және оны ұстауды қаржыландырудағы республикалық бюджеттiң үлесiн айқындау үшiн оның жұмыс iстеуiнен түскен кiрiстердi болжау негiздемесiн әзiрлеп, бекiтуге берсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi "Оқжетпес" республикалық жастар лагерiн құруды "Ана мен баланың денсаулығын қорғау" туралы мемлекеттiк бағдарламаға енгiзсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Бiлiм министрлiгi мен Қаржы министрлiгi 1996 жылдың 1 желтоқсанына дейiн адамдардың тегiн сауықтыру шараларына құқығы бар санаттарын және жастар лагерiнiң оларды ұстауға жұмсалған шығындарын өтеу тәртiбiн айқындасын.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады