"Фосфохим" және "Петропавл шағын литражды двигательдер заводы" акционерлiк қоғамдарын тарату мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 30 қазан N 1309

      "Фосфохим" және "Петропавл шағын литражды двигательдер заводы" акционерлiк қоғамдарының өндiрiсi мен өнiм шығаруы экономикалық жағынан мақсатқа сай келмейтiндiгiн және олардың көп мөлшерде кредиттiк берешектерiн ескере отырып Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiнен "Фосфохим" және "Петропавл шағын литражды двигательдер заводы" акционерлiк қоғамдарының мемлекеттiк акциялар пакетiне иелiк ету, пайдалану және басқару құқығын қайтарып алсын;
      "Шаруашылық серiктестiктерi туралы" Қазақстан Республикасы

Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығының 65-бабына сәйкес аталған
акционерлiк қоғамдарды жалпы жиналыстарда тарату туралы мәселелердi
шешсiн.
     2."Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 12
мамырдағы N 656 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 қыркүйектегi N 1145
қаулысының 2-тармағының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасы
        Премьер-Министрiнiң
        бiрiншi орынбасары
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады