Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 мамырдағы N 562 қаулысына өзгерiс пен толықтырулар енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 31 қазан N 1320. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен

      Мемлекеттiк мүлiктi сату жөнiндегi саудаластықты өткiзуге байланысты қызметтi реттеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 
      1. Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөнiндегi Ереженi бекiту туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 мамырдағы  N 562 қаулысымен бекiтiлген Жекешелендiру объектiлерiнiң құнын бағалау жөнiндегi Ережеге (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 19, 166-құжат) мынадай өзгерiс пен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      11-мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "Мiндеттемелерi кәсiпорынның активтерiнiң құнынан асқан жағдайда кәсiпорынның бастапқы бағасы кәсiпорын активтерiнiң жалпы құнының кемiнде 10 процентi мөлшерiнде белгiленедi (кәсiпорын бiрлiгi балансының 360-жолы)"; 
      14-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
      "Егер мiндеттеме кәсiпорынның құрылымдық бiрлiгi активтерiнiң жалпы құнынан асқан жағдайда бастапқы баға кәсiпорын бiрлiгi активтерiнiң жалпы құнының кемiнде 10 процентi мөлшерiнде белгiленедi (кәсіпорын бiрлiгi балансының 360-жолы)"; 
      19-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: 
        "90 проценттен аса тозған негiзгi құралдар негiзгi қорларды ұлғайту коэффициентiн ескере отырып, баланстық қалпына келтiру құнының 10 процентi мөлшерiнде бағаланады"; 
      III бөлiмiнiң атауы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "III. Саудаластықта сату кезiнде шаруашылық серiктестiктерi акцияларының мемлекеттiк пакеттерiн және жарғылық қордағы үлестерiн бағалау"; 
      мынадай мазмұндағы 3-бөлiмшемен толықтырылсын:
      "3. Шаруашылық серiктестiктерiнiң жарғылық қорындағы мемлекет үлесiнiң құнын айқындау.
      30. Шаруашылық серiктестiгiнiң жарғылық қорындағы мемлекет үлесiнiң құнын айқындау үшiн осы Ереженiң 26-тармағына сәйкес акциялардың есеп айырысу құнын (АЕҚ) айқындау формуласы бойынша алынған шаманы серiктестiктiң жарғылық қорындағы мемлекет үлесiнiң проценттiк шамасына көбейтiп, 100%-ке бөлу керек". 

      Қазақстан Республикасы
     Премьер-Министрiнiң
     бiрiншi орынбасары 
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады