Бюджет қарыздары бойынша есептеме жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 1 қараша N 1343

      Қорғаныс және құқық қорғау органдарының Алматы, Батыс Қазақстан және Тың темiр жолдары басқармалары алдындағы әскери тасымалдау және қызмет көрсеткенi үшiн жинақталған берешектерiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi қоса берiлген тiзбеге сәйкес республикалық бюджетке жалпы сомасы 103280 мың (жүз үш миллион екi жүз сексен мың) теңге төлем бойынша берешектерi бар Алматы, Батыс Қазақстан және Тың темiр жолдары басқармалары мен республикалық бюджет арасындағы берешекке есептеме жүргiзсiн.
      Аталған сома қорғаныс және құқық қорғау органдарының көлiк ұйымдары алдындағы қызмет көрсеткенi үшiн берешектерiн өтеуге арналған бюджеттiк ұйымдарды қаржыландыру есебiне есептелсiн.
      Берешек есептемесiндегi көрсетiлген сома 1996 жылға 1 қазандағы жағдайы бойынша республикалық бюджеттiң кiрiсi және шығысы бөлiгiнде көрсете отырып жүргiзiлсiн.
      2. Алматы, Батыс Қазақстан және Тың темiр жолдары басқармалары

қорғаныс және құқық қорғау органдары бюджеттiк ұйымдарының
кредиторлық берешектерiн республикалық бюджетке есептелетiн салық
төлемдерi есебiне есептесiн.
     3. Алматы, Ақмола және Ақтөбе облыстарының әкiмдерi тиiстi
жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын бюджеттiк ұйымдар бойынша
осы секiлдi есептеме жүргiзу мүмкiндiгiн қарастырсын.

     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары 
     
                                   Қазақстан Республикасы
                                         Үкiметiнiң
                                   1996 жылғы 1 қарашадағы
                                      N 1343 қаулысына
                                          қосымша

       Қорғаныс және құқық қорғау ведомстволарының қаржыландыру
         есебiне есептеме қабылданатын республикалық бюджетке
          төлемдер бойынша берешектерi бар көлiк ұйымдарының
                               ТIЗБЕСI
                                               (мың теңге)
___________________________________________________________________
  Көлiк ұйымдарының атаулары, |Есептемеге|Оның iшiнде Қазақстан
  республикалық бюджетке салық|алынған   |Республикасының қорғаныс
  төлемдерiнiң түрлерi        |берешек   |және құқық қорғау органдары
                              |сомасы,   |бойынша
                              |барлығы   |_________________________
                              |          |Қорғаныс   |Республикалық
                              |          |министрлiгi|ұлан
___________________________________________________________________
               1              |     2    |     3     |     4
___________________________________________________________________
Алматы темiр жол басқармасы,
Алматы қаласы
  қосымша құнға арналған
  салық                          61641      50000        2000
Батыс Қазақстан темiр жол
басқармасы, Ақтөбе қаласы
  заңды тұлғалардың
  табысына салық                 20439      19769
Тың темiр жол басқармасы,
Ақмола қаласы
  қосымша құнға арналған
  салық                          21200      20000
   ЖИЫНЫ:                        103280     89769      2000
__________________________________________________________________
 Оның iшiнде Қазақстан Республикасының қорғаныс және құқық қорғау
                      органдары бойынша 
__________________________________________________________________
Төтенше жағдайлар    | Ұлттық     |Мемлекеттiк  |Iшкi iстер
жөнiндегi мемлекеттiк|қауiпсiздiк |тергеу       |министрлiгi
комитет              |комитетi    |комитетi     |
__________________________________________________________________
          5          |     6      |       7     |       8
__________________________________________________________________
     1000               1842           799           6000
                        670
                        1200

     1000               3712           799           6000 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады