Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: Ақтөбе, Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан, Павлодар, Талдықорған, Торғай облыстары әкiмдерiнiң Қазақстан Республикасының Бiлiм және Мәдениет министрлiктерiмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк ономастика комиссиясымен келiсiлген: а) мына бiлiм және мәдениет мекемелерiне: Ақтөбе облысы бойынша Байғанин ауданындағы Жаңажол орта мектебiне - белгiлi ақын Сағи Жиенбаевтың; Байғанин ауданының аудандық балалар музыка мектебiне - белгiлi ақын, сазгер Бәкiр Тәжiбаевтың; Шалқар ауданының аудандық балалар музыка мектебiне - белгiлi күйшi-сазгер Қазанғап Тiлепбергенұлының;
Шалқар ауданындағы Дамбар орта мектебiне - Югославиядағы
Қарсыласу қозғалысының белсендi мүшелерiнiң бiрi, халыққа бiлiм беру iсiнiң ардагерi Төлтай Шановтың; Алматы облысы бойынша Жамбыл ауданындағы Ұзынағаш орта мектебiне - белгiлi жазушы Сейдахмет Бердiқұловтың; Қаскелең ауданындағы N 11 кәсiптiк-техникалық училищеге - қоғам қайраткерi Сынжар Жандосовтың; Райымбек ауданындағы Нарынқол орта мектебiне - белгiлi журналист-жазушы, аудармашы Тельман Жанұзақовтың; Талғар қаласындағы N 16 орта мектепке - Жамбыл Жабаевтың; Атырау облысы бойынша Қызылқоға ауданындағы N 20 Миялы орта мектебiне - белгiлi ақын, жазушы Берқайыр Аманшиннiң; Мақат ауданындағы N 86 орта мектепке - Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi, белгiлi педагог Хамза Санбаевтың; Қостанай облысы бойынша Комсомол ауданы Комсомол поселкесiндегi N 2 орта мектепке - ұлы ойшыл және ағартушы Абай Құнанбаевтың; Қызылорда облысы бойынша Қазалы ауданындағы N 88 орта мектепке - белгiлi жазушы, журналист, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мәдениет қызметкерi Байжiгiт Әбдiразақовтың; Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Киров ауданындағы жаңа орталау мектепке - Ұлы Отан соғысындағы жеңiстiң 50 жылдығына орай "Жеңiстiң 50 жылдығы" атауы; Сарыағаш ауданының Тегiсшiл селолық әкiмшiлiгiндегi N 68 жаңа орталау мектепке - ғалым, еңбек сiңiрген мәдениет қызметкерi Қален Тоқмұхамедовтың; Павлодар облысы бойынша Павлодар педагогикалық колледжiне - белгiлi педагог, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген мұғалiмi Бейсен Ахметовтың; Талдықорған облысы бойынша Облыстық "Жастардың жетiстiгi" гимназия-интернатына - белгiлi ғалым, профессор Мұхтар Арыновтың; Облыстық басқару негiзi орта мектебiне - белгiлi ғалым, профессор Жомарт Жапаровтың; Шығыс Қазақстан облысы бойынша Таврия ауданындағы Донской орта мектебiне - Кеңес Одағының Батыры Төлеген Тоқтаровтың; Тарбағатай ауданындағы Ақжар орта мектебiне - белгiлi педагог Қыдырбек Бiләловтың есiмдерiн беру туралы; б) мына бiлiм және мәдениет мекемелерiнiң атауларын: Алматы облысы бойынша Шелек ауданындағы Октябрьдiң 50 жылдығы атындағы орта мектептi - Кеңес Одағының Батыры Петр Вихрев атындағы орта мектеп; Қызылорда облысы бойынша Сырдария ауданындағы Ленин атындағы N 42 орта мектептi - халық ақыны Қуаныш Баймағамбетов атындағы орта мектеп;
Тереңөзек ауданындағы N 129 "Қызылту" орта мектебiн - белгiлi
ақын және аудармашы Әбiраш Жәмiшев атындағы орта мектеп; Оңтүстiк Қазақстан облысы бойынша Түлкiбас ауданындағы "Ванновка" балалар санаторийiн - тиiсiнше тарихи-географиялық атауымен "Ақбұлақ" балалар санаторийi; Киров ауданындағы "Целина" орта мектебiн - осы мектептiң негiзiн қалаған, ауыл шаруашылығының еңбек сiңiрген қызметкерi және көрнектi басшы Жолдасбек Сүлейменов атындағы орта мектеп деп өзгерту туралы ұсыныстары қабылдансын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi