1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Урология ғылыми-зерттеу институты медицина ғылымына арналған республикалық бюджетте көзделген қаражат шегiнде қаржыландыруды қолдану тәртiбiн сақтай отырып мекеме нысанында Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Урология ғылыми орталығына қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгiнiң
Урология ғылыми орталығына академик Бинеш Оразұлы Жарбосыновтың есiмi берiлсiн. 3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi бiр ай мерзiмде белгiленген тәртiппен Денсаулық сақтау министрлiгiнiң Урология ғылыми орталығы туралы Ереженi бекiтсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi