Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. "Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң келiсiмi бойынша Қаржы министрлiгiнiң бас салық инспекциясы белгiленген тәртiппен қосылған құнға салынатын салық төленетiн импортталатын жабдықтар мен медикаменттердiң тiзбесiн бекiту туралы" (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 12, 94-құжат) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 19 наурыздағы N 331 P960331_ қаулысына мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
қаулының аты мен мәтiндегi "Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң келiсiмi бойынша Қаржы министрлiгiнiң бас салық инспекциясы" сөздерi "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және Кеден комитетiнiң келiсiмi бойынша Мемлекеттiк салық комитетi" сөздермен ауыстырылсын;
аталған қаулыда бекiтiлген Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң келiсiмi бойынша Қаржы министрлiгiнiң бас салық инспекциясы белгiленген тәртiппен қосылған құнға салынатын салық төленетiн импортталатын жабдықтар мен медикаменттердiң тiзбесiндегi:
"Қазақстан Республикасы Кеден комитетiнiң келiсiм бойынша Қаржы
министрлiгiнiң бас салық инспекциясы" сөздерi "Қазақстан
Республикасы Қаржы министрлiгiнiң және Кеден комитетiнiң келiсiмi
бойынша Мемлекеттiк салық комитетi" сөздерiмен ауыстырылсын;
тiзбе реттiк номерлерi 134-160 жолдарымен толықтырылсын:
"134 Автобустарға және жүк автомобильдерiне
арналған жаңа резиналы пневматикалық
шиналар 4011 20 000
135 Автобустарға немесе жүк автомобильдерiне
арналған резиналық камералар 4013 10 900
136 Резинадан жасалған жапсырмалар, шайбалар
және басқа нығыздағыштар 4016 93
137 Фрикциондық материалдар немесе олардан
жасалған бұйымдар 6813
138 Жылтыр әйнек (төзiмдi немесе қалың
әйнектi қоса) 7007
139 Мұнай және газ құбырларына арналған
құралдар 7304 10
140 Ұшқынды iске қосатын қисықшиптiшатунды
поршендi немесе роторлы iштен от алатын
двигательдер 8407
141 Қысымнан ұшқын шығып iштен от алатын
двигательдер 8408
142 Көрсеткiшi бар немесе оларсыз, өзге де
сұйық насостар 8413 50 900
143 Бiрвалды вакуумды және ауалы насостар 8414 80 600
144 Офсеттiк басуға арналған машиналар:
оралымды 8443 11 000
өзгелер 8443 19 900
145 Iске қосылу құрылғысы және iстен шығару
құрылғысы, басқалар 8471 92 900
146 Трансмиссиялық валдар, өзгелер 8483 10 900
147 Валмен жинақталған қиындылы дөңгелектер
және қиындылы берiлiстер 8483 40 910
148 Электрлi двигательдер мен генераторлар 8501
149 Электргенераторлы қондырғылар және
айланбалы таратқыштар 8502
150 Индуктивтi орамалар және дросселдер 8504
151 Iштен от алатын двигателдi оталдыруға немесе
қосуға арналған электр жабдық 8511
152 Электр жарығын және дабыл беретiн
жабдық 8512
153 Радиотелефон, радиотелеграф байланысына
арналған немесе радио байланысын қабылдау
аппаратурасы 8527
154 Катодты-сәулелi трубкалы бейнемониторлар 8528 10 610
155 Басқа бейнемониторлар 8528 10 690
156 10 адамды тасымалдау үшiн арналған
автомобильдер (жүргiзушiнi қоса) 8702
157 Жалпы салмағы 20т. асатын жаңа жүк
тасымалдау автомобильдерi 8704 23 910
158 8704 тауар тапсырмасына жататын
автомобильдерге арналған кузовтер
(кабинасын қоса) 8707
159 8704 тауар тапсырмасына жататын
бөлiктер мен жабдықтар 8708
160 Тiркемелер мен жартылай тiркемелер;
басқа өздiгiнен жүрмейтiн көлiк
құралдары; олардың бөлiктерi 8716"
2. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi