Бюджеттiк қарыздар бойынша есептеме жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 12 қараша N 1373

      Республиканың қорғаныс және құқық қорғау органдары мекемелерiн материалдық ресурстармен, сондай-ақ олардың қысқа дайындығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Акционерлiк қоғамдардың салық және республикалық бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша жалпы сомасы 140149 мың (жүз қырық млн. жүз қырық тоғыз мың) теңге берешектi қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң, Қазақстан Республикасының Iшкi әскерлер бас басқармасының, Республикалық ұланның және Мемлекеттiк тергеу комитетi мекемелерiнiң мұқтаждары үшiн оларға материалдық ресурстар беру жолымен өтеу туралы акционерлiк қоғамдардың ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi республикалық бюджет пен салық және республикалық бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер бойынша берешектерi бар акционерлiк қоғамдар арасындағы республиканың қорғаныс және құқық қорғау органдары мекемелерiне материалдық ресурстар беру бойынша олардың шарттық мiндеттемелерiн орындау шаралары жөнiндегi берешектерiне есептеме жүргiзсiн.
      Аталған сомалар акционерлiк қоғамдардан алынған материалдық

ресурстар құнының мөлшерiне, республика қорғаныс және құқық қорғау
органдарының, осы қаулының 1-тармағында санамаланған тиiстi
мекемелерiн қаржыландыру есебiне есептелсiн.
     3. Берешектi есептеу үстiмiздегi жылдың 1 қазанындағы жағдай
бойынша аталған соманы 1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң
кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiле отырып жүргiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 12 қарашадағы
                                          N 1373 қаулысына
                                                 қосымша

         Қорғаныс және құқық қорғау органдары мекемелерiн
         қаржыландыру есебiне есептеуге қабылданатын салық
         және республикалық бюджетке төленетiн басқа да
         мiндеттi төлемдер бойынша берешегi бар кәсiпорындар
                           мен ұйымдардың
                              ТIЗБЕСI
_____________________________________________________________________
Кәсiпорындар мен   |     Есептеуге қабылданатын берешек сомасы
ұйымдардың атауы,  |_________________________________________________
салық және         |Барлығы|    Оның iшiнде мыналар бойынша
республикалық      |       |_________________________________________
бюджетке төленетiн |       |Қорға. |Iшкi |Респуб.|Мем.шека.|Мемлекет.
басқа да мiндеттi  |       |ныс    |әскер|ликалық|ра күзетi|тiк
төлемдер           |       |министр. лер.|ұлан   |жөнiндегi|тергеу
                   |       |лiгi   | дiң |       |мемкоми. |комитетi
                   |       |       |бас  |       |тетi     |
                   |       |       |бас. |       |         |
                   |       |       |қарма.       |         |
                   |       |       |сы   |       |         |
_____________________________________________________________________
         1         |   2   |   3   |  4  |   5   |    6    |   7
_____________________________________________________________________
"Арай" акционерлiк
қоғамы, Павлодар қ.
Барлығы              45590  45590
оның iшiнде қосылған
құнға салынатын
салық                34092  34092
заңды тұлғалардан
алынатын табыс
салығы               3586   3586
Экономиканы жаңғырту
қоры                 7912   7912

"Павлодар картонру.
бероид заводы"
акционерлiк қоғамы,
Павлодар қ.
Барлығы              23371  23371
оның iшiнде қосылған
құнға салынатын
салық                23371  23371

"Жылуэнергияжабдығы"
акционерлiк қоғамы,
Павлодар қ.
Барлығы              43000  43000
оның iшiнде қосылған
құнға салынатын
салық                36835  36835
заңды тұлғалардан
алынатын табыс
салығы               6165   6165

"Екiбастұзэнергия.
қорғау" акционерлiк
қоғамы
Барлығы              15000  15000
оның iшiнде қосылған
құнға салынатын
салық                11194  11194
заңды тұлғалардан
алынатын табыс
салығы               3806   3806

"Медтехника"
акционерлiк қоғамы,
Алматы
Барлығы              8000                  2000     6000
оның iшiнде қосылған
құнға салынатын
салық                8000                   2000    6000

"Көкшетау" Бизнес
Мұнай" акционерлiк
қоғамы
Барлығы              756                                     756
оның iшiнде заңды
тұлғалардан
алынатын табыс
салығы               756                                     756

"Қазақкөлiктехмонтаж"
акционерлiк қоғамы,
Ақмола қ.
Барлығы              4432          4432
оның iшiнде
Экономиканы
жаңғырту қоры        4432          4432

ЖИЫНЫ              140149  126961  4432    2000     6000     756 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады