Бюджеттiк борыштар бойынша есептеме жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 25 қарашадағы N 1440

      Отын-энергетика кешенiнiң жұмысын тұрақтандыру және бюджеттiк ұйымдардың тұтынған жылу энергиясы үшiн пайда болған берешегiн қысқарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Мемлекеттiк салық комитетiмен бiрлесiп қоса берiлiп отырған тiзбеге сәйкес алған жылу энергиясы үшiн берешегi бар республикалық бюджеттiк мекемелердiң қаржыландыру есебiне заңды тұлғалардан алынатын табыс салығы бойынша 74103 мың (жетпiс төрт миллион жүз үш мың теңге) сомаға республикалық бюджет алдындағы "Семей көмiрлерi" акционерлiк қоғамының берешегiне есептеме жүргiзсiн.
      2. Осы қаулының 1-тармағында белгiленген сомаға аталған есептеме шеңберiнде:
      "Гортеплокоммунэнерго" өндiрiстiк бiрлестiгi мен семей ЖЭО-на

республикалық бюджеттiк мекемелердiң тұтынған жылу энергиясы үшiн
берешегiн өтеу жүргiзiлсiн;
     "Семей көмiрлерi" акционерлiк қоғамы "Гортеплокоммунэнерго"
өндiрiстiк бiрлестiгi мен Семей ЖЭО-ның оларға жөнелтiлген көмiр
үшiн берешегiн өтеу жүргiзiлсiн.
     3. Берешек есептемесi аталған соманы 1996 жылға арналған
республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсете отырып
жүргiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
                                      Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 25 қарашадағы
                                        N 1440 қаулысына
                                             қосымша

         Алған жылу энергиясы үшiн берешегi бар, есептемеге
           қабылданатын республикалық бюджет мекемелерiнiң
                             ТIЗБЕСI
___________________________________________________________________
        Ұйымдардың атаулары          |  Есептемеге қабылданатын
                                     | берешек сомасы
                                     |_____________________________
                                     | Барлығы|  Оның iшiнде
                                     |        |____________________
                                     |        |"Гортеп. |Семей
                                     |        |локоммун.|ЖЭО
                                     |        |энерго"  |
___________________________________________________________________
 Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
тергеу комитетiнiң Семей облыстық
басқармасы                             6000      4740      1260
 Қазақстан Республикасы Қорғаныс
министрлiгiнiң Семей
коммуналдық-пайдалану бөлiмi           36000     10000    26000
 Iшкi әскерлер бас басқармасының
N 5511 әскери бөлiмi                   1220      1220
 Қазақстан Республикасы Денсаулық
сақтау министрлiгiнiң Семей
мемлекеттiк медицина институты         7256      7256
 Қазақстан Республикасы Iшкi iстер
министрлiгi қылмыстық-атқару
жүйесiнiң СЕ N 165/3 мекемесi          8627                8627
 Қазақстан Республикасы Бiлiм
министрлiгiнiң "Семей" мемлекеттiк
университетi                           15000      15000

        Жиыны                          74103      38216    35887
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады