Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi "Ертiс химия-металлургия зауыты" акционерлiк қоғамының орталықтандырылған кредиттер бойынша жалпы сомасы 48 (қырық сегiз) млн. теңге берешегiне, оның iшiнде директивалық кредит бойынша 18,4 (он сегiз миллион төрт жүз мың) теңгеге және "Ертiс химия-металлургия зауыты" акционерлiк қоғамының конверсияға арналған шығыстарын қаржыландыру
бойынша республикалық бюджет берешегiн өтеу есебiне республикаiшiлiк есептеме нәтижесi бойынша берiлген 29,6 млн, (жиырма тоғыз миллион алты жүз мың) теңгеге, осы соманы 1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiгiнде көрсете отырып есптеме жүргiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi