1995 жылы Өзбекстаннан алынған, пайдаланылған табиғи газ үшiн есеп айырысу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 30 қараша N 1457

      Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Өзбекстан Республикасы Үкiметiнiң арасындағы 1995 жылы берiлген табиғи газ үшiн Қазақстан Республикасының берешегiн өтеу туралы хаттамалық шешiмдi жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 1995 жылы берiлген табиғи газ үшiн Өзбекстан Республикасына Өзбекстанның өткiн жүктерi мен жолаушыларын Қазақстан Республикасының аумағы бойынша тасымалдаудың есебiне 12500 мың (он екi миллион бес жүз мың) АҚШ долларына тең сомада берешектi өтеудi қамтамасыз ететiн болсын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi 1997 жылдың бiрiншi жарты жылдығында Алматы және Батыс Қазақстан темiр жолдарының шығындарына 12500 мың АҚШ долларына тең сомаға өтемақы жасасын және "Әдiл" ("Одил") фирмасына Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Н.Қ.Есенғариннiң 1995 жылғы 14 қазандағы N 3-40 өкiмiмен айқындалған сомада ақша қаражатын өндiрiп алуға арналған талап-арыз ұсынсын.
      3. Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар

министрлiгi Қаржы министрлiгiмен бiрлесiп екi апталық мерзiмде
Өзбек, Қырғыз, Тәжiк және Түркмен темiр жолдарымен жүк және
жолаушылар тасымалдаудағы қарыздары үшiн өзара есеп айыру жолымен
газ үшiн берешектi өтеу жөнiндегi Өзбекстан Республикасының ұсынысын
қарасын.
     4. Осы қаулының орындалуына бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.Т.Дүйсеновке жүктелсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады