Жеңiл өнеркәсiптi дамыту бойынша секторлық бағдарламаны iске асыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1996 жылғы 2 желтоқсан N 1460

      "Жеңiл өнеркәсiп" секторлық бағдарламасының iске асуын қарастыратын "Қазақстан бойынша донор-елдер Консультативтiк топтарының кеңесiн өткiзу мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 2 мамырдағы N 608 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының мемлекеттiк инвестициялық басымдықтар бағдарламасына сәйкес, сондай-ақ дамуға ресми көмек шеңберiнде Герман Федеративтiк Республикасы Үкiметiнiң жеңiлдiктi кредитiн уақытында игеру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      1. "Аққу", "Надежда" және "Жамбылкожобувь" акционерлiк қоғамдары жобаларын қаржыландыру үшiн iс жүзiнде 2,4 млн (екi млн. төрт жүз мың) немiс маркасы мөлшерiнде игерiлген қаржыға Герман Федеративтiк Республикасының қалпына келтiру жөнiндегi кредиттiк ведомствосы (KFW) мен "Легпром" акционерлiк қоғамымен бiрлесе отырып жасалған Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банк арасындағы 1995 жылғы 7 желтоқсандағы кредиттiк келiсiм мақұлдансын. 
      2. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi, "Легпром" акционерлiк қоғамы 1995 жылғы 7 желтоқсандағы КFW-мен кредиттiк келiсiмдi өзгерту туралы Шартқа қол қойсын. 
      3. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Экспорт-импорт банкi 2,6 млн (екi миллион алты жүз мың) немiс маркасы мөлшерiндегi KFW кредитiнiң қалған, игерiлмеген бөлiгiн толықтыру мақсатында жобаларды сарапқа салу мен iрiктеудi жүзеге асырады деп белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгi осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген Шарттың талаптарымен өзiнiң келiскенiн КFW-ге хабарласын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады