1. Ақмола қаласына жұмысы бойынша ауысу тәртiбiмен көшетiн мемлекеттiк қызметшiлерге өтемақы төленiп, мынадай кепiлдiктер берiледi:
қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң:
темiр жолмен - плацкарт (купелiк) вагонда;
әуе көлiгiмен - жай класс тарифi бойынша;
тас жолмен немесе қара жолмен - жалпы қолданыстағы автомобиль көлiгiне (таксиден басқа) жолақысы төленедi;
қызметкердiң өзiне 500 килограмға дейiн және отбасының әрбiр көшетiн мүшесi үшiн 150 килограмға дейiн мөлшердегi темiр жол және автомобиль көлiгiмен (жалпы қолданыстағы) мүлкiн алып жүру жөнiндегi шығыстары төленедi. Тараптардың келiсуi бойынша мүлкiн бұдан көп мөлшерде алып жүру жөнiндегi нақтылы шығыстар төленуi мүмкiн;
қызметкерге жол жүрген әрбiр күнiне көшу кезiнде қолданылып жүрген заңдарда белгiленген мөлшерде тәулiктiк ақы төленедi;
қызметкердiң өзiне - бiлiктiлiк сыныбы үшiн қосымша ақы мен еңбек сiңiрген жылдары үшiн үстемақыны қоса алғанда, 6 лауазымдық айлық жалақыға тең мөлшерде;
қызметкердiң өзiне - көшетiн отбасы мүшелерiн қоса алғанда, бiлiктiлiк сыныбы үшiн қосымша ақы мен еңбек сiңiрген жылдары үшiн үстемақыны есепке ала отырып, 6 айлық лауазымдық жалақысына тең мөлшерде. <*>
Жоғарыда аталған жеңiлдiктер отбасы мүшелерiне, егер олар
мемлекеттiк қызметшi көшкен күннен бастап бiр жылдың iшiнде Ақмола қаласына көшсе берiледi. Егер көшiп барған қызметкерге тұрғын үй берiлмесе, онда бiр жылдық мерзiм оған тұрғын үй берiлген күннен бастап есептеледi. Қызметкердiң өтемақы төленетiн отбасы мүшелерiне ерi, зайыбы, сондай-ақ оның қамқорлығындағы және онымен бiрге тұратын балалары мен жұбайлардың екеуiнiң де ата-аналары жатады. ЕСКЕРТУ. 1-тармақтың 9-абзацы жаңа редакцияда, 10-абзацы алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1997.11.07. N 1531 қаулысымен. P971531_ 2. Көшiп барған мемлекеттiк қызметшiнiң отбасы мүшелерiне мынадай әлеуметтiк кепiлдiктер берiлсiн: жұмысқа орналастыру; мектепке дейiнгi жастағы балаларға мемлекеттiк мектепке дейiнгi балалар мекемелерiнен орын беру.
3. Мемлекеттiк қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiн жайғастыру кезеңiнде азық-түлiкпен және ыстық тамақпен қамтамасыз ету жөнiндегi тапсырыс-столдарын ұйымдастыру көзделсiн.
4. Мемлекеттiк қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiн көшiру
жөнiндегi шығындардың орнын толтыру республикалық бюджетте орталық мемлекеттiк органдарға көзделген жалпы сметалық қаржы есебiнен жүргiзiлсiн. <*> ЕСКЕРТУ. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚРҮ-нiң 1997.11.07. N 1531 қаулысымен. 5. Осы қаулы жарияланған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi