Бюджеттiк борыштар жөнiнде есептеме жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 3 желтоқсан N 1473

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң алынған материалдық құндылықтар үшiн жинақталып қалған берешектерiн өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiмен бiрлесiп салық төлемдерi бойынша республикалық бюджетке жалпы сомасы 40 (қырық) млн. теңге, оның iшiнде қосылған құнға салынатын салық бойынша 30 (отыз) млн. теңге, заңды тұлғалардан алынатын салық бойынша 10 (он) млн. теңге есептемеге қабылданған "Бент" акционерлiк қоғамының берешегiне есептеме жүргiзсiн:
      аталған соманы алынған материалдық құндылықтар үшiн "Бент"

акционерлiк қоғамына берешегiн өтеу үшiн Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетiн
қаржыландыру шотына есептесiн.
     2. Берешектердi есептеу 1996 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай
бойынша республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде
көрсете отырып жүргiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады