Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұлттық табиғат парктерiнiң уақытша ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 4 желтоқсан N 1486. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгенге дейін қолданыста болады.

      Ескерту. "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшіне енгенге дейін қолданыста болады.

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұлттық табиғат парктерi туралы қоса берiлiп отырған Уақытша ереже бекiтiлсiн. 2. "Ерекше қорғалатын табиғат аумақтары мен объектiлерi туралы" Қазақстан Республикасының Заңы күшiне енгенге дейiн Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұлттық табиғат парктерi туралы Уақытша ереже iс-әрекет етедi деп белгiленсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 4 желтоқсандағы N 1486 қаулысымен БЕКIТIЛГЕН Қазақстан Республикасы мемлекеттiк ұлттық табиғат парктерiнiң Уақытша ережесi 1. Негiзгi ережелер
      1. Қазақстан Республикасының мемлекеттiк ұлттық табиғат парктерi (бұдан әрi - ұлттық парктер деп аталады) республикалық маңызы бар ерекше қорғалатын табиғат аумақтарының жүйесiне енетiн және өзiнiң шекарасына ерекше экологиялық, ғылыми, тарихи, эстетикалық және рекреациялық құндылығы бар бiрегей табиғат кешендерi мен объектiлерiн қамтитын табиғат қорғау мекемелерi болып табылады.
      2. Ұлттық парктер өздерiне бекiтiлген ерекше қорғалатын табиғат аумақтарын табиғат қорғау, ғылыми, ағартушылық, мәдени және рекреациялық мақсатта өздерiне берiлген мемлекеттiк мүлiктi жедел басқару құқығы негiзiнде пайдалануға арналған.
      3. Ұлттық парктер өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңдарын, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң қаулыларын, Президенттiң, Үкiметтiң актiлерiн, қарамағында ұлттық парктерi бар Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарының нормативтiк актiлерiн, сондай-ақ осы Уақытша ереженi басшылыққа алады.
 
      2. Ұлттық парктердiң негiзгi мiндеттерi
 
      4. Ұлттық парктерге мынадай негiзгi мiндеттер:
      экологиялық жүйенi, эталондық және бiрегей табиғат кешендерiн, тарих, мәдениет ескерткiштерiн және ұлттық мұраның басқа да объектiлерiнiң тұтастығын сақтау; реттелген туризм мен табиғат жағдайларындағы демалыс үшiн жағдайлар жасау; рекреациялық пайдалану жағдайында табиғат кешендерiн сақтаудың ғылыми әдiстерiн жасау және енгiзу; бұзылған табиғат және тарихи-мәдениет кешендерi мен объектiлердi қалпына келтiру; халықты экологиялық жағынан ағартуды ұйымдастыру; экологиялық мониторингтi жүргiзу жүктелген. 3. Ұлттық парктердi құру тәртiбi
      5. Ұлттық парктердi барлық мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен және ведомстволармен, ғылыми ұйымдармен және жергiлiктi атқарушы өкiмет органдармен белгiленген тәртiпте келiсiлген, техникалық-экономикалық негiзделген материалдар негiзiнде, ұлттық парктердi құруға арнайы уәкiлеттi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi құрады.
      Осындай тәртiпте қызмет атқарып отырған ұлттық парктердiң аумақтарын кеңейту жүргiзiледi.
      6. Меншiк иелерi мен жер пайдаланушылардан бөлiп алмай-ақ ұлттық парктерге қосылатын жерлердiң шекарасы мен режимiн арнаулы уәкiлеттi органдардың ұсынуы бойынша жергiлiктi атқарушы-органдар белгiлейдi.
      7. Ұлттық парктер аумақтарын оларға жапсарлас орналасқан жерлер мен су кеңiстiктерi учаскелерiнiң сыртқы қолайсыз әсерiнен қорғау мақсатында күзет (аралық) аймақтары құрылады.
      Жер пайдаланушылардан жер учаскелерiн бөлiп алмай-ақ күзет аймақтарын құру туралы, олардың аумақтарында ұлттық парктердiң табиғат кешендерiн сақтауға терiс әсер ететiн шаруашылық және өзге қызметке тыйым салу туралы шешiмдердi және олар туралы ережелердi бекiтудi жергiлiктi атқарушы өкiмет қабылдайды.
      8. Ұлттық парктiң әр аумағын аймақтарға бөлудiң нақты ерекшелiгi мен режимi қарамағында ұлттық паркi бар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органы бекiтетiн жарғымен анықталады.
      9. Ұлттық парктердiң жарғыларында олардың толық атауы, орналасқан жерi, басшысының өкiлеттiлiгi, басқару және бақылау органдары, қалыптастыру тәртiбi мен олардың құзыры, жұмыс режимi, мүлiктi құрау тәртiбi және кiрiстердi бөлу тәртiбi, қызметтi қайта құру мен тоқтатуы көрсетiледi. Жарғыларда сондай-ақ ұлттық парктер мен олардың мекемелерi арасындағы, парктер әкiмшiлiктерi және олардың еңбек ұжымдары арасындағы өзара қарым-қатынастар айқындалады. Жарғыларда заңдарға қайшы келмейтiн басқа да ережелер болуы мүмкiн.
      10. Ұлттық парктер заңды тұлғалар ретiнде әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуге жатады және олар мемлекеттiк тiркеу сәтiнен кейiн құрылған болып саналады.
      11. Ұлттық парктер құрамында филиалдар (аймақтық бөлiмшелер) және өкiлеттiктер құрылуы мүмкiн.
      Ұлттық парктердiң филиалдары (аймақтық бөлiмшелерi) олар тұрған жерлерден тыс орналасқан және олардың функцияларының бәрiн немесе бiр бөлiгiнiң, оның iшiнде өкiлеттiлiк функциясын жүзеге асыратын оқшауланған бөлiмшелер болып табылады.
      Ұлттық парктердiң өкiлеттiлiктерi парктер орналасқан жерлерден тыс орналасқан және ұлттық парктер мүдделерiн қорғау мен өкiлеттiлiгiн жүзеге асырушы және олардың тарапынан мәмiле және өзге де құқықтық iс-әрекет жүргiзушi оқшауланған бөлiмшелер болып табылады.
      12. Филиалдар мен өкiлеттiктер заңды тұлғалар болып табылмайды. Олар құрылған ұлттық парктердiң мүлкiне ортақтастырылған және ұлттық парктер бекiткен ережелердiң негiзiнде әрекет етедi.
 
      4. Ұлттық парктердi басқару
 
      13. Ұлттық парктердi басқаруды қарамақтарында осы парктер бар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары жүзеге асырады.
      14. Ұлттық парктердi өз қарамағында ұлттық парктер бар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдары тағайындайтын директорлар басқарады.
      Филиалдар мен өкiлдiктердiң басшыларын ұлттық парктердiң уәкiлеттi органдары тағайындайды және директорлар олардың сенiмхаттары негiзiнде iс-әрекет етедi.
      Ұлттық парктердiң құрылтайшылары, директорлары, олардың филиалдарын (аймақтық бөлiмшелердiң) және өкiлдiктердiң басшылары арасындағы еңбек қатынастары келiсiм-шарт негiзiнде жүзеге асырылады.
      15. Ұлттық парктердiң директорлары ұлттық парктер қызметi үшiн құрылтайшылар алдында дербес жауапты болады:
      олар өздерiнiң құзырына және осы Уақытша ережеге сәйкес бiрыңғай басшылық принциптерiне iс-әрекет жасайды;
      құрылтайшылардың бекiтуiне ұлттық парктер директорлары орынбасарларының, ұлттық парктер аймақтық бөлiмшелер (филиалдары) және өкiлдiктерi басшыларының кандидатураларын ұсынады.
      Ұлттық парктер директорлары орынбасарларының, филиалдар (аймақтық бөлiмшелер), өкiлдiктер басшыларының және басқа да басшы қызметкерлердiң қызметтiк мiндеттерiн лауазымды нұсқауларға сәйкес ұлттық парктердiң директорлары белгiлейдi.
 
         5. Ұлттық парктер аумағының режимi және функционалдық
                           аймақтарға бөлу
 
      16. Ұлттық парктер аумағында жергiлiктi табиғат, тарихи-мәдени және әлеуметтiк ерекшелiктердi ескере отырып, пайдаланудың, күзету мен қорғаудың сараланған режимi белгiленедi, оларға сәйкес:
      Қорықтық режим шегiнде ғылыми-техникалық кеңестiң ұсыныстары және қарамағында ұлттық парктер бар мемлекеттiк басқару органдарының рұқсаты негiзiнде, қолданылып жүрген заңдар шегiнде аумақтарда қорықтық аймақты жүргiзуге рұқсат ететiн шаралардан басқа кез келген шаруашылық және рекреациялық пайдалануға тыйым салынған қорықтың режим функционалдық аймақтарға бөлiнуi мүмкiн. Қорықтық режим аймақтары аумағында мынадай шараларды жүргiзуге:
      а) антропогендiк әсердiң салдарынан өзгерген табиғат-кешендерi мен олардың құралдарын сақтау, қалпына келтiру және алдын алуға;
      б) ғылыми-зерттеу жұмыстарын орындауға;
      в) өртке қарсы және санитарлық шараларды;
      г) ұлттық парк қызметкерлерiнiң бастауымен, ұлттық парктер үшiн арнайы белгiленген маршрут ережелер бойынша, экскурсиялық топтармен ғылыми-танысу мақсатында парк аумағына баруға;
      табиғат объектiлерiн сақтау жағдайын қамтамасыз ететiн, оның шегiнде қатаң реттелетiн рекреациялық пайдалануға рұқсат етiлетiн заказдық режимге;
      экологиялық атқарушылықты ұйымдастыру және көрiктi жерлер мен танысуға арналған танымдық тұрғыдағы туризмге;
      спорттық және әуесқойлық аң аулау мен балық аулауға арналған, аумақты қоса, рекреациялық пайдалануға;
      қолданып жүрген заңдарға сәйкес тарих-мәдениет мұрағаттарын қорғау үшiн жағдайды қамтамасыз ететiн тарих-мәдениет объектiлерiнiң күзетiне;
      жұмыстардың экологиялық зиянсыз әдiстерi негiзiнде ауыл шаруашылығын жүргiзуге;
      қонақ үйлерге, шатырлы лагерьлерге және туристiк сервистiң, мәдени, тұрмыстық және ақпараттық қызметтiң өзге де объектiлерiн орналастыру үшiн келушiлерге қызмет көрсетуге;
      ұлттық парктiң жұмыс iстеуiн, сондай-ақ парк аумағында тұратын халықтың негiзгi мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшiн қажеттi шегiнде шаруашылық-өндiрiстiк жұмыс жүргiзiлетiн шаруашылық мақсатқа рұқсат етiледi.
      Ұлттық парктерде қоршаған табиғи ортаны бүлдiрмейтiн және биологиялық, су және жер ресурстарын сарықпайтын дәстүрлi табиғат пайдалану аймақтарын бөлуге рұқсат етiледi.
      17. Ұлттық парктерге келiп-кетудiң тәртiбi мен ережесiн өз қарамағында ұлттық парктер бар мемлекеттiк басқару органдарының келiсiмi бойынша аумақта рекреациялық мақсатта пайдаланудың ғылыми нормалары негiзiнде парктердiң әкiмшiлiктерi анықтайды.
      18. Ұлттық парктердiң аумақтарында:
      табиғат кешендерiнiң жұмысына және күзетке алынған тарихи-мәдениет объектiлерiне қауiп төндiретiн қандай да болсын қызметке;
      геологиялық барлау жұмысына және пайдалы қазбаларды өндiруге;
      целлюлоза-қағаз және химия өнеркәсiбi, металлургия, ядролық энергетика және ерекше экологиялық қауiп туғызатын қандай да болсын өзге де объектiлер қызметiне;
      гидрологиялық режимдi өзгертушi әрекетке;
      негiзгi жолдар, труба құбырларын, электр қуатын беретiн желiлер салуға және ұлттық парктердiң қызмет атқаруына байланыссыз басқа да құрылыстарды жүргiзуге;
      бұқаралық спорт және ойын-сауық шараларын өткiзуге;
      арнайы белгiленген орындардан тыс жерлерде тұрақ ұйымдастыруға, шатырлар тiгуге, от жағуға;
      арнайы белгiленген орындардан тыс жерлерде механикалық көлiк құралдарының жүруiне және тұруына, жолдардан тыс, жалпы мақсаттағы жолдардан тыс жерлерде үй жануарларын айдап өтуге;
      суағарлар мен су қоймалары мен ағаш ағызуға;
      жергiлiктi өсiмдiктер мен жануарлар дүниесiне жат өсiмдiктер мен жануарларды жерсiндiруге;
      басты мақсатта ағаш кесу мен шайыр дайындауға тыйым салынады.
      Ұлттық парктерге аумақтық зоологиялық, ғылыми, эстетикалық, мәдени және рекреациялық құндылығын төмендетуге әкеп соқтыратын басқа да қызмет түрлерiне тыйым салынуы немесе шек қойылуы мүмкiн.
      19. Ұлттық парктердiң режимiн сақтауды оның күзет қызметi қамтамасыз етедi, оның құрамына:
      Ұлттық парктердiң директорлары мен олардың орынбасарлары; филиалдар (аймақтық бөлiмшелер) мен өкiлеттiктердiң басшылары, мемлекеттiк аға инспекторлар, ұлттық парктi күзету жөнiндегi мемлекеттік инспекторлар (табиғатты ұтымды пайдалануды ұйымдастыру, аймақтарға бөлiнген кешендердiң күзетi және олардың қалпына келтiру мәселелерiмен шұғылданатын бөлiмдердiң басшылары; орманшылар, орманшылардың көмекшiлерi);
      ұлттық парктердi күзету жөнiндегi учаскелiк мемлекеттiк инспекторлар (орман шеберлерi және аңшылар) кiредi.
      Ұлттық парктердi күзету жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар (орманшылар және қорықшылар).
      20. Ұлттық парктердiң әкiмшiлiгi аумақты күзетудi қамтамасыз ету мәселелерiнде суды пайдалану мен күзетудi реттеу, балық күзетi, аң аулауды қадағалау жөнiндегi мемлекеттiк органдармен, тарих-мәдениет мұралары объектiлерiн күзету жөнiндегi мемлекеттiк органдармен және iшкi iстер органдарымен өзара әрекет етедi. Ұлттық парктер аумақтарын күзетуге қоғамдық инспекцияны тарта алады.
      Ұлттық парктердi күзету жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға:
      азаматтар мен лауазымды адамдардан олардың ұлттық парктердiң режимдерiн және табиғат қорғау заңдарын, оның iшiнде балық қорлары, жануарлар дүниесi, су: орман, жер заңдарын бұзуына байланысты түсiнiктер талап етуге;
      азаматтар мен лауазымды адамдардың ұлттық парктер мен олардың күзет аймақтары болуына, көлiкпен жүрiп-өтуiне, табиғатты пайдалануға, шаруашылық және өзге де қызметпен айналысуға құқық беретiн құжаттарын тексеруге;
      азаматтар мен лауазымды адамдардың табиғат күзетi заңдарына және ұлттық парктер мен олардың күзет аймақтары режимiне қайшы келетiн қызметiн тоқтатуға;
      табиғат күзетi заңдарының талаптарының сақталуын тексеру үшiн ұлттық парктер мен күзет аймақтары аумақтарындағы қандай да болсын ұйымдарды, гидротехникалық құрылыстарды, мекемелердi және өзге де көлiк құралдарын аралауға;
      табиғат күзетi заңдарын бұзушылардан өнiмдi және табиғат пайдаланудың заңсыз қаруларын, сондай-ақ қолданылып жүрген заңдарда көзделген тәртiппен тиiстi құжаттарды алып қоюға;
      қоршаған табиғи ортаны қорғау, тарих және мәдениет ескерткiштерi күзетi саласында әкiмшiлiк құқық бұзушылыққа өз құзыры шегiнде хаттамалар жасауға, осы құқық бұзушылыққа жол берген адамдарды милицияға немесе поселкелер мен елдi мекендердегi жергiлiктi атқарушы органның үйiне алып баруға.
      21. Ұлттық парктердiң орман күзетiне ормандарды пайдалану, ұдайы өсiру, күзету және қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асыру жүктелген. Мемлекеттiк орман күзетiне жатқызылатын ұлттық парктер күзетi қызметкерлерiнiң тiзбесiн Қазақстан Республикасының орман шаруашылығын мемлекеттiк басқару органы бекiтедi.
      22. Ұлттық парктердiң күзет жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларына айырым белгiсiмен пiшiмдi киiм-кешек және белгiленген үлгiде куәлiк берiледi.
      23. Заңдарда көзделген жағдайлар мен тәртiпте ұлттық парктердiң мемлекеттiк инспекторлардың суық және атылатын қаруды алып жүруге, сақтауға және қолдануға құқығы бар.
 
      6. Ұлттық парктердегi ғылыми-зерттеу және ағартушылық қызметi
 
      24. Ұлттық парктердегi ғылыми-зерттеу қызметi аймақтағы экологиялық жағдайды рекреациялық пайдалану, бағалау және болжау жағдайында биологиялық әртүрлiлiктi, табиғат және тарих-мәдениет кешендерi мен объектiлерiн сақтаудың ғылыми әдiстерiн әзiрлеу мен енгiзуге бағытталған.
      25. Ұлттық парктердегi ғылыми-зерттеу қызметiн:
      ұлттық парктердiң ғылыми-техникалық кеңестерi бекiткен ғылыми-зерттеу жұмыстарының жоспарлары бойынша ұлттық парктердiң ғылыми бөлiмдерi мен лабораторияларының штаттағы қызметкерлерi;
      қарамағында ұлттық парктерi бар мемлекеттiк басқару органдарымен келiсiп, жалпы ұлттық парктердiң бағдарламалары бойынша шарттық негiзде тиiстi салалардың ғылыми-зерттеу мекемелерi мен жоғары оқу орындары жүргiзедi.
      26. Ұлттық парктерде ғылыми, табиғат күзетi, рекреациялық және ағартушылық қызмет бойынша жұмыстарды үйлестiру және талдау үшiн ғылыми-техникалық кеңестер құрылады.
      Ғылыми-техникалық кеңестер құрамы мен олар туралы ереженi қарамағында ұлттық парктерi бар мемлекеттiк басқару органдары бекiтедi.
      27. Орман шаруашылық, биотехникалық, жердi қалпына келтiру және жаңғырту жұмыстарының жоспарларын, сондай-ақ ұлттық парктер аумақтарындағы жабайы жануарлардың санын реттеу жөнiндегi шаралар мiндеттi түрде ұлттық парктердiң ғылыми-техникалық кеңестерiнiң және қарамағында ұлттық парктерi бар мемлекеттiк басқару органдарының мәжiлiстерiнде қаралады.
      28. Ұлттық парктердiң ағартушылық қызметi буклеттер, суреттiк альбомдар, жол көрсеткiштер, анықтама материалдарын және өзге де баспа өнiмiн шығаруды, мұражайлар мен экспозициялар ұйымдастыруды, оқу экскурсиялық жолдары мен маршруттарды құру мен көркейтудi, мектеп орманшылықтарын ұйымдастыруды, тиiстi салалардың жоғарғы және орта арнаулы оқу орындары студенттерiнiң оқу және өндiрiстiк практикадан өтуiн: бұқаралық ақпарат құралдарында ұлттық парктер қызметiн және өзге де әлеуметтiк-экономикалық тәрбиелеудiң, бiлiм мен экологиялық бiлiмдер насихатының нысандары мен әдiстерiн көрсетудi қамтиды.
 
      7. Ұлттық парктердiң шаруашылық қызметi
 
      29. Ұлттық парктердiң шаруашылық қызметi тиiстi табиғат және тарих-мәдениет объектiлерi күзетiн қамтамасыз етуге, олардың күтiп-баптау және қалпына келтiру шараларын орындауға, сондай-ақ реттелетiн туризм мен табиғат жағдайларындағы демалысты ұйымдастыруға бағытталған.
      30. Реттелетiн туризм мен табиғат жағдайындағы демалысты дамыту дербес түрде бекiтiлген жобалық материалдарға, бағдарламалар мен даму жоспарларына сәйкес, сондай-ақ ұлттық парктердiң мүдделi заңды ұйымдар мен жеке адамдарға табиғат объектiлерiн: үйлер мен құрылыстарды пайдалануға беруi жолымен жүзеге асырылады.
      31. Ұлттық парктер жерлерiн рекреациялық мақсатта пайдалану ақылы негiзде жүзеге асырылады. Төлем мөлшерiн ұлттық парктер дирекцияларының ұсынысы бойынша жергiлiктi атқарушы өкiмет органдары бекiтедi.
      32. Қонақ үйлердi, кемпингтердi, туристiк базаларды, тамақтандыру кәсiпорындарын және басқа да туристiк қызмет көрсету объектiлерiн салу мен пайдалану, азаматтардың демалысы үшiн жағдай жасау, оларға мәдени және тұрмыстық қызмет көрсету ұлттық парктермен жасалған шарттарға сәйкес белгiленген тиiстi жағдайда мүдделi ұйымдар жүзеге асырады. Ұлттық парктер бұл жұмысты бюджеттiк және бюджеттен тыс қаражаттар есебiнен дербес түрде жүзеге асыра алады.
      33. Ұлттық парктердiң тиiстi аймақтары аумағында аңшылықты пайдалану мен балық аулау жабайы жануарлардың санын реттеуге негiзделген және ұлттық парктердi басқару органдарының, сондай-ақ ғылыми ұйымдардың және оған арнаулы уәкiлеттендiрiлген органдардың келiсiмi бойынша ұлттық парктердiң әкiмшiлiктерi анықтайды.
      34. Ұлттық парктер мақсаттар мен мiндеттерге қайшы келмейтiн өзге де шаруашылық қызметiн жүзеге асыра алады.
 
      8. Ұлттық парктердiң құқықтық мәртебесi
 
      35. Ұлттық парктердiң аумағында орналасқан жерлер, олардың жер қойнауы және су кеңiстiктерi шегiнде орналасқан өсiмдiк және жануарлар дүниесiнiң ресурстары, тарих-мәдениет объектiлерi Қазақстан Республикасының мемлекеттiк меншiгi болып табылады және ұлттық парктерге тұрақты жер пайдалану құқығы негiзiнде берiлген.
      Ұлттық парктер жер және табиғат ресурстары үшiн төлемнен босатылады.
      Ұлттық парктердiң жерлерiн алып қоюға тыйым салынған.
      Ұлттық парктер шекарасына енгiзiлген жерге, оларды шаруашылық пайдаланудан бөлiп алмай-ақ шек қою осы учаскелерге жеке меншiк иесi немесе жердi пайдаланушы құқығы бар субъектiмен шарт бойынша белгiленедi.
      Ұлттық парктер және пайдаланушылардан жердi бөлiп алып қоюға байланысты шығын өтемiнен босатылады.
      Ұлттық парктер мынадай жағдайда кiрiстер ала алады: негiзгi қызметiнiкi емес өткiзуден; жұмыстарды орындаудан; қызмет көрсетуден немесе өзге де қызметтi жүзеге асырудан (ағартушылық, рекреациялық, ғылыми, жарнама-баспалық); ұлттық парктер аумағында орналасқан табиғат кешендерi мен объектiлерiне келтiрiлген зиянның орнын толтыру есебiнен алынатын төлемдер; белгiленген тәртiпте тәркiленген аң аулау, балық аулау үшiн қолданылатын қаруларды және заңсыз табиғат пайдалану өнiмiн сатудан; тегiн көмек пен мейiрiмдiлiк жарналық түсiмдерден, олар белгiленген тәртiпте бюджеттiк ұйымдардың арнаулы қаражаттары ретiнде рәсiмделуi керек.
      36. Ұлттық парктер шекараларындағы жер учаскелерi, сондай-ақ оларға орналасқан үйлер, құрылыстар, ғимараттар жекешелендiруге жатпайды.
      37. Ұлттық парктердiң аумағы кешендер сызбасын әзiрлеу, жерге орналастыру мен аудандық жоспарлау кезiнде ескерiледi. Бұл жобалық құжаттар қарамағында ұлттық парктерi бар Қазақстан Республикасының мемлекеттiк басқару органдарымен мiндеттi түрде келiсiлуге тиiс.
      38. Ұлттық парктер заңды ұйымдар болып табылады: республикалық бюджет есебiнен қаржыландырылады және дербес баланста болады, қазақ және орыс тiлдерiнде өзiнiң атауы жазылған Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк Елтаңбасы бейнеленген мөрi болады, бюджеттiк және ағымдағы шоттар, оның iшiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк бюджеттiк банкiнде валюталық шот ашады.
      39. Ұлттық парктер ұлттық парктердiң дамуына мүмкiндiк туғызатын қоғамдық қорлардың, ассоциациялардың және өзге де ұйымдардың қызметiне қатыса алады.
      40. Ұлттық парктердiң өзiнiң дербес рәмiздерi вымпелдер, эмблемалар және басқалар болуына құқығы бар.
 
      9. Ұлттық парктердiң қызметiне бақылау жасау
 
      41. Ұлттық парктердiң қызметiне бақылау жасауды қарамағында парктерi бар мемлекеттiк басқару органдары, сондай-ақ өз құзыры шегiнде өзге де оған уәкiлеттендiрiлген органдар жүзеге асырады.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады