1. Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiнiң "Амоко" (АҚШ) компаниясының қатысуымен бiрлескен кәсiпорын құру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрi Н.Ө.Балғымбаевқа Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң атынан "Амоко" компаниясымен бiрлескен кәсiпорын құру туралы келiссөз жүргiзуге өкiлеттiк берiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi бiрлескен кәсiпорынға қазақстан тарапынан қатысушы ретiнде "Амоко" компаниясының қатысуымен бiрлескен кәсiпорын құру туралы келiсiмге қол қойсын, онда:
"Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясының Каспий тұрба құбыры консорциумына қатысу үлесiнен, ол қайта ұйымдастырылғаннан кейiн "Амоко" компаниясының 50 процент пайда алуы, сондай-ақ "Мұнайгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясына тиесiлi Каспий тұрба құбыры консорциумының мұнай тұрба құбыры қуатының 3 млн. тонна мөлшерiндегi бiр бөлiгiн алуы;
"Мұнайгаз" компаниясының Каспий тұрба құбыры консорциумы
алдындағы барлық қаржылық мiндеттемелерi мен бiрлескен кәсiпорын құруға байланысты шығындарды өтеудi "Амоко" компаниясының қабылдауы көзделсiн. 4. <*> ЕСКЕРТУ. 4-тармақ алынып тасталды, 5-тармақ 4-тармақ болып саналды - ҚРҮ-нiң 1997.02.12. N 205 қаулысымен. P970205_ 4. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы органдары жоғарыда аталған қызметтi жүзеге асыру үшiн қажеттi шешiмдер мен лицензиялар беруде көмек көрсететiн болсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi