Қазақстан Республикасының шекаралық белгiлерi туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 желтоқсандағы N 1528 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 8 қарашадағы № 1181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.11.2013 № 1181 қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасы туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Шекаралық белгiлердiң нысаны, өлшемi және оларды Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекараларына орнату тәртiбi (сипаттама қоса берiлiп отыр) бекiтiлсiн.
      2. Шекаралық белгiлердi дайындау заңда белгiленген тәртiппен берiлетiн лицензияға сәйкес жүзеге асырылады деп белгiленсiн.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi

                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                      1996 жылғы 12 желтоқсандағы
                                           N 1528 қаулысына
                                                қосымша

        Шекара белгiлерiнiң сипаттамасы және оларды Қазақстан
          Республикасының мемлекеттiк шекарасына орнатудың
                             ТӘРТIБI

                 1. Негiзгi шекара белгiлерi

       Негiзгi шекара белгiлерi бағандарының құрастырмасы

       Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында орнатылатын негiзгi шекара белгiлерiнiң бағандары екi түрде: құрама немесе құрама-тұтас құйылған темiр-бетоннан әзiрленедi.
       Құрама шекара бағаны алты блоктан, iргетастан және темiрбетон қорғаныштан (төрт блоктан) тұрады.

       Негiзгi шекара белгiсi бағанының нысаны

       Негiзгi шекара белгiсi бағаны ұзындығы 264 см және қимасы 18х22 см темiр-бетон құрастырмасы. Бағанның жер бетiн биiктiгi 200 см, оның жоғарғы бөлiгi төрт қырлы пирамидалы нысанда. Бағанның түбiнде тiк бұрыш нысанды құрама темiр-бетон қорғаныш құрылады.
       Шекара бағанының гиометриялық орталығын белгiлеу үшiн ұзындығы 70 см және диаметрi 16 мм кем емес металл бiлiк пайдаланылады. Бағанды орнатар алдында бұл бiлiк бағанның осi бойынша 82х78 см, тереңдiгi 104 см шұқырға 30 см тереңдiкке қағылады. Бiлiктiң қалған 40 см бөлiгiне бетон құйылады, оған шекара бағанының темiр-бетон құрастырмасы қондырылады.

      Шекара белгiлерiнiң мемлекеттiк нышандамасы

      Негiзгi шекара белгiлерiнiң барлық негiзгi бағандарына шектес мемлекет жағына қаратылған Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк гербi орнатылады. 22х22 см мөлшердегi Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк гербiнiң белгiсi металдан немесе пластмассадан жасалады және бағанның кең қырына орнатылады. Негiзгi шекара белгiсiнiң бағаны Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк туына түстес келетiн бояумен боялады.

      Негiзгi шекара белгiлерiнiң нөмiрленуi

 
      Шекара белгiлерiнiң өз реттiк нөмiрi болады. Шекара бағандарын белгiлеу үшiн араб цифрлары пайдаланылады. Бiрдей нөмiрлi екi шекара бағанынан тұратын шекара белгiлерiне олардың реттiк нөмiрлерiнiң астына төменде (1) және (2) цифрлар қосымша жазылады. Бiрдей нөмiрлi үш шекара бағанынан тұратын шекара белгiлерiне олардың реттiк нөмiрлерiнiң астына төменде (1), (2), (3) цифрлары қосымша жазылады. Нөмiрлер қара түстi бояумен боялады.
      Мемлекеттiк герб пен реттiк нөмiрлер белгiлерiнен басқа қазақстандық шекара бағандарына басқа таңбалаулар көзделмейдi.

                  2. Аралық шекара белгiлерi

       Аралық шекара белгiлерi бағандарының құрастырмасы

       Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасында орнатылатын аралық шекара белгiлерiнiң бағандары екi түрде құрама және құрама-тұтас құйылған темiр-бетоннан дайындалады.
       Құрама тұтас қойылған баған төрт сыртқы блоктан, iргетастан және темiр-бетон қорғаныштан (төрт блоктан) тұрады. Құрама тұтас құйылған баған екi блоктан: темiр-бетонды сыртқы және бетонды iргетасты блоктардан, сондай-ақ темiр-бетон қорғаныштан - төрт блоктан тұрады.

       Аралық шекара белгiсi бағанының нысаны

       Аралық шекара белгiсi бағаны ұзындығы 184 см және қимасы 18х22 см темiр-бетон құрастырмасы. Бағанның жер бетiнен биiктiгi 120 см. Оның жоғарғы бөлiгi төрт қырлы нысанда. Баған өзiнiң кең қырымен шектес мемлекет жаққа қараған.
      Бағанның тұғырына құрылған темiр-бетон қорғанышы негiзгi шекара белгiсi бағанындағы секiлдi сондай нысан мен мөлшерде болады.
      Аралық шекара белгiлерi бағандарын орнату технологиясы негiзгi шекара белгiлерi бағандарын орнату технологиясымен бiрдей.
 
      Аралық шекара белгiлерi бағандарының бояуы
 
      Аралық шекара белгiлерiнiң бағандары ақ түстi бояумен боялады.
 
      Аралық шекара белгiлерi бағандарының нөмiрленуi
 
      Нөмiрлер бағандарға қара түстi бояумен бөлшек сандармен жазылады. Бөлшектiң алымы негiзгi шекара белгiсiнiң нөмiрi, ал бөлгiшi аралық шекара белгiсi бағанының реттiк нөмiрi болып табылады.
      Аралық шекара белгiлерi бағандары нөмiрлерiнiң өсуi негiзгi шекара белгiлерiнiң екi көршi бағандарының арасында орналасқан осы бағандардың санымен шектеледi.
 
         3. Шекараны қолдан жасалған құралдармен белгiлеу

       Қазақстан-қытай мемлекеттiк шекарасының жекелеген жер бетiндегi қиын-қыстау учаскелерiне (мұздықтар, таулы шатқалы учаскелерi) негiзгi және аралық шекара белгiлерiн жеткiзу мен орнату қиын және бұл демаркациялық жұмыстарды жүргiзуге қатысушылардың өмiрiне қауiп тудырады. Осыған байланысты жер бетiндегi қиын-қыстау учаскелерге шекара желiлерiн белгiлеу үшiн тастан, қиыршық тастан және басқа қолдан жасалған құралдардан әзiрленген қазулар, пирамидалар мен қорғандарды қолдану орынды.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады