Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 18 желтоқсан N 1548. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.20. N 851 қаулысымен. ~P970851

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес, осы аппарат қызметкерлерiнiң шектi саны негiзiнде 32 адам болып бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөнiндегi комитетiне төрағаның 1 орынбасарын, сондай-ақ саны 7 адамдық алқа ұстауына рұқсат етiлсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және

сертификаттау жөнiндегi орталық аппараты үшiн 2 қызметтiк жеңiл
автомобиль лимитi белгiленсiн.
     4. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын:
     "Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология және
сертификаттау жөнiндегi комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы"
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1795
қаулысы:
     "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы 
N 1795 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1996 жылғы 6 тамыздағы N 973 қаулысы.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
                                       Қазақстан Республикасы 
                                       Үкiметiнiң 1996 жылғы 
                                       18 желтоқсандағы
                                       N 1548 қаулысына
                                              қосымша

              Қазақстан Республикасының Стандарттау, метрология
              және сертификаттау жөнiндегi комитетi орталық
                               аппаратының
                                ҚҰРЫЛЫМЫ

     Басшылық
     Стандарттау, сертификаттау және заңдық метрология 
     басқармасы
     Стандарттауды және лицензиялауды мемлекеттiк қадағалау
     басқармасы
     Қаржы-экономикалық талдау, есеп және ұйымдастыру-кадр
     жұмысы басқармасы
  
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады