Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi, Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Үкiмет Аппаратының Басшысы арасында мiндеттердi бөлу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 23 желтоқсан N 1574. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.08.01. N 1202 қаулысымен. ~P971202


     Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
     1. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi,
Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Үкiмет Аппаратының Басшысы
арасында мiндеттердi бөлу бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
     2. "Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi,
Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Үкiмет Аппаратының Басшысы
арасында мiндеттердi бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң
1996 жылғы 9 қарашадағы N 1363 қаулысының күшi жойылған деп танылсын.

     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi
                                       Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                    1996 жылғы 23 желтоқсандағы
                                        N 1574 қаулысымен
                                         Бекiтiлген

                Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi,
     Премьер-Министрдiң орынбасарлары және Үкiмет Аппаратының Басшысы
                                  арасында
                              МIНДЕТТЕРДI БӨЛУ

            Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
                         Ә.М. Қажыгелдин



      Үкiметтiң қызметiне тiкелей басшылық жасау, министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң және басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың республиканы экономикалық және әлеуметтiк дамыту жөнiндегi жұмысын үйлестiру.

     Үкiметтiң Реформаларды тереңдету жөнiндегi iс-қимыл
бағдарламасын жүзеге асыру.
     Сыртқыiсминiнiң, Қорғанысминiнiң, Iшкiiсминiнiң, Әдiлетминiнiң,
ҰҚК-нiң, Прокуратураның, Мемтергеукомының жалпы мәселелерi.

            Премьер-Министрдiң бiрiншi орынбасары
                         А.С. Есiмов

     Премьер-Министрдiң орнын ауыстыру, Үкiмет Аппаратымен жұмыс
iстеу.
     Аумақтық басқару органдарымен өзара iс-қимыл, аймақтарды дамыту,
кадр саясаты мәселелерi.
     Мемлекеттiк инвестициялық саясатты, сыртқы экономикалық қызметтi
үйлестiру.
     Инвестициялар жөнiндегi мемкомитет, Меммүлiккомы, Жоғары және
орталық меморгандарды Ақмола қаласына көшiру жөнiндегi мемкомиссия
жұмысының мәселелерi. Қоғанысминiнiң, Әдiлетминiнiң, iшкiiсминiнiң
жедел қызметi.

            Премьер-Министрдiң бiрiншi орынбасары
                        Н.Қ. Есенғарин

     Интеграция комитетiне басшылық, ТМД органдарында Қазақстан
Республикасының атынан өкiлдiк.
     Сыртқыiсминiнiң ТМД елдерiмен ынтымақтастыққа қатысты мәселелерi.

            Премьер-Министрдiң орынбасары
                    Д.Т. Дүйсенов

     Республика экономикасының жұмыс iстеуiнiң және ТМД елдерiмен
ынтымақтастықтың жедел мәселелерi.


      Өнеркәсiп, энергетика, көлiк және коммуникациялар кәсiпорындарын, құрылыс кешенiн реформалау. Халық шаруашылығын жұмылдыру дайындығы, материалдық-техникалық қамтамасыз ету және мемлекеттiк материалдық резервтер, ғылыми-техникалық прогресс, қолданбалы және iргелi ғылым, iшкi сауда, қайталама ресурстарды пайдалану мәселелерi. Тұтыну тауарлары, жеңiл өнеркәсiп өндiрiсi мен нарықтарын дамыту. Ғылым мен техника жөнiндегi жоғары консультативтi кеңестiң, Ақпаратты қорғау жөнiндегi мемлекетiк техникалық комиссияның қызметiне басшылық ету.
      Жұмыс берушiлер бiрлестiктерiмен және кәсiподақтармен өзара iс-қимыл, әлеуметтiк әрiптестiк мәселелерi.
      Мемлекеттiк шекара күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитет, Өнеркәсiпсаудаминi, Энергиякөмiрминi, Көлiккомминi, Құрылысминi, Ғылымминi - Ғылым академиясы, Геологияминi, Мұнайгазминi, Мемтөтенжағдайкомы, Мемстандарт, Сауда-өнеркәсiп палатасы, Мемлекеттiк аттестациялық комитетi, Мемматрезервкомы жұмысының мәселелерi.

             Премьер-Министрдiң орынбасары - Қаржы министрi
                            А.С. Павлов

      Макроэкономиканың және әлеуметтiк-экономикалық реформалардың жалпы және ағымдағы мәселелерi.
      Кедендiк-тарифтiк және монополияға қарсы саясат.
      Республика бюджетiн және индикативтiк жоспар-болжамдарды әзiрлеуге басшылық жасау, олардың орындалуын бақылау, қаржы, валюта және баға саясатын қалыптастыру.
      Халықаралық қаржы-экономика ұйымдарымен өзара iс-қимыл. Кәсiпкерлiктi дамыту.
      Экономминi, Қаржыминi, Мемжекешелендiрукомы, Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемкомитет, Мемлекеттiк салық комитетi, Ұлттық статистика агенттiгi, Мемсақтандыруқадағалау, Кеден комитетi, Ұлттық және мемлекеттiк банктер, Бағалы қағаздар жөнiндегi ұлттық комиссия, Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссия, Республикалық бюджеттiң орындалуына бақылау жасау жөнiндегi есеп комитетi, жол және басқа да бюджеттен тыс қорлар жұмысының мәселелерi.

             Премьер-Министрдiң орынбасары
                  Ж.С. Кәрiбжанов

      Агроөнеркәсiп кешенi және халықты азық-түлiкпен қамтамасыз ету салаларының қызметiн үйлестiру. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерi.
      Ауылшарминi, Экобиоресурсминi, Мемжеркомы, Суресурскомы, Қазгидромет жұмысының мәселелерi.

             Премьер-Министрдiң орынбасары
                  И.Н. Тасмағамбетов

      Әлеуметтiк-мәдени даму мәселелерi, мәдениет, бiлiм беру, жоғары мектеп, денсаулық сақтау, туризм және спорт, архив iсi салаларындағы бағдарламаларды әзiрлеу және жүзеге асыру.
      Әлеуметтiк-саяси процестердi, ұлтаралық қатынастарды зерделеу.
      Жұмыспен қамту, еңбек және еңбекке ақы төлеу, әлеуметтiк қорғау мәселелерi.
      Бiлiмминi, Мәдениетминi, Жастурспортминi, Денсаулықминi, Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, Мемұлткомы, Авторлық және сабақтас құқықтар жөнiндегi мемлекеттiк агенттiк, ҚазТАГ, Ономастика және Терминология комиссиялары, Зейнетақы қоры, әлеуметтiк сақтандыру және жұмысмен қамту қорлары, Мiндеттi медициналық сақтандыру қоры жұмысының мәселелерi.

             Үкiмет Аппаратының Басшысы

      Аппарат бөлiмдерiнiң Үкiмет қызметiн қамтамасыз ету жөнiндегi жұмысын ұйымдастыру.
      Министрлiктердiң, мемкомитеттердiң, өзге орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың Үкiмет шешiмдерiнiң және оның басшылығы тапсырмаларының орындалуы мен сапасына бақылау жасауға қатысты қызметiн үйлестiру.
      Үкiметтiң нормативтiк актiлерi мен республика басшылығының тапсырмаларын орындамағаны үшiн министрлiктер мен ведомстволар, облыстар басшыларын тәртiптiк жауапкершiлiкке тарту туралы ұсыныстар әзiрлеу.
      Үкiметтiң Парламентпен, Президент Әкiмшiлiгiмен және аумақтар әкiмдерiмен өзара iс-қимылын қамтамасыз ету. Үкiметтiң Баспасөз қызметiне, республика Үкiметiнiң жанындағы Мемлекеттiк қызметшiлердi қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру институтының жұмысына басшылық ету.

     Қазақстан Республикасының Үкiметi тағайындайтын кадрлар жөнiнде
келiсiлген ұсыныстарды зерделеу және енгiзу.
     Үкiметтiң басшылығы өз жұмысын ұйымдастыруда акционерлiк және
холдинг компанияларымен, басқа да республикалық органдармен, қоғамдық
және өзге ұйымдармен қызметтiң жетекшiлiк жасалатын бағыттары бойынша
өзара iс-қимыл жасап отырады.

     Үкiмет басшылығының бiрiн-бiрi ауыстыруының мынадай тәртiбi
белгiленедi:

     Ә.М. Қажыгелдин - А.С. Есiмов
     Д.Т. Дүйсенов - А.С. Павлов
     И.Н. Тасмағамбетов - Ж.С. Кәрiбжанов
     Н.Қ. Есенғарин - Д.Т. Дүйсенов
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады