Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң жанынан Мемлекеттiк сатып алу жөнiнде агенттiк құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 24 желтоқсан N 1597. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.05.20. N 851 қаулысымен. ~P970851

      Республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттары есебiнен тауарларды (жұмыстарды, көрсетiлген қызметтердi) мемлекеттiк сатып алуды жүзеге асыру кезiнде мемлекеттiк реттеу мен салааралық реттеудi қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Экономика министрлiгiнiң жанынан Мемлекеттiк сатып алу жөнiнде агенттiк (бұдан әрi - Агенттiк) құрылсын.
      Агенттiкке:
      мемлекеттiк сатып алу рәсiмдерiн ұйымдастыру және жүргiзу тәртiбiн нормативтiк реттеудi жүзеге асыру;
      сатып алудың нормативтiк құжаттарын әзiрлеу және оларды Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсыну;
      сатып алуды жүргiзу жөнiнде мемлекеттiк тапсырыс берушiлердiң қызметiн үйлестiру және оған бақылау жасау;
      сатып алуды жүргiзу жөнiндегi орындауға мiндеттi тендерлiк және өзге де құжаттамалар нысанын әзiрлеу мен шығару және осы мәселелерде тапсырыс берушiлерге әдiстемелiк көмек көрсету;
      Мемлекеттiк салып алу бюллетенiн шығару;
      конкурстық комиссиялардың хаттамалық шешiмдерiн орындауы мен тапсырыс берушiлердiң сатып алу рәсімдерiн сақтауына бақылау жасау;
      берушiлердiң (мердiгерлердiң) шағымдарын және олар туралы барлық тапсырысшылар орындауға мiндеттi шешiмдер қабылдауды тексеру:
      жалпы мақсаттағы немесе ерекше маңызды тауарлар (жұмыстар, көрсетiлген қызметтер) тiзбесi бойынша мемлекеттiк сатып алуды ұйымдастыру;
      сатып алу жөнiндегi актiлердi, нұсқауларды, өкiмдердi, бұйрықтарды жүйелi есепке алу және оларды мемлекеттiк тапсырысшылардың назарына жеткiзу;
      мемлекеттiк сатып алуға ұдайы талдау жүргiзу және оны Қазақстан Республикасының Үкiметiне ұсыну жүктелсiн.
      2. Агенттiк қызметкерлерiнiң саны 20 адам болып және бiр қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн.
      3. Агенттiк басшысының лауазымы материалдық-тұрмыстық қызмет көрсету шарттары бойынша Қазақстан Республикасының Министрi орынбасарының лауазымына теңестiрiлсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Агенттiк аппаратын орталық атқарушы органдарды ұстауға көзделген республикалық бюджет қаражаты есебiнен ұстауға қажеттi қаражат көздесiн.
      5. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi бiр ай мерзiм iшiнде Агенттiк туралы ереженi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiтуiне ұсынсын.
      6. Мемлекеттiк сатып алуды қаржыландыруды бюджеттiк қаражатты мақсатты пайдалану жөнiндегi қаржылық жоспарына сәйкес мемлекеттiк тапсырысшылар жүзеге асырады деп белгiленсiн.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады