Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
Берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк әлеуметтiк
сақтандыру қорының қаражаты есебiнен санаторий-курорттық емдеуге және
балалардың ұйымдастырылған демалысына жолдамалар сатып алу, оларды
есепке алу және беру тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 26 желтоқсандағы
N 1624 қаулысымен
Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру
қорының қаражаты есебiнен санаторий-курорттық емдеуге
және балалардың ұйымдастырылған демалысына жолдамалар
сатып алу, оларды есепке алу және беру тәртiбi туралы
ереженi беру тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
I. Жалпы ережелер
1. Сырқаттанудан кейiн сауығуға мұқтаж болған сақтандырылған азаматтар Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының қаражаты есебiнен санаторий-курорттық емдеуге жiберiледi, сондай-ақ ауқатсыз, толымсыз және көп балалы отбасыларының балаларын сауықтыру, олардың ұйымдастырылған демалысы жүзеге асырылады.
II. Жолдамаларды сатып алу және бөлу тәртiбi
2. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi және облыстардың, республикалық бағыныстағы қалалардың және астананың еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдары санаторий-курорттық емдеуге және балаларды сауықтыруға жолдамаларды Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қорының бюджетiнде көзделген сома шегiнде сатып алады.
3. Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдары сатып алған жолдамалар ұйымдарға және сақтандыру жарналарын басқа да төлеушiлерге оларда жұмыс iстейтiн қызметкерлердiң санына сайма-сай түрде бөлiнедi.
III. Жолдамаларды беру тәртiбi
4. Санаторий-курорттық емдеуге жолдамалар азаматтарға олардың жұмыс орны бойынша берiледi. Балалардың жазғы сауықтыру мекемелерiне жолдамалар ата-аналардың бiрiнiң жұмыс орны бойынша берiледi.
5. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры қаражатының есебiнен сатып алынатын жолдамалар олардың құнының 50 процентiн өндiрiп алу жолымен көп дегенде жылына 1 рет берiледi.
6. Ұйымдарда белгiленген тәртiппен құрылатын әлеуметтiк сақтандыру жөнiндегi комиссиялар немесе оларға уәкiлеттi адамдар балаларды санаторий-курорттық емдеуге және сауықтыруға жолдамаларды тек осы емделуге қажеттiлiк туралы медициналық қорытындының негiзiнде ғана және берiлген арыздарға сәйкес олардың кезектiлiгi тәртiбiмен бередi.
Заңды тұлға құрмай-ақ кәсiпкерлiк қызметпен айналысушы азаматтарға, сондай-ақ әлеуметтiк сақтандыру комиссиялары жоқ ұйымдарға санаторий-курорттық емделуге жолдамаларды олардың тiркелген жерiндегi еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдары бередi.
7. Алушылар жолдаманың iшiнара құнының сомасын оларды берген жердегi ұйымның кассасына тiкелей төлейдi.
8. Берiлетiн жолдамада деректемелер: жолдаманы алушы адамның әулетесiмi, әкесiнiң есiмi, оның жұмыс орны, қызметi көрсетiлуге тиiс.
9. Жолдамаға әлеуметтiк сақтандыру жөнiндегi комиссияның төрағасы (уәкiлеттi адам) қол қойып, мөр басылады.
10. Санаторий-курорттық емдеу мен демалысқа жолдамалар олардың қолданылатын мерзiмi басталардан 20 күннен кешiктiрiлмей берiледi.
IY. Жолдамалардың есепке алынуы және олардың
берiлгенi туралы есептiлiк
11. Жолдамалар ақшалай қаражатпен бiрдей есепке алынуға және сақталуға тиiс.
Жолдамалар бойынша кiрiс және шығыс құжаттары, шарттар, үстеме төлемдер, шоттар, олар үшiн ақша төленгенi туралы квитанциялар, есеп кiтаптары ұйымдар мен еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдарында ақшалай кiрiс-шығыс құжаттарын сақтау үшiн белгiленген тәртiппен сақталады.
12. Ұйымдар тоқсан сайын, есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 10-нан кешiктiрмей қалалық (аудандық) еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау
бөлiмдерiне жолдамалардың пайдаланылғаны туралы белгiленген нысанда есептер табыс етедi.
13. Облыстардың, республикалық бағыныстағы қалалардың және астананың еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау басқармалары есептi тоқсаннан кейiнгi айдың 26-нан кешiктiрмей Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне жолдамалардың пайдаланылғаны туралы белгiленген нысандағы есептердi табыс етедi.
Y. Жолдамаларды пайдалану ережелерiнiң бұзылғаны
үшiн жауапкершiлiк және олардың бөлiнуiн бақылау
14. Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдарының басшылары, әлеуметтiк сақтандыру жөнiндегi комиссиясының төрағалары (уәкiлеттi адамдар) осы Ереженiң сақталуы үшiн жеке жауапкершiлiкте болады.
15. Жолдамалар пайдаланылмай қалған (берiлмей қалған) немесе олар бөгде адамдарға, сондай-ақ денсаулығы бойынша санаторийлiк емделуге тиiс емес адамдарға берiлген жағдайда, кiнәлiлер заңдарға сәйкес тәртiптiк және материалдық жауапкершiлiкке тартылады.
16. Сауықтыру орны беретiн "Жолдамаға керi талон" санаторий-курорттық емдеуге жолдамалардың пайдаланылғанын қуаттайтын құжат болып табылады.
17. Жолдамаларды берген еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдары жолдамалардың дұрыс пайдаланылуын бақылайды.