1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аттестациялық комитетi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес осы аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 43 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аттестациялық
комитетiне төрағаның 1 орынбасарын, сондай-ақ саны 9 адамдық алқа ұстауына рұқсат етiлсiн. 3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аттестациялық комитетiнiң орталық аппараты үшiн 2 қызметтiк жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4. "Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аттестациялық комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1813 қаулысының күшi жойылды деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 27 желтоқсандағы N 1651 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк аттестациялық комитетi орталық аппаратының құрылымы Басшылық Физика-математика, техникалық ғылымдар, Жер және ғарыш туралы ғылымдар бөлiмi Химия, биология, медицина, ауыл шаруашылығы ғылымдары бөлiмi Гуманитарлық ғылымдар бөлiмi Сараптама, инспекция және талдау бөлiмi Ақпараттық технологиялар және құжаттарды ресiмдеу бөлiмi Әкiмшiлiк басқару бөлiмi