Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы қосымшаға сәйкес орталық аппарат қызметкерлерi шектi санының негiзiнде 66 адам болып бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасының жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетiне төрағаның 3 орынбасарын, оның iшiнде бiр бiрiншi орынбасарын, сондай-ақ құрамында 9 адамы бар алқа ұстауға рұқсат етiлсiн.
3. Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк
комитетiнiң орталық аппаратына қызметтiк 4 жеңiл автомобиль лимитi белгiленсiн. 4. "Қазақстан Республикасының жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 19 желтоқсандағы N 1800 қаулысының күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 29 желтоқсандағы N 1673 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасының Жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi орталық аппаратының құрылымы туралы Басшылық Нормативтiк-құқықтық қамтамасыз ету секторы Жеке жобалар бойынша жекешелендiру басқармасы Әлеуметтiк инфрақұрылым объектiлерiн жекешелендiру басқармасы Акционерлiк қоғамдары жекешелендiру басқармасы Ұйымдастыру-кадр жұмысы басқармасы Ақша қаражатын бақылау және бөлу жөнiндегi бөлiм Ақпараттық-талдау бөлiмi Ауыл шаруашылығы кәсiпорындарын жекешелендiру бөлiмi