Қазақстан Республикасының қаржы министрлiгi Мемлекеттiк салық комитетiмен бiрлесiп Машина жасау зауыты" акционерлiк қоғамының республикалық бюджетке қосымша құнға салынатын салық бойынша 14 (он төрт) млн. теңге сомасындағы және "Киров атындағы зауыт өндiрiстiк бiрлестiгi" акционерлiк қоғамының 3 (үш) млн. теңге сомасындағы, заңды тұлғаларға салынатын табыс салығы бойынша - "Серебрянск органикалық емес өндiрiстер зауыты" акционерлiк қоғамының 8,4 (сегiз миллион төрт жүз мың) теңге сомасындағы республикалық бюджетке берешектерiне есептеу жүргiзсiн.
Көрсетiлген сомалар 1996 жылға арналған республикалық бюджеттiң кiрiс және шығыс бөлiктерiнде көрсетiле отырып, аталған акционерлiк қоғамдарды конверсиялауға арналған шығыстарды қаржыландыру жөнiндегi республикалық бюджет берешегiнiң есебiне есептелсiн. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары