Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi сарапшылық кеңес туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 31 желтоқсан N 1758. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.12.18. N 1777 қаулысымен. ~P971777

      "Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық

комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы
9 тамыздағы N 985  

P960985_

  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 
1996 ж., N 33, 312-құжат) сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi 
қаулы етедi:
     1. Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi сарапшылық кеңес туралы қоса
берiлiп отырған Ереже бекiтiлсiн.
     2. Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi сарапшылық кеңес құрамы
қосымшаға сәйкес бекiтiлсiн.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 31 желтоқсандағы
                                         N 1758 қаулысымен
                                             бекiтiлген

         Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi сарапшылық кеңес туралы
                              ЕРЕЖЕ

                      1. Жалпы ережелер



      Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi сарапшылық кеңес (бұдан әрi - Сарапшылық кеңес) консультациялық-кеңесшi орган болып табылады, оның қызметiнiң негiзгi бағыттары:
      бухгалтерлiк есептi дамыту мен жетiлдiру, сондай-ақ бухгалтерлiк даярлау мен қайта даярлау мәселелерi жөнiнде ұсынымдарды әзiрлеу болып табылады.
      Сарапшылық кеңестiң құрамына орталық атқарушы органдардың, қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерi, сондай-ақ өздерiнiң қатысуымен республикадағы бухгалтерлiк есеп пен аудиттi жетiлдiруге жәрдемiн тигiзуге мүмкiндiгi бар басқа да мамандар кiредi. Сарапшылық кеңес 28 мүшеден құрылады, бұл ретте мемлекеттiк органдар өкiлдерiнiң саны кеңес мүшелерi жалпы санының 1/3-iнен аспауы керек.
      Сарапшылық кеңес құрамы Қазақстан Республикасы Бухгалтерлiк

есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясы төрағасының ұсынысы бойынша
Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.
     Сарапшылық кеңес төрағасы мен оның екi орынбасары кеңес
мүшелерiнiң iшiнен жалпы жиналысында сайланады.
     Сарапшылық кеңестiң барлық мүшелерi өз мiндеттерiн қоғамдық
негiзде атқарады.
     Сарапшылық кеңес мүшесi оның жұмысына жарты жыл бойы
қатыспаған, сондай-ақ төрағаның немесе оның орынбасарларының
тапсырмаларын орындамаған жағдайда, оны Сарапшылық кеңестiң
құрамынан шығару туралы мәселе қойылады.

            2. Сарапшылық кеңестiң негiзгi мiндеттерi

     Сарапшылық кеңестiң негiзгi мiндеттерi:
     бухгалтерлiк есеп және аудит стандарттарының жобасын талқылау;
     бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есеп берудi, аудиттi
ұйымдастыру, дамыту  мәселелерiн талқылау;
     бухгалтерлiк есептi үйлестiру мәселелерi бойынша ұсыныстар
әзiрлеу;


      бухгалтерлiк есеп стандарттарының, аудиттiң, талдау әдiстемелерiнiң жобаларын әзiрлеудi және бухгалтерлiк қызмет көрсету саласындағы басқа да мәселелердi ұйымдастыру;
      бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есеп беру стандарттарын, аудит

стандарттары мен оларды бақылау әдiстемесiн практикаға енгiзу
жөнiнде ұсынымдар жасау;
     ұйым қызметiн талдау әдiстемесi жөнiнде ұсынымдар жасау;
     алғашқы есеп жүйесiн жетiлдiру және бухгалтерлiк есептi
автоматтандыру мәселелерi жөнiнде ұсынымдар жасау;
     жекелеген ұйымдардың бухгалтерлiк есептi ұйымдастырудағы оң 
тәжiрибелерiн қарап, жинақтау;
     кәсiби бухгалтерлiк оқыту бағдарламаларын әзiрлеуге қатысу
болып табылады.

                3. Сарапшылық кеңестiң өкiлеттiгi

     Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi сарапшылық кеңес:
     бухгалтерлiк есеп пен аудит саласындағы нормативтiк құқықтық
актiлер жөнiнде ескертулер мен ұсыныстар беруге;
     бухгалтерлiк есеп пен қаржы мәселелерi саласындағы зерттеулердi
жүзеге асыруға қатысуға;
     бухгалтерлiк есеп пен стандарттарын және олардан туындайтын
экономикалық ұғымдарды талқылау кезiнде бухгалтерлiк ақпаратты
пайдаланушылардың пiкiрлерiн қарауға және тиiстi ұсыныстар енгiзуге;
     бухгалтерлiк есеп және аудит стандарттарының таралуына жағдай
жасауға;
     Сарапшылық кеңестiң қызмет аясына кiретiн өзге де мәселелердi
қарауға құқылы.

             4. Сарапшылық кеңестiң жұмысын ұйымдастыру
                       және оның регламентi

     Сарапшылық кеңес өз мәжiлiсiнде бекiтiлген жылдық жоспар
бойынша жұмыс жүргiзiледi.
     Сарапшылық кеңестiң мәжiлiстерi кеңес бекiткен регламентке
сәйкес өткiзiледi.
     Сарапшылық кеңестiң мүшелерi оның мәжiлiстерiне ауыстыру
құқығынсыз қатысады.


      Сарапшылық кеңестiң шешiмдерi оның мүшелерi жалпы санының көпшiлiк даусымен қабылданады және хаттамамен рәсiмделедi.
      Сарапшылық кеңес мүшелерi пiкiр айтуға құқылы, ол хаттамаға қоса тiркеледi.
      Сарапшылық кеңестiң шешiмдерi ұсынымдық сипатта болады.
      Сарапшылық кеңестiң қызметiне басшылық ету Сарапшылық кеңестiң төрағасына жүктеледi.
      Сарапшылық кеңес қабылдаған шешiмге Сарапшылық кеңестiң төрағасы, ол болмаған жағдайда төрағаның орынбасары қол қояды.
      Сарапшылық кеңестiң ұсынысы Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық комиссиясына оның мәжiлiсiнiң хаттамасынан көшiрме нысанында қажеттi анықтамалық және өзге де материалдар қоса берiледi.
      Кезектi мәжiлiстiң алдын ала күн тәртiбi мен барлық материалдары мәжiлiстiң басталуына 10 күннен кешiктiрiлмей кеңестiң барлық мүшелерiне мәжiлiстiң болатындығы туралы хабарлана отырып, бiр мезгiлде жiберiледi.
      Сарапшылық кеңес мүшелерi күн тәртiбiне енгiзу үшiн ұсынған мәселелер, кезектi мәжiлiстен 20 күнтiзбелiк күннен кешiлiктiрiлмей алдын ала күн тәртiбiнiң қосымша тiзбесiне енгiзiледi.
      Сарапшылық кеңесi мәжiлiс кезеңiнде, мәжiлiс ашылған кезде

өздерi бекiткен түпкiлiктi күн тәртiбiне өзгертулер енгiзуге құқылы.
     Сарапшылар кеңесi мүшелерiнiң жалпы санының кемiнде 2/3
қатысса, мәжiлiс заңды деп саналады.
     Сарапшылық кеңестiң қызметiн ұйымдастыру-техникалық қамтамасыз
етудi Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi ұлттық
комиссиясы жүзеге асырылады.

                                       Қазақстан Республикасы
                                             Үкiметiнiң
                                       1996 жылғы 31 желтоқсандағы
                                         N 1758 қаулысына
                                              қосымша

        Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi сарапшылық кеңестiң құрамы

     Әбдiманапов А.А.           - Бухгалтерлер мен аудиторлар
                                  бiрлестiгiнiң төрағасы
     Абдулина Н.К.              - Қазақстан Республикасы Ұлттық
                                  Банкiнiң бухгалтерлiк есеп
                                  жөнiндегi департаментiнiң
                                  директоры (келiсiм бойынша)
     Айрих М.К.                 - "Средазэнергомонтаж тресi"
                                  АҮАҚ бас бухгалтерi
     Әбдiкамалов О.А.           - Қазақстан Республикасының
                                  Мемлекеттiк мүлiктi басқару
                                  жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
                                  төрағасының орынбасары
     Быков В.А.                 - Қазақстан Республикасының
                                  Бағалы қағаздар жөнiндегi
                                  ұлттық комиссиясының мүшесi
     Вильямсон Д.               - Қазақстан Республикасының
                                  Президентi жанындағы Қазақстан
                                  менеджмент, экономика және
                                  болжау институтының Еуропалық
                                  одағы директоры, профессор
     Галин А.Г.                 - "Сеймар" концернiнiң
                                  вице-президентi
     Горячковский В.И.          - Қазақстан Республикасының Ұлттық
                                  статистика агенттiгiнiң төрағасы
     Дәуiтова А.Л.              - "Бутя" ЖШҚ қаржылық директоры
     Иванова Е.А.               - "Азия-Полис" АҚ бас бухгалтерi,
                                  Алматы қаласы
     Кетебаев М.К.              - Қазақстан Республикасы Экономика
                                  министрiнiң орынбасары
     Көшкiмбаев С.Х.            - Қазақстан Республикасы Аудиторлар
                                  палатасының президентi
     Құрманғалиев С.Ш.          - Қазақстан Республикасының Баға
                                  және монополияға қарсы саясат
                                  жөнiндегi мемлекеттiк комитетi
                                  төрағасының бiрiншi орынбасары
     Тайғашынова К.Т.           - экономика ғылымдарының кандидаты,
                                  доцент, Қазақ көлiк және
                                  коммуникациялар академиясының
                                  бухгалтерлiк есеп және аудит
                                  кафедрасының меңгерушiсi
     Кеулiмжаев К.              - Қазақ мемлекеттiк басқару
                                  академиясының профессоры
     Лопина Л.А.                - Қазақстан Республикасының Қаржы
                                  министрлiгi жанындағы Бухгалтерлiк
                                  есеп және Қазынашылықтың есеп беру
                                  басқармасы бастығының орынбасары
     Макажанова Ж.С.            - "Металлинвест" инвестициялық
                                  қорының басқарушысы
     Мұқашев Ж.Д.               - Қазақстан Республикасы Қаржы
                                  министрiнiң бiрiншi орынбасары
     Мұхамеджанов Б.Ғ.          - Қазақстан Кәсiпкерлерi
                                  Конгресiнiң президентi
     Ноғайбеков Ш.              - "Қазақтелеком" ҰАҚ бас бухгалтерi
     Нұрмаханова К.Г.           - "Қазақстанкаспийшельф" Ақ бас
                                   бухгалтерi
     Радостовец В.К.            - Қазақ мемлекеттiк басқару
                                  академиясының профессоры
     Рахымбекова Р.М.           - Қазақстан Республикасының
                                  Бухгалтерлiк есеп жөнiндегi
                                  ұлттық комиссиясының төрағасы
     Трифонова Л.Ф.             - "Алаугаз" Ақ бас бухгалтерi,
                                  Алматы қаласы
     Темплин Д.                 - "Прайс Уотерхаус" бухгалтерлiк
                                  фирмасының директоры
     Том Крадок-Ватсон          - "Артур Андерсен" фирмасының
                                  аудит жөнiндегi директоры
     Томаля Н.В.                - Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк
                                  тергеу комитетiнiң бас бухгалтерi
                                  (келiсiм бойынша)
     Шалғымбаева Г.Ж.           - "Химпром" АҚ-ның бас бухгалтерi,
                                  Павлодар қаласы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады