Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсан N 1759 Қаулысы. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы N 124 қаулысымен (P050124)

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi: 
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн: 
      "Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласын басқарудың құрылымын қайта құру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетiнiң 1995 жылғы 28 шiлдедегi N 1033 қаулысындағы 6-тармақтың үшiншi абзацының күшi 1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап жойылған деп танылсын; 
      "Тұрғын үйдi ұстау мен тұрғын үй-коммуналдық қызметiн көрсетуге ақы төлеудiң жаңа принциптерiне көшу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 12 сәуiрдегi N 437  қаулысының  7-тармағындағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 16, 131-құжат) "заңда белгiленген тәртiпте белгiлi бiр елдi мекен үшiн бекiтiлген бiрыңғай ставкалар, тарифтер және нормативтер бойынша" деген сөздер "заңда белгiленген тәртiпте бекiтiлген бiрыңғай ставкалар, тарифтер және нормативтер бойынша" деген сөздермен ауыстырылсын.

      Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады