"1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы" Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 желтоқсандағы Z960060_ Заңын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
1. Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдарға:
шығыстар 1-қосымшаға сәйкес республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен 3474300 мың теңгеге көбейтiлсiн;
1997 жылдың 15 қаңтарына дейiн шығыстардың түрлерi бойынша бюджеттiк тағайындамалар нақтылансын, олар ведомстволық бағыныстағы ұйымдар бойынша бөлiнсiн және ол Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне ұсынылсын.
2. Облыстар мен Алматы қаласының бюджеттерiне қаржы 13685200 мың теңге сомасында бөлiнсiн.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
1997 жылдың 15 қаңтарына дейiн облыстар мен Алматы қаласы бюджеттерiнiң арасында осы қаржының атаулы бөлiнуiн жүзеге асырсын;
республикалық бюджеттен облыстардың әкiмдерiне бұрын берiлген қарыздары 2-қосымшаға сәйкес аталған соманың есебiне есептелсiн.
Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi бөлiнген қаржыны жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын бюджеттiк мекемелердiң тұтынылған электр және жылу энергиясы және басқа да шығыстары үшiн берешектерiн өтеуге бағыттасын.
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
1997 жылдың 25 қаңтарына дейiн бюджет қаражатының есебiнен ұсталатын мүдделi министрлiктермен, мемлекеттiк комитеттермен, өзге де мемлекеттiк органдармен және ұйымдармен, облыстардың және Алматы қаласының әкiмдерiмен бiрлесiп толық пайдаланылмаған қаржыны ескере отырып, республикалық және жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мекемелер мен шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң арасындағы олар көрсеткен қызмет үшiн борыштарды өтеудi соңғыларының республикалық бюджеттiң алдындағы мiндеттi төлемдерi мен басқа да қаржылық мiндеттемелерi бойынша берешектерiн өтеудiң есебiне өтеудi жүзеге асырсын. Аталған борыштарды өтеу Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексiнiң (жалпы бөлiм) 339-бабына сәйкес несие берушi құқықтарының басқа тұлғаға ауысуы тәртiбiн пайдалана отырып шарттық келiсiмдерге орай жүргiзiлiне алады;
үстiмiздегi жылдың 5 ақпанына дейiн осы мәселе бойынша атқарылған жұмыстың қорытындылары туралы Үкiметке баяндалсын.
4. Бюджеттiк мекемелердiң 1997 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша бар берешектерiн толықтай жоюды қамтамасыз ету мақсатында облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiне бюджеттiк борыштарды өтеу жөнiнде осы секiлдi жұмыс жүргiзу ұсынылсын. Қорытындылары туралы 1997 жылдың 10 ақпанына дейiн Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгiне баяндасын.
5. "1996 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2700 Заң күшi бар Жарлығын U952700_ жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 11 қаңтардағы N 53 қаулысына P960053_ мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"487 1996 жылы мемлекеттiк бюджеттiң тапшылығына алынған мемлекеттiк iшкi борыш пен несиелерге қызмет көрсету нолдiк ставка бойынша жүзеге асырылады деп белгiленсiн";
аталған қаулыға 1-қосымшада:
"Кiрiстер" бөлiгiнде:
"Бюджет бойынша мекемелер мен шаралар" деген I бөлiмде:
"Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiнен және екiншi сатыдағы банктерден бюджетке алынатын түсiмдер, барлығы" деген жолдар бойынша "4983800" деген сан "824300" деген санмен ауыстырылсын;
"үстiмiздегi жылдың пайдасынан" деген жол бойынша "4159500" деген сан "0" деген санмен ауыстырылсын;
"алымдар және салыққа жатпайтын түрлi кiрiстер, барлығы" деген жол бойынша "17772400" деген сан "21931900" деген санмен ауыстырылсын;
"өзге де түсiмдер" деген жол бойынша "9607400" деген сан "13766900" деген санмен ауыстырылсын;
"Шығыстар" бөлiгiнде:
"Бюджет бойынша мекемелер мен шаралар" деген 1 бөлiмде:
"Халық шаруашылығын қаржыландыру, барлығы" деген жол бойынша:
"халық шаруашылығын" деген сөз "экономиканы" деген сөзбен ауыстырылсын;
"35151717" деген сан "31651717" деген санмен ауыстырылсын;
"Материалдық резервтер жөнiндегi комитет, барлығы" деген жол бойынша "4754437" деген сан "1254437" деген санмен ауыстырылсын;
"Кешендерге кiрмегендер бойынша жиынтығы" деген жол бойынша "19202904" деген сан "15702904" деген санмен ауыстырылсын;
"Қазақстан Республикасы Үкiметi Аппаратының, орталық және жергiлiктi атқарушы органдардың қажетiне жұмсалатын шығындар" деген жол бойынша "13168340" деген сан "8168340" деген санмен ауыстырылсын;
"Мемлекеттiк iшкi қарызға қызмет көрсету жөнiндегi шығындар, барлығы" деген жол бойынша "8064750" деген сан "3905250" деген санмен ауыстырылсын;
"Бюджет тапшылығы үшiн кредитке проценттер төлеу" деген жол бойынша "1067000" деген сан "0" деген санмен ауыстырылсын;
"Iшкi қарыз бойынша проценттер төлеу жөнiндегi шығыстар" деген жол бойынша "3092500" деген сан "0" санмен ауыстырылсын;
"1 бөлiм бойынша шығыстар жиынтығы" деген жол бойынша "153534799" деген сан "158034799" деген санмен ауыстырылсын;
мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
"14. Республикалық бюджеттiң қаражаты есебiнен ұсталатын министрлiктерге, мемлекеттiк комитеттерге, өзге де мемлекеттiк органдарға, сондай-ақ облыстар мен Алматы қаласының бюджеттерiне қаржы - 17159500";
"Сыртқы экономикалық қызмет" деген III бөлiмде:
"Елшiлiктер, өкiлдiктер қажетiне және басқа да мақсаттарға валюта
сатып алуға, барлығы" деген жол бойынша "28584479" деген сан "24084479"
деген санмен ауыстырылсын;
"сыртқы займдар мен мiндеттемелердi өтеуге жұмсалатын шығыстар" деген
жол бойынша "22046458" деген сан "17546458" деген санмен ауыстырылсын;
"III бөлiм бойынша шығыстар жиынтығы" деген жол бойынша "36749479"
деген сан "32249479" деген санмен ауыстырылсын.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1766 қаулысына
1-қосымша
Шығыстары көбейтiлетiн, республикалық бюджеттiң қаражатынан
қаржыландырылатын министрлiктердiң, мемлекеттiк комитеттердiң,
өзге де мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың
ТIЗБЕСI
мың теңге
___________________________________________________________________
Сомасы
___________________________________________________________________
Iшкi iстер министрлiгi 1227351
Бiлiм министрлiгi 131371
Денсаулық сақтау министрлiгi 66202
Әдiлет министрлiгi 169
Өнеркәсiп және сауда министрлiгi (Кентау
"Водоотлив" коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорны) 620000
Көлiк және коммуникациялар министрлiгi 31652
Президенттiң Шаруашылық Басқармасы 392877
Гидрометеорология жөнiндегi бас басқарма 2025
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттiк ұлттық
университетi 8254
Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекара
күзетi жөнiндегi мемлекеттiк комитетi 61510
Президент Iс Басқармасының Медицина орталығы 3300
Қорғаныс министрлiгi 456408
Бас прокуратура 69000
"Алматыметроқұрылыс" АҚ 49578
Орталық мемлекеттiк архив 795
Мемлекеттiк тергеу комитетi 300000
Республикалық ұлан 13108
Президенттiң Күзет қызметi 40700
ЖИЫНЫ 3474300
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
1996 жылғы 31 желтоқсандағы
N 1766 қаулысына
2-қосымша
Республикалық бюджеттен тыс облыс әкiмдерiне
берiлген қарыздар
мың теңге
___________________________________________________________________
Облыстар Сомасы
___________________________________________________________________
Ақмола 180000
Ақтөбе 165000
Шығыс Қазақстан 116286
Жезқазған 60000
Жамбыл 120000
Қарағанды 550000
Қостанай 1148589
Маңғыстау 20000
Павлодар 530000
Оңтүстiк Қазақстан 767000
ЖИЫНЫ 3656875