Талдықорған облысы бюджеттiк мекемелердiң борыштары бойынша есептеме жүргiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1996 жылғы 31 желтоқсан N 1769

      Қысқы кезеңде Талдықорған облысының энергиямен жабдықтаушы ұйымдарының тұрақты жұмысын қамтамасыз ету және республикалық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттiк мекемелерiнiң берешектерiн өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Талдықорған облысының әкiмi мен "Карагандашахтуголь" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамының "Қарағанды көмiр бассейнiнiң кәсiпорындарын қаржы-экономикалық сауықтыру жөнiндегi қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 31 желтоқсандағы N 1715 қаулысына сәйкес 1-қосымшаға сай, Талдықорған облысының "Гортеплокоммунэнерго" мемлекеттiк кәсiпорнына көмiр беру есебiне 50 (елу) миллион теңге сомасында Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкi арқылы аталған кәсiпорынға бөлiнген несиенiң бiр бөлiгiн өтеу туралы ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      Қазақстан Республикасының мемлекеттiк Медетшi банкiмен бiрлесiп "Гортеплокоммунэнерго" мемлекеттiк кәсiпорнына оларға көмiр беру есебiне "Карагандашахтауголь" жабық үлгiдегi акционерлiк қоғамына бөлiнген несиеге қатысты берешегiн өтеудi жүргiзсiн;
      1-тармақта аталған сома қоса берiлiп отырған тiзбеге

(2-қосымша) сәйкес "Гортеплокоммунэнерго" мемлекеттiк кәсіпорнының
оларға көрсеткен коммуналдық қызметi үшiн құралған берешегiн өтеуге
республикалық бюджеттен қаржыландырылатын Талдықорған облысының
бюджеттiк мекемелерiн қаржыландыру есебiне есептесiн.
     3. Берешек есептемесi 1996 жылға арналған республика бюджетiнiң
кiрiс және шығыс бөлiктерiнде аталған сома көрсетiле отырып
жүргiзiлсiн.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары 
     
                                     Қазақстан Республикасы
                                           Үкiметiнiң
                                   1996 жылғы 31 желтоқсандағы
                                        N 1769 қаулысына
                                           1-қосымша

         "Карагандашахтауголь" жабық үлгiдегi акционерлiк
       қоғамының Талдықорған облысының "Гортеплокоммунэнерго"
               мемлекеттiк кәсiпорнына көмiр беруi
___________________________________________________________________
                  |Көлiк шығыстары мен ҚҚС|Саны,   |Сомасы,
                  |ескерiле отырып        |тонна   |млн. теңге
                  |прейскурант бойынша    |        |
                  |бағасы, 1 тоннасы      |        |
                  |үшiн теңгемен          |        |
___________________________________________________________________
Көмiр маркасы
Кр (қатардағы)
0-200 мм                  1573               31786       50

                                   Қазақстан Республикасы
                                         Үкiметiнiң
                                   1996 жылғы 31 желтоқсандағы
                                      N 1769 қаулысына
                                          2-қосымша

          Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын және
       тұтынған жылу және электр энергиясы үшiн есептемеге
           алынатын берешегi бар бюджеттiк мекемелердiң
                              ТIЗБЕСI
                                                   (мың теңге)
___________________________________________________________________
                                    |Берешек сомасы, барлығы
___________________________________________________________________
     Бiлiм министрлiгi                        26000
     Мемлекеттiк тергеу комитетi               4874
     Iшкi iстер министрлiгi                    9406
     Қорғаныс министрлiгi                      9720

        Жиыны                                 50000 
     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады