Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясының вексельдерiн өтеу үшiн мемлекеттiк ресурстардың астығын сату туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 1 қаңтардағы N 4

      Мемлекеттiк астықты және оның ұқсатылған өнiмдерiн тиiмдi сатуды қамтамасыз ету және шығарылған вексельдердi өтеу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясына осы өнiмдi қалыптасқан бағалар бойынша олардың әлемдiк және iшкi рыноктардағы өзгерiсiн ескере отырып биржалар мен ашық аукциондық саудаластықтарда сатуға рұқсат етiлсiн.
      Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясының вексельдерiн өтеу сондай-ақ мемлекеттiк ресурстардың астығымен және биржалар мен ашық аукциондық саудаластықтарда қалыптасқан төмен емес бағалар бойынша оның ұқсатылған өнiмiмен де жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi мен Мемлекеттiк азық-түлiк контракт корпорациясы Қазақстан Республикасының Баға және монополияға қарсы саясат жөнiндегi мемлекеттiк комитетiмен бiрлесiп 1997 жылдың 15 қаңтарына дейiн бұқаралық ақпарат құралында аукционның шоттары мен оны өткiзудiң уақытын жариялауды көздеп, астық жөнiндегi Ашық аукциондық саудаластықтар туралы ереженi қолданысқа енгiзсiн.
     Қазақстан Республикасы
       Премьер-Министрiнiң
       бiрiншi орынбасары


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады