Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнде Орман және аң шаруашылығы комитетiн құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 14 қаңтар N 61. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1998.04.22. N 382 қаулысымен. ~P980382

      "Орталық атқарушы органдардың құрылымын жетiлдiру және мемлекеттiк органдардың санын қысқарту туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1996 жылғы 29 қазандағы N 3168 U963168_ Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң орталық аппаратына белгiленген сан мен қаржыландыру шегiнде осы министрлiкте 26 адам санымен заңды тұлға құқығында Орман және аң шаруашылығы комитетi (бұдан әрi - Орман және аң шаруашылығы комитетi) құрылсын.
      2. Былай деп белгiленсiн:
      Орман және аң шаруашылығы комитетi орман және аң шаруашылығын, өзiнiң қарауындағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, осы салаларда бiрыңғай саясат жүргiзудi қамтамасыз ететiн мемлекеттiк басқару органы болып табылады;
      Орман және аң шаруашылығы комитетiнiң жүйесiнде қосымшаға сәйкес жұмыс iстейтiн орман және аң шаруашылығы басқармаларының құрылымы сақталады.
      3. Орман және аң шаруашылығы комитетiн, лауазымы бойынша сонымен бiр мезгiлде Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрiнiң орынбасары болып табылатын, төраға басқарады деп айқындалсын.
      4. "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы органдары аппаратының санын және оны ұстауға арналған шығындарды қысқарту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 21 қарашадағы N 1425 қаулысымен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiне белгiленген қызметтiк жеңiл автомобильдер лимитiнiң саны Орман және аң шаруашылығы комитетi үшiн бiр бiрлiкке көбейтiлсiн.
      5. Орман және аң шаруашылығы комитетi Қазақстан Республикасының таратылған Орман шаруашылығы комитетiнiң 1997 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша балансында тұрған негiзгi қорлар мен басқа да мүлiктердi, сондай-ақ қаржылық және материалдық ресурстарды, күрделi салымдарды өз балансына қабылдап алсын.
      6. "Алтынемел" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркi 1997 жылғы 1 қаңтардағы жағдайы бойынша штатымен, қаржыландырумен және материалдық-техникалық базасымен Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қарауына берiлсiн.
      Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Қазақстан Республикасының Экология және биоресурстар министрлiгi 1997 жылғы 1 наурызға дейiн аталған ұлттық парктi қабылдап алу - өткiзудi жүргiзсiн.
      7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi бiр ай мерзiмде Орман және аң шаруашылығы комитетi және оның құрылымы туралы Ереженi Қазақстан Республикасының Үкiметiне бекiтуге ұсынсын.
      8. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi

Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп осы
қаулының қабылдануына байланысты үш ай мерзiмде Қазақстан
Республикасы Үкiметiнiң шешiмдерiне өзгерiстер енгiзу және күшi
жойылған деп тану туралы Қазақстан Республикасының Үкiметiне
ұсыныстар енгiзсiн.

     Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрiнiң
      бiрiншi орынбасары
                                  Қазақстан Республикасы
                                        Үкiметiнiң
                                  1997 жылғы 14 қаңтардағы
                                      N 61 қаулысына
                                        қосымша

              Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы
              министрлiгiндегi Орман және аң шаруашылығы
              комитетiне ведомстволық бағыныстағы орман
                   және аң шаруашылығы ұйымдарының
                               ТIЗБЕСI

     Орман шаруашылығы бiрлестiктерi (оның құрылымына кiретiн ерекше
қорғалатын табиғи аумақтардағы орман және аң шаруашылығын
мемлекеттiк басқарудың облыстық атқарушы органдары құқығында)
     "Охотзоопром" өндiрiстiк бiрлестiгi (мемаңөнеркәсiпшаруашылығы
желiсiмен)
     Алматы мемлекеттiк қорығы
     Ақсу-Жабағылы мемлекеттiк қорығы
     Барсакелмес мемлекеттiк қорығы
     Батыс Алтай мемлекеттiк қорығы
     Қорғалжын мемлекеттiк қорығы
     Марқакөл мемлекеттiк қорығы
     Наурызым мемлекеттiк қорығы
     Үстiрт мемлекеттiк қорығы
     Баянауыл мемлекеттiк ұлттық табиғат паркi
     "Көкшетау" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркi
     Iле Алатауы мемлекеттiк ұлттық табиғат паркi
     "Алтынемел" мемлекеттiк ұлттық табиғат паркi


      Орман шаруашылықтары, орман - аңшылық және аңшылық

шаруашылықтары, орман - мелиорациялық станциялары, орман жемiс
питомниктерi, орман қорғау станциялары
     "Лавар" оқу-өндiрiстiк селекциялық кәсiпорны
     Қазақ орман орналастыру кәсiпорны
     Орман шаруашылығын жобалау жөнiндегi Қазақ мемлекеттiк
жобалау-iздестiру институты
     Қазақ орман шаруашылығы басшы қызметкерлерi мен мамандарының
бiлiктiлiгiн арттыру және қайта даярлау институты
     Қазақ республикалық ағаш тұқымы станциясы (аймақтық станциялар
желiсiмен)
     Ормандарды қорғау және орман шаруашылығына қызмет көрсетушi
Қазақ авиация базасы
     Республикалық инженерлiк орман селекциялық-тұқым шаруашылығы
орталығы
     Алматы аймақтық инженерлiк орман селекциялық-тұқым шаруашылығы
орталығы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады