Қазақстан Республикасы Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Статистикалық зерттеулер институты мен Қазақстан Республикасы Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң Республикалық салааралық есептеу, статистика, еңбек және жұмыспен қамту кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру институтын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 31 қаңтар N 128

      Экономиканы статистикалық қамтамасыз ету жүйесiн жетiлдiру және нарықтық қайта құруларды ескере отырып статистика, еңбек және жұмыспен қамту қызметтерi кадрларын қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн көтерудiң тиiмдiлiгiн арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Статистикалық зерттеулер институты мен Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң Республикалық салааралық есептеу, статистика, еңбек және жұмыспен қамту кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру институты оларды Қазақстан Республикасы Ұлттық статистикалық агенттiгiнiң Статистикалық зерттеулер және кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру институтына қосу жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      Жаңадан құрылатын институттың қызметi толықтай шаруашылық есепте және өзiн-өзi қаржыландырумен ұйымдастырылады.
      Институт белгiленген тiзбеге сәйкес мемлекеттiк атқарушы органдарға ақпараттарды тегiн ұсынады деп белгiленсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгi Статистикалық зерттеулер және кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру институтының қызметi:
      мемлекеттiк статистиканың ғылыми, әдiстемелiк, жобалау-технологиялық және практикалық проблемаларын әзiрлеуге;
      республикадағы экономикалық және әлеуметтiк ахуалдарға маркетингтiк статистикалық зерттеулер мен тексерулер жүргiзуге;
      мемлекеттiк органдардың республиканың экономикалық және әлеуметтiк дамуы мәселелерi жөнiндегi шешiмдерiн ақпараттық, статистикалық және талдамалық қамтамасыз етуге;
      мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен халықтың қажеттiлiгiн қанағаттандыру мақсатында мемлекеттiк статистика органдарына қазiргi заманғы ақпараттық технологияларды әзiрлеу және енгiзу жолымен республикалық ақпараттық жүйенi жетiлдiруге;
      халықаралық статистикалық стандарттарды қоса алғанда шет елдiк статистикалық ғылымның жетiстiктерiн, халықаралық жiктеу жүйесiн, ақпараттарды жинау, өңдеу және беру процестерiн автоматтандырудың бағдарламалық технологиялық құралдарын практикаға енгiзуге;
      статистика, есептеу мен аудит, еңбек пен жұмыспен қамту жөнiндегi кадрларды қайта даярлауға және олардың бiлiктiлiгiн арттыруға бағытталатын болады деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгi белгiленген тәртiппен:
      Қазақстан Республикасы Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Статистикалық зерттеулер институты мен Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң Республикалық салааралық есептеу, статистика, еңбек және жұмыспен қамту кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру институтын қайта ұйымдастыру жөнiнде жұмыс жүргiзсiн;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгi Статистикалық зерттеулер және кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру институтының басшысын тағайындасын;
      Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгi Статистикалық зерттеулер және кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру институтының Жарғысын бекiтсiн және оны тiркесiн, басқа да ұйымдастыру мәселелерiн шешетiн болсын.
      4. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi Қазақстан Республикасының Ұлттық статистика агенттiгiмен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң Статистикалық зерттеулер институты мен Қазақстан Республикасының Статистика және талдау жөнiндегi мемлекеттiк комитетi мен Қазақстан Республикасы Еңбек министрлiгiнiң Республикалық салааралық есептеу, статистика, еңбек және жұмыспен қамту кадрларын даярлау, қайта даярлау және олардың бiлiктiлiгiн арттыру институтының мүлкiн жедел басқару құқымен Қазақстан Республикасы Ұлттық статистика агенттiгiнiң Статистикалық зерттеулер және кадрлардың бiлiктiлiгiн арттыру институтына берсiн.
     Қазақстан Республикасының
       Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады