Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының 1997 жылға арналған бюджетiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 3 ақпан N 143. Күшi жойылды - ҚРҮ-нiң 1997.07.02. N 1048 қаулысымен. ~P971048

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының 1997 жылға арналған бюджетi кiрiстер бойынша - 174441,6 млн. теңге, шығыстар бойынша 1744441,6 млн. теңге сомасында бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының 1997 жылға арналған бюджетiнiң кiрiсi мыналардың есебiнен құралады деп белгiленсiн;
      меншiк нысанына және қызмет түрiне қарамастан, жұмыс берушiлердiң, кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын азаматтардың сақтандыру жарналары;
      жұмыс берушiлердiң мерзiмiнен бұрын зейнетақы тағайындалуына байланысты және жеңiлдiктi зейнетақымен қамсыздандыру мақсаттарына аударатын қаражаты;
      жұмыс берушiлер мен азаматтардан керi талап қою тәртiбiмен өндiрiп алынатын қаражат;
      төлемшiлердiң сақтандыру жарналары бойынша берешектi өтеу қаражаты;
      соның iшiнде өсiмақы;
      ақша қаражатының 1997 жылдың 1 қаңтарына ауысатын қалдықтары;
      Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ банкiсiнен алынған несие.
      3. 1997 жылы Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорынан мыналарға:
      "Қазақстан Республикасында азаматтарды зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес төленетiн зейнетақыларға;
      1996 жылғы зейнетақы төлеу жөнiндегi және "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес 1995-1996 жылдарда зейнетақыға үстеме төлеу жөнiндегi берешектi өтеуге;
      зейнетақы төлеу мен жеткiзiп беру бойынша көрсетiлген қызметтер үшiн, шетелде тұрғылықты тұруға көшiп кеткен азаматтарға жұмыста мертiгуi немесе кәсiптiк сырқатқа ұшырауы салдарынан тағайындалған зейнетақы төлеуге байланысты шығыстарға;
      жерлеуге жәрдемақы төлеуге;
      "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және оларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Президентiнiң 1995 жылғы 28 сәуiрдегi N 2247 Заң күшi бар Жарлығына U952247_ сәйкес Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне жыл сайын бiр жолғы жәрдемақы төлеуге;
      төлемшiлер Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына сақтандыру жарналары бойынша негiзгi борышты өтеген жағдайда өтемақыны есептен шығаруға;
      Қазақстан Акционерлiк Халықтық Жинақ банкiсiнен алынған несие сомаларын қайтаруға қаржы аударылсын.
      4. Облыстар мен Алматы қаласы бойынша Зейнетақы қорларының бюджеттерiне түсетiн сақтандыру жарналарының бiр бөлiгiн (30 процентi мөлшерiнде) Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының орталықтандырылған шотына қаражатты жекелеген аймақтар бойынша шығыстардың кiрiстерден асып кетуiн жабуға "Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорымен есеп айырысу жөнiндегi елеулi кемшiлiктер мен қосымша шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1995 жылғы 5 қазандағы N 1306 қаулысымен p951306_ және оған енгiзiлген өзгерiстермен белгiленген тәртiпке сәйкес кейiн қайта бөлу үшiн аудару көзделетiн болсын.
      5. Төменде келтiрiлген облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi

облыстар мен Алматы қаласының Зейнетақы қорының бюджетiнде Қазақстан 
Республикасы Зейнетақы қорының орталықтандырылған шотына сомаларды (млн. 
теңге) аударуды көздесiн және олардың ай сайын бiрдей үлестерiнiң 
Қазақстан Республикасы Зейнетақы қорының орталықтандырылған шотына 
белгiленген аударымдардан тысқары аударылуын қамтамасыз етсiн:
     Ақтөбе облысы          - 393,1
     Атырау облысы          - 1026,7
     Жезқазған облысы       - 224,3
     Қостанай облысы        - 1564,4
     Маңғыстау облысы       - 4386,3
     Павлодар облысы        - 3008,1
     Торғай облысы          - 363,3
     Алматы қаласы          - 939,4 млн. теңге.


      6. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi, облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерi Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорына сақтандыру және басқа да мiндеттi аударымдарды толық және уақтылы жинауды қамтамасыз ету жөнiнде қажеттi шаралар қабылдасын.
      7. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетi Қазақстан

Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң 
жергiлiктi жерлердегi органдарына Қазақстан Республикасының Зейнетақы 
қорына сақтандыру жарналарының толық және уақтылы түсуiн қамтамасыз етуге, 
кейiн еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау органдарына хабарлай отырып, 
жәрдемдесетiн болсын.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
                                        Қазақстан Республикасы
                                              Үкiметiнiң
                                        1997 жылғы 3 ақпандағы
                                           N 143 қаулысымен
                                              бекiтiлген

            Қазақстан Республикасының Зейнетақы қорының
                   1997 жылға арналған бюджетi

                                                       млн. теңгеде

1. Меншiк нысанына және қызмет түрiне қарамастан,
   жұмыс берушiлердiң, кәсiпкерлiк қызметпен
   айналысатын азаматтардың сақтандыру жарналарын
   аударуы                                              102265,8

2. Жұмыс берушiлердiң мерзiмiнен бұрын зейнетақы
   тағайындалуына байланысты және жеңiлдiктi
   зейнетақымен қамсыздандыру мақсаттарына
   аударатын қаражаты                                   210,0

3. Жұмыс берушiлер мен азаматтардан керi талап қою
   тәртiбiмен өндiрiп алынатын қаражат                  1360

4. Төлемшiлердiң сақтандыру жарналары бойынша
   берешектi өтеу есебiне және 1996 жылы балалы
   отбасыларға төленген жәрдемақы үшiн жұмсалған
   шығысты Зейнетақы қорына өтеу есебiне бюджеттен
   түсетiн қаражат, барлығы                             62936,7
   соның iшiнде:
   сақтандыру жарналары бойынша                         60361,5
   балалы отбасыларға жәрдемақы бойынша                 2575,2

5. Ақша қаражатының 1997 жылдың 1 қаңтарына
   ауысатын қалдықтары                                  1016,1

6. Қазақстанның Халықтық банкiнен алынған несиелер      8000,0

   Кiрiстiң жиыны                                       174441,6

                 ШЫҒЫСТАР                             млн. теңгеде

1. "Қазақстан Республикасында азаматтарды
   зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан
   Республикасының Заңына сәйкес төленетiн зейнетақы    116873,5
   соның iшiнде:
   еңбек зейнетақысы                                    114228,2
   әлеуметтiк зейнетақы                                 2237,2
   мерзiмдi қызметтегi әскери қызметшiлердiң
   қатарынан мүгедек болғандарға төленетiн зейнетақы    408,1
   соның iшiнде:
   "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық
   сынақтардың салдарынан  зардап шеккен азаматтарды
   әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының
   Заңына сәйкес зейнетақыға үстеме                     3011,8

2. Зейнетақы және оған экологиялық үстеме төлеу
   бойынша берешектi өтеу - барлығы                     31583,0
   соның iшiнде:
   1996 жылғы зейнетақы төлеу бойынша берешек           26816,2
   "Семей ядролық сынақ полигонындағы ядролық
   сынақтардың салдарынан зардап шеккен азаматтарды
   әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасының
   Заңына сәйкес, 1995-1996 жылдардағы зейнетақыға
   үстеме төлеу бойынша берешек                         4766,8

3. Зейнетақы төлеу мен жеткiзiп беру бойынша
   көрсетiлген қызметтер үшiн жұмсалған шығыстар        890,7

4. Шетелде тұрғылықты тұруға көшiп кеткен
   азаматтарға жұмыста мертiгуi немесе кәсiптiк
   сырқатқа ұшырауы салдарынан тағайындалған
   зейнетақыны төлеу                                    39,0

5. Жерлеуге жәрдемақы төлеу                             853,0

6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң Жарлығына
   сәйкес Ұлы Отан соғысының мүгедектерi мен
   қатысушыларына әлеуметтiк және өзге төлемдердi
   есептеу үшiн төрт айлық есептi көрсеткiш
   мөлшерiнде жыл сайын бiр жолғы жәрдемақы төлеу       233,0

7. Зейнетақы қорына сақтандыру жарналары бойынша
   негiзгi борышты өтеген жағдайда өсiмақыны
   есептен шығару                                       11887,8

8. Қазақстанның Халықтық банкiсiнен алынған несие
   сомасын қайтару                                      120081,6

   Шығыстың жиыны:                                      174441,6

   Кiрiстiң шығыстан асып түсуi:
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады