Пәкiстан Ислам Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасына ресми сапарының барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 10 ақпандағы N 187

      Пәкiстан Ислам Республикасының Президентi Ф.Легаридiң Қазақстан Республикасына 1996 жылғы қазандағы ресми сапарының барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды жүзеге асыру және қазақстан-пәкiстан ынтымақтастығының одан әрi дамуын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Пәкiстан Ислам Республикасының Президентi Ф.Легаридiң Қазақстан Республикасына 1996 жылғы қазандағы ресми сапарының барысында қол жеткiзiлген уағдаластықтарды жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралардың жоспары бекiтiлсiн (қоса берiлiп отыр).
      2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттiк

комитеттерi, өзге де орталық және жергiлiктi атқарушы органдары
iс-шаралар жоспарында көзделген тапсырмаларды орындау жөнiнде нақты
шаралар қабылдасын.
     3. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi кемiнде
жарты жылда бiр рет осы қаулының орындалу барысы туралы Қазақстан
Республикасының Үкiметiн хабардар етiп отырсын.

     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi
                                          Қазақстан Республикасы
                                                 Үкiметiнiң
                                          1997 жылғы 10 ақпандағы
                                            N 187 қаулысымен
                                               бекiтiлген

        Пәкiстан Ислам Республикасының Президентi Ф.Легаридiң
        Қазақстан Республикасына 1996 жылғы қазандағы ресми
        сапары барысында ол жеткiзiлген уағдаластықтарды жүзеге
                      асыру жөнiндегi iс-шаралар
                              ЖОСПАРЫ
___________________________________________________________________
 N |             Iс-шаралар             |   Мазмұны
р/с|                                    |
___________________________________________________________________
 1 |                    2               |            3
___________________________________________________________________
    Мынадай екiжақты құжаттар пысықталсын:

1   Қазақстан Республикасының Үкiметi мен    Сарапшылардың
    Пәкiстан Ислам Республикасының Үкiметi   келiссөздерiн өткiзу
    арасындағы инвестицияларды көтермелеу
    мен өзара қорғау туралы келiсiм

2   Туризм саласындағы ынтымақтастық туралы  Сарапшылардың
    ведомствоаралық келiсiм                  келiссөздерiн өткiзу

3   Қазақстан Республикасының Ұлттық         Бұл да сол
    аэроғарыш агенттiгi мен Пәкiстан Ислам
    Республикасының Ғарышты зерттеу
    жөнiндегi комиссиясы арасындағы
    ынтымақтастық туралы келiсiм

4   Пәкiстандық компанияларға жеңiл          Сарапшылармен
    өнеркәсiп, кондитерлiк бұйым өндiрiсi,   келiссөздер, кездесулер,
    ауыл шаруашылығы өнiмiн қайта өңдеу,     өзара алмасулар өткiзу
    фармакология саласында бiрлескен
    кәсiпорындарды құруда жәрдем көрсету

5   Мұнай және тау-кен компанияларының       Пәкiстан жағына
    тапсырыстары бойынша Пәкiстанда          ұсыныстар енгiзу
    геофизикалық, бұрғылау және басқа да
    геологиялық барлау жұмыстарын
    жүргiзудiң, сондай-ақ Пәкiстанның
    Қазақстан Республикасындағы пайдалы
    қазбаларды бiрлесiп өндiру жөнiндегi 
    жобаларды, мұнай және газды қайта
    өңдеу және тасымалдауды инвестициялау
    мүмкiндiгiн қосымша пысықтау

6   Ауыл шаруашылығы үшiн гендiк             Пәкiстан жағымен
    биотехнология, композиттiк материалдар   пысықтау
    өндiрудiң қазiргi заманғы
    технологияларын жасау саласындағы
    ынтымақтастықты жолға қоюдың
    мүмкiндiгiн айқындау

7   Екi елдiң әскери ведомстволары           Сарапшылардың
    арасындағы байланыстарды,                келiссөздерiн,
    әскери-техникалық ынтымақтастықты,       кездесулерiн өткiзу
    соның iшiнде ӘӨК кәсiпорындарын
    конверциялау саласындағы
    ынтымақтастықты жолға қою жөнiндегi
    жұмыстарды ұйымдастыру

8   Қазақстандық мамандардың Пәкiстанда      Пәкiстан жағына
    кiшi және орташа энергетикалық           ұсыныстар енгiзу
    объектiлердi салу мәселесiн пысықтауды
    жалғастыру

9   Пәкiстан Ислам Республикасында           Пәкiстан жағымен
    қазақстандық студенттердi оқыту, жеңiл   пысықтау
    және тағам өнеркәсiбi, қаржы-банк
    саласы мамандарының тағылымдамасын
    ұйымдастыру мүмкiндiгiн айқындау

10  Қазақстан Республикасының Ғылымминi-     Жобаларды келiсу
    Ғылым академиясы мен Пәкiстан Ислам      және алмасу, бiрлескен
    Республикасының Ғылым және               жобаларды жүзеге
    технологиялар министрлiгi арасындағы     асыру
    ынтымақтастық туралы қол қойылған
    Ниеттер хаттамасы шеңберiнде қол жеткен
    уағдаластықтарды жүзеге асыру.
    Бiрлескен ғылыми зерттеулердiң,
    сондай-ақ жоғары бiлiктi кадрларды
    даярлау жөнiндегi бағдарламаларды
    әзiрлеу

11  Алматыдан пәкiстандық тауарлардың        Пәкiстан жағымен
    көрмесiн өткiзу                          бiрлесiп ұйымдастыру
                                             мәселелерiн шешу

12  Пәкiстан Ислам Республикасында           Мерзiмдердi келiсу,
    Қазақстан Республикасының және           ұйымдастыру мәселелерiн
    Қазақстан Республикасында Пәкiстан       шешу; тиiстi өзара
    Ислам Республикасының Мәдениет күндерiн  түсiнiстiк
    өткiзу                                   меморандумына қол қою
___________________________________________________________________
   Атқару мерзiмi  |Атқару үшiн жауаптылар|Бақылау үшiн жауаптылар
___________________________________________________________________
           4       |           5          |           6
___________________________________________________________________
     1997 жылдың      Сыртқыiсминi,        Сыртқы байланыстар және
     I тоқсаны        Инвестмемком,        хаттама, қаржы және
                      Әдiлетминi           әлеуметтiк реформалар
                                           бөлiмi

     1997 жылдың      Жастартурспортминi,  Әлеуметтiк мәдени-даму
     I тоқсаны        Әдiлетминi           бөлiмi
     1997 жылдың      ҰАҒА                 Кәсiпорындарды реформалау
     I жарты жылдығы                       бөлiмi

     Тұрақты түрде    Өнеркәсiпсаудаминi,  Кәсiпорындарды реформалау,
                      Ауылшарминi,         аграрлық сектордағы
                      Денсаулықминi        реформалар бөлiмдерi

     1997 жылдың      Мұнайгазминi,        Кәсiпорындарды реформалау
     I жарты жылдығы  Геологияминi         бөлiмi

     1997 жылдың      Ғылымминi - Ғылым    Кәсiпорындарды реформалау,
     I тоқсаны        академиясы,          аграрлық сектордағы
                      Ауылшарминi          реформалар бөлiмдерi

     1997 жылдың      Қорғанысминi,        Қорғаныс және құқық
     I жарты жылдығы  Қорғаныс өнеркәсiбi  тәртiбi бөлiмi
                      жөнiндегi комитет,
                      Сыртқыiсминi

     1997 жылдың      Энергияминi          Кәсiпорындарды реформалау
     I тоқсаны                             бөлiмi

     1997 жылдың      Бiлiмминi,           Әлеуметтiк-мәдени даму
     I жарты жылдығы  Өнеркәсiпсаудаминi,  бөлiмi
                      Қаржыминi, Ұлттық
                      Банк

     1997 жылдың      Ғылымминi - Ғылым    Кәсiпорындарды реформалау
     II тоқсаны       академиясы           бөлiмi

     1997 жылдың      Сауда-өнеркәсiп      Сыртқы байланыстар және
     мамыры           палатасы             хаттама бөлiмi

     1997 жылдың     Мәдениетминi,         Бұл да 
     II жарты        Сыртқыiсминi
     жылдығы
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады