Семей облысындағы өнеркәсiп өндiрiсiн көтеру жөнiндегi қосымша шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 10 ақпандағы N 188

      Семей облысында кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру және сауықтыру жөнiнде жұмыс жүргiзiлуде, бұл белгiлi бiр өзгерiстерге алып барды. Сонымен қатар, облыста экономикалық жағдайды оны орнықты тұрақтандыру жағына қарай күрт өзгерiстерге қол жеткiзе алмады. Өнеркәсiп өндiрiсiнiң нақты көлемiнiң индексi 95,1 проценттi құрайды, бұл жалпы республикалық көрсеткiштен 5,2 процентке төмен.
      Облыстағы институтциональдық жаңғыртулар бiрқатар жағдайларда кәсiпорындардың тиiмдi менеджментiн қалыптастыруға олардың экономиканың жағдайларының өзгертуге алып бармады. Сөйтiп шығынды кәсiпорындардың үлесi 1996 жылы, орташа республикалық көрсеткiш 50,7 процент болғанда, 58,8 процент болды және бұл республикадағы аса жоғары көрсеткiштердiң бiрi болып табылады.
      Облыста бюджеттi қалыптастыру және орындау жөнiндегi жұмыс жеткiлiксiз ұйымдастырылған, 278 млн. теңге мақсатсыз шығындарға жұмсалған.
      Аймақтағы экономикалық реформаларды жүзеге асыру әлеуметтiк жағдайлардың шиеленiскен жағдайында жүрiп жатыр, бұл ретте жағдай бiрқатар көрсеткiштер бойынша республикадағы шиеленiскен жағдайлардың бiрi болып табылады. Әсiресе еңбек нарығындағы жағдай өте күрделi болып табылады. Экономикалық белсендi тұрғындар арасындағы жұмыссыздық деңгейi республикадағы орташа 4,1 процентпен салыстырғанда 8,3 проценттi құрайды.
      Семей облысында зейнетақымен қамтамасыз ету жүйесiнде дағдарысты ахуал қалыптасып отыр. Берешек 1997 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 2,2 млрд. теңгенi құрайды, бұл ретте облыс төлеушiлерiнiң Зейнетақы қорына берешегi (өсiмiмен) 1,5 млрд. теңге.
      Қазақстан Республикасы Президентiнiң нұсқауларын және "Қазақстан Республикасының 1996 жылғы экономикалық жағдайы және оны жақсарту шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылғы 28 қаңтардағы кеңейтiлген мәжiлiсiнiң шешiмдерiн жүзеге асыру, Семей облысында өнеркәсiп өндiрiсiн тұрақтандыру, өнiм және қызмет көрсету көлемiн көтерудi қамтамасыз ету, қосымша жұмыс орындарын құру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi және Семей облысының әкiмi:
      "Арматура зауыты" акционерлiк қоғамында қалпына келтiру рәсiмдерiн жүргiзу жөнiндегi ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын;
      Экономика министрлiгiмен, Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгiмен бiрлесе отырып бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне "Арматура зауыты" акционерлiк қоғамының өндiрiстiк қуатын күшейту, санациялау кезеңiнде өндiрiстi ынталандыру, зауытты 1997 жылдың екiншi тоқсанында iске қоса отырып, шығарылатын өнiмдердi қорғау жөнiнде ұсыныстар енгiзсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi, мемлекеттiк Медетшi банкi, Семей облысының әкiмi 1997 жылдың екiншi тоқсанында бекiтiлген санациялау жоспары бойынша "Семей машина жасау зауыты" акционерлiк қоғамын қаржыландыру мәселесiн шешсiн.
      3. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Семей облысының әкiмi Қазақстан Республикасы мемлекеттiк Медетшi банкiмен бiрлесе отырып, 1997-1998 жылдары "Павлодартрактор" акционерлiк қоғамымен және "Қостанай дизель зауыты" акционерлiк қоғамымен кооперация жасауды ескере отырып, "Семей машина жасау зауыты" акционерлiк қоғамының өндiрiстiк қуатын күшейту бағдарламасын жасасын және жүзеге асырсын.
      4. Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi Экономика министрлiгiмен, Семей облысының әкiмiмен бiрлесе отырып республикадағы желiлiк өндiрiстiң жағдайын және 1997-1998 жылдардағы даму болашағын қарасын. Республикалық рыноктың өзiн-өзi қамтамасыз етуiне әскерiн тигiзетiн реттегiштер, сондай-ақ жергiлiктi ресурстарды (мыс тақтайшасы, пластикаттар және басқалар) желiлiк өндiрiске тарту жөнiндегi шаралар iске қосылсын. "Қазақстанкабель" акционерлiк қоғамының өндiрiстiк қуатын күшейту қамтамасыз етiлсiн.
      5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Өнеркәсiп және сауда министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiгiмен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметiне мүмкiндiгiнше көздерiн тауып, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 24 маусымдағы "Жеңiл және ағаш өңдеу өнеркәсiбi кәсiпорындарын мемлекеттiк қолдау шаралары туралы" N 776 қаулысына сәйкес 1997 жылы Семей облысының кәсiпорындарын сауықтыру рәсiмдерiнiң шаралары туралы ұсыныстар енгiзсiн.
      6. Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетiнiң жанындағы Кәсiпорындарды қайта ұйымдастыру жөнiндегi агенттiк, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Семей облысының әкiмi бiр ай мерзiм iшiнде "Ақжол" акционерлiк қоғамында сауықтыру ресiмдерiн жүргiзу мүмкiндiгi туралы мәселенi қарасын.
      7. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлiгi, Экономика министрлiгi, Семей облысының әкiмi бiр ай мерзiм iшiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне жүн шикiзаттарын бастапқы өңдеусiз экспорттауды шектеу және "Сенiм" акционерлiк қоғамының өндiрiстiк қуатын күшейту жөнiндегi ұсыныстар енгiзсiн.
      8. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Экономика министрлiгiмен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк салық комитетiмен, Семей облысының әкiмiмен бiрлесе отырып бiр ай мерзiм iшiнде шикiзаттарды импорттаушы кәсiпорындар өнiмдерiнiң қосымша құнына белгiленген тәртiппен салық салудың экономикаға әсерiн зерделесiн.
      9. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Қазақстан Республикасының жекешелендiру жөнiндегi мемлекеттiк комитетi, Семей облысының әкiмi бiр ай мерзiм iшiнде Семей ЖЭО, бiртұтас кешендегi облыстың энергетика жүйесiн, Шульба ГРЭС контрреттегiшiн және шлюзiн салуды тендер шартындағы мүлiктiк жалдауға (концессия) немесе сатуды қарастырып, жекешелендiрудiң жеке жобаларын дайындасын. <*>
      ЕСКЕРТУ. 9-тармақ өзгертiлдi - ҚРҮ-нiң 1997.08.04. N 1210
               қаулысымен. P971210_
      10. Қазақстан Республикасының Энергетика және көмiр өнеркәсiбi министрлiгi, Семей облысының әкiмi Қаражыра көмiр кенi орны базасында қуаты 1300 кВт электр станциясын салу үшiн "Энел-Банк Финанс" қаржы корпорациясын тарту жөнiндегi жұмыстарды жеделдетсiн.
      11. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi Семей қаласында Ертiс өзенiне салынатын көпiр құрылысын қоса қаржыландыруға 1997 жылға арналған республикалық бюджеттен қаржы бөлу жөнiндегi Семей облысы әкiмiнiң ұсынысын ескерсiн.
      12. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi Семей облысының әкiмiмен, Қазақстан Республикасының Құрылыс, тұрғын үй және аумақтарда құрылыс салу министрлiгiмен бiрлесе отырып, Қазақстан Республикасының Үкiметiне пилоттық жобаларды жүзеге асыратын салалар құрамындағы облыстағы 1998 жылға арналған тұрғын үй құрылысын қаржыландыру және несиелеу тетiктерi туралы ұсыныс енгiзсiн.
      13. Құпия.
      14. Қазақстан Республикасының Экономика министрлiгi, Ғылым министрлiгi - Ғылым академиясы, Өнеркәсiп және сауда министрлiгi, Семей облысының әкiмi жұмыс тобын құрсын және 20 күн мерзiмде жоғарғы технология орталығы ретiнде Ұлттық ядролық орталығының жұмыс бейiнiн сақтай отырып, Курчатов қаласының өндiрiстiк күштерiн дамыту бағдарламасын жасасын.
      15. Семей облысының әкiмi 1997 жылға арналған республикалық бюджетте жоспарланған болжамдық сомалардың орындалуына ерекше назар аударып, бюджетке салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң түсуiне бақылау жасауды күшейтсiн.
      16. Семей облысының әкiмi, Қазақстан Республикасының Өнеркәсiп және сауда министрлiгi 1997 жылы қабылданған шаралар есебiнен өнеркәсiп өнiмдерiн шығару және қызмет көрсету көлемiн 4,3 млрд. теңгеге өсiрудi, өнiмнiң нақты көлемiнiң индексiн 3,3 процентке көтерудi және қосымша 2500 жұмыс орнын құруды қамтамасыз етсiн.
      17. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.Т.Дүйсеновке жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады