Жамбыл облысындағы химия саласының кәсiпорындарын табиғи газбен қамтамасыз ету жөнiндегi шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 14 ақпандағы N 220

      Жамбыл облысындағы химия саласының кәсiпорындарын тiкелей шаруашылық шарты бойынша келiп түсетiн табиғи газбен үздiксiз қамтамасыз ету мақсатында, Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк мүлiктi басқару жөнiндегi мемлекеттiк комитетi:
      N 3 газ бөлу станциясынан бастап Жамбыл ГРЭС-нiң газ бөлу пунктiне дейiнгi және N 2 газ бөлу станциясынан бастап "Нодфос" акционерлiк қоғамының газ бөлу пунктiне дейiнгi газ құбырының учаскелерiн, қолданып жүрген заңдармен белгiленген тәртiппен, "Жамбылгаз" акционерлiк қоғамының жарғылық қорынан бөлiп шығару жөнiндегi мәселенi шешсiн;
      жоғарыда аталған учаскелер "Жамбылгаз" акционерлiк қоғамының жарғылық қорынан бөлiнгеннен кейiн, оларға шаруашылық жүргiзу құқығын газбен қамтамасыз ету көзделген сызбаға сәйкес, олардың тұрғындарды газбен қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттемелердi орындау шартымен "Нодфос" акционерлiк қоғамына өткiзсiн.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң орынбасары Д.Т.Дүйсеновке жүктелсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады