Қарашығанақ мұнайгазконденсат кен орнын игеру мәселелерi

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жылғы 17 ақпандағы N 228

      Қарашығанақ мұнайгазконденсат кен орнын игеру жобасын жүзеге асыру мақсатында және "Қарашығанақ мұнайгазконденсат кен орнында кен өндiрудi бөлiсу принциптерi туралы "Бритиш Газ Эксплорейшн энд Продакшн Лимитед", "Аджип С.п.А" компаниялары, "Газпром" ресей акционерлiк қоғамы, "Қазақгаз" мемлекеттiк холдинг компаниясы арасындағы 1996 жылғы 2 наурыздағы келiсiмнiң (бұдан әрi - СПРД) шарттарына және iлеспе келiсiмдерге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. СПРД келiсiмi және Қазақстан Республикасы мен Мердiгер арасындағы басқа iлеспе келiсiмдер бойынша "Бритиш Газ Эксплорейшн энд Продакшн Лимитед", "Аджип С.п.А." компанияларының бiрлескен және бөлек құқықтарының, артықшылықтарының, жауапкершiлiктерiнiң және мiндеттемелерiнiң 20 процентiне тең қатысу үлесiн "Тексако Интернешнл Петролеум" компаниясына беруге келiсiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Геология және жер қойнауын қорғау министрлiгi жоғарыда аталған қатысу үлесiн "Тексако Интернешнл Петролеум" компаниясына беруден туындаған лицензиялық шарттарға өзгерiс дайындасын.
      3. Қатысу үлесiн "Тексако Интернешнл Петролеум" компаниясына беру аяқталғаннан кейін, СПРД келiсiмiнде белгiленген салық режимiн қолдану белгiленсiн.
      4. Қазақстан Республикасының Мұнай және газ өнеркәсiбi министрлiгi бақылауды, сондай-ақ қабылданған келiсiмдi орындауға байланысты барлық рәсiмдердiң орындалуын қамтамасыз етсiн.
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрi


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады