Ақтөбе облысындағы Каспий маңы ойпатының шығыс аумағын барлауға арналған конкурстың нәтижелерi туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жыл 14 наурыздағы N 323

      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң 1996 жылғы 18 маусымдағы N 7980 тапсырмасын орындау үшiн Ақтөбе облысындағы Каспий маңы ойпатының Шығыс бөлiгiнiң екi аумағы бойынша жабық конкурс жүргiзу үшiн құрылған конкурстық комиссия жұмысының нәтижелерi бойынша Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Конкурстық комиссияның Түрiк Ұлттық Мұнай компаниясын (ТПАҚ)

Каспий маңы ойпаты Шығыс бөлiгiнiң Орталық аумағына Конкурстың
жеңiмпазы деп тану туралы шешiмi бекiтiлсiн.
     2. Уәкiлеттi орган 1997 жылдың 20 сәуiрiне дейiн ТПАҚ компаниясы
үшiн Каспий маңы ойпаты Шығыс бөлiгiнiң Орталық аумағын барлауға
Лицензия әзiрлесiн.
     3. Каспий маңы ойпаты Шығыс бөлiгiнiң Солтүстiк аумағына
тапсырыс түспегендiктен, бұл аумақ бойынша тендер өткiзiлмедi деп
есептелсiн.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады