Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлерiнiң Жоғары әскери училищесiн құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулысы 1997 жыл 18 наурыздағы N 349

      Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлерiне жоғары бiлiктi офицер кадрларын даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      1. Петропавл ауыл шаруашылығын механизациялау техникумының базасында жыл сайын 220 адам қабылдап жоғары әскери-арнаулы және орта әскери-арнаулы бiлiмдi офицер кадрларын даярлау үшiн 1997 жылға арналған Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң Iшкi әскерлерiнiң жалпы адам саны мен қаражаты есебiнен Петропавл қаласында Қазақстан Iшкi iстер министрлiгi Iшкi әскерлерiнiң Жоғары әскери училищесi құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi:
      училищенi құру жөнiндегi ұйымдастыру мәселелерiн шешу үшiн 1997 жылға Iшкi әскерлерге бекiтiлген смета есебiне үстiмiздегi жылдың бiрiншi жарты жылдығына 75 (жетпiс бес) млн, теңге сомада қаржыландыру жасасын;

     1998 жылдан бастап аталған жоғары оқу орнын ұстауға және
материалдық-техникалық базасын нығайтуға белгiленген нормалар бойынша
республикалық бюджетте қажеттi қаржы көздесiн.
     3. Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi әскери қызметшiлер мен
профессор-оқытушылар құрамын тұрғын үймен қамтамасыз ету жөнiнде
шаралар қабылдасын.

     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады