Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 1533 және 1997 жылғы 7 қаңтардағы N 14 қаулыларына өзгерiстер енгiзу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қаулысы 1997 жылғы 3 сәуiрдегi N 466

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етедi:
      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      1. "1997 жылға арналған реформаларды тереңдету жөнiндегi Қазақстан Республикасының Үкiметi шараларының кең ауқымды Жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы 13 желтоқсандағы N 1533 қаулысына қосымшаға:
      "Реформаларды заңдық қамтамасыз ету" деген VII бөлiмдегi реттiк нөмiрi 112-жолдардағы:
      "Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы" деген жолдың 4-бағанындағы "1997 жылғы ақпан" деген сөздер "1997 жылғы маусым" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң iшкi әскерлерi туралы"

деген жолдың 4-бағанындағы "1997 жылғы ақпан" деген сөздер
"1997 жылғы тамыз"  деген сөздермен ауыстырылсын.
     2. "Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылға арналған Заң
жобасы жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң 1997 жылғы 7 қаңтардағы N 14 қаулысымен бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1997 жылға арналған заң жобалары
жұмыстарының жоспарындағы:
     реттiк нөмiрi 11, 24, 25-жолдар алынып тасталсын;
     реттiк нөмiрлерi 45а, 50а және 54а мынадай мазмұндағы жолдармен
толықтырылсын:
     "45а Кеден органдары    Мемкеденком,   сәуiр   мамыр   маусым
          туралы             Әдiлетминi
                             Үкiмет
                             шешiмдерiн
                             әзiрлеудi
                             үйлестiру
                             бөлiмi

     50а "Қазақстан          Iшкiiсминi,   мамыр    маусым  тамыз
         Республикасының     Бас
         iшкi iстер          прокуратура
         органдары туралы"   (келiсiм
         Қазақстан           бойынша),
         Республикасы        Әдiлетминi
         Президентiнiң       Үкiмет
         Заң күшi бар        шешiмдерiн
         Жарлығына           әзiрлеудi
         өзгерiстер мен      үйлестiру
         толықтырулар        бөлiмi
         енгiзу туралы

     54а "Қазақстан          Iшкiiсминi,   шiлде   тамыз    қыркүйек
         Республикасының     Әдiлетминi
         Iшкiiсминi iшкi     Үкiмет
         әскерлерi туралы"   шешiмдерiн
         Қазақстан           әзiрлеудi
         Республикасы        үйлестiру
         Президентiнiң       бөлiмi
         Заң күшi бар
         Жарлығына
         өзгерiстер мен
         толықтырулар
         енгiзу туралы

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрi
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады